Соғыстан кейінгі неміс баспасөзі
Германияда соғыстан кейінгі алғашқы кезең гитлеризмнің құлауынан кейін мемлекеттің бөлінуімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, аумақтарды кімнің басып алуына қарай БАҚ-тың жаңа жүйесі қалыптасты. Батыс аумақтарда радио мен баспасөз бастыстық үлгіде қальштасты. Баспасөз жекеменшік экономикалық негізде, радио мен телеарналар - көрермеңдік құқықтық негізде қалыптасып дамыды. Кеңестік аумақтарда, кейін ГДР жерінде пайда болған БАҚ биліктегі партия мен сол кездегі басқару саясатына бағынды, жекеменшік БАҚ болған жоқ Германияның Батысында өзгерістің екі кезеңі болды. Басында бұл жерлерде басып алған орган берген лицензиямен 160 газет шығып отырған, лицензиялау тек 1949 жылы ғана алынып тасталды. Бұл кездері батыс аумақтарыңда 137 лицензиялық газет болған. Кейін саудаға бұрынғы газеттер қайта оралды. 1945 жылдары жаңа және ескі газеттер қатар шыға бастады. Тоғыз айдан кейін ФРГ-де 570 баспасөз органы жұмыс атқарды. Кеңестік аудандарда газет басу ісі партия қолына беріліп, Германияның билік басыңдағы социалистік партия өз қолыңда 90 басылымды ұстап отырды. 1949 жылы Германия құрылымның негізгі заңы БАҚ саласына көп көңіл бөліне бастады. БАҚ-тың қызметі жекеменшік жергілікті оргаңдар шығарған заң арқылы жүзеге асты. Бұл ұстаным Германияда әлі де қатаң қадағаланып, құқықка қол сұғу БАҚ туралы заң қабылданса да кез келген уақытта болып отырды. 1933 жылы сияқты бұл кезде көп газеттер саяси партияларға бағыңды. Алайда кейін жағдай өзгеріп, саяси газеттердің орнына ақпараттық басылымдар шығады.
Неміс ғалымдары механикалық телевидение саласыңдағы тәжірибе жүмыстарын 1926 жылы дауыссыз 30 жолды бейнені айналдырудан бастаған болатын. Германияда тұратын венгр ғалымы Денеш фон Михайи жасаған жүйе 1928 жылы дәстүрлі Берлин радиокөрмесіне қойылды. Сол жылы Михайи «Телехор АГ» компаниясының негізін салды. Тағы да осы салада, ізденген ғалымдардың бірі Август Каролус болды. Каролустың моделі Нипковтың дискісіне негізделген, 1929 жылдың наурыңда 8x10 см экранда 1 сағат 20 минут бойы хабар берді. Телевидениенің қальштасуына тартылған үшінші компания «Фернзе АГ» деп аталды. Оның негізін ағылшын Бэрдпен біріге отырып, Леве, Пейс, Бош салды. Күштердің тұрақтануы үшін 1929 жылы телевизия қауымдастығы «Фернзе-Ферайн» құрылып, 1930 жылдан бастап «Фернзеен» журналы басылып шыға бастады.
1931 жылғы әйгілі радиокөрмеде Манфред фон Арденненің ойлап тапқан құрылғысы электронды жүйемен 100 жолдық стандартты құрылғыны көпке паш етті. Фон Арденне мен 3. Леве Берлиндегі тәжірибелік станцияны жөңдеуден өткізді. Сол кезде Германияда электроңды кинескопы бар алғашқы тетедидарлар пайда болды. Нацистік басшылық бұкаралық ақпарат құралдарының қаншалықты күші барын біле отырып, оны әрқашан қолдады. 1935 жылы наурызда Берлин телеорталығының бағдарламалары тұракты болады деп хабарланды. Бағдарламалар аптасына үш күн берілді. Олар спектакльдер, концерттер, түрлі қойылымдар болатын. Кейіннен жастарға арналған түрлі үгіт-насихат сарынындағы бағдарламалар шығарыла бастады. «Қарлығаштың ұясында» атты 30 минуттық опера арнайы телеарнаға жазылып, көрсетілді. Телеқабылдағыштардың жетіспеушілігін топ болып көрумен толтырды. 1935 жылдың 9 сәуіріңде Берлиннің почта музейіңде 30 адамға арналған, екі теледидары бар бірінші телесалон ашылса, сол жылдың күзіңде 300 адамға арналған проектор орнатылған телетеатр ашылды.
1920-1930 жылдардағы радиохабар тарату өз ішінен ақпарат таратып жатқан елдердің экспансиялық сыртқы саяси мақсатымен тікелей байланысты болды. Бастапқыда, 1929 жылдары шетелдік аудиторияға Германия таратқан бағдарламалар, көбіне сол елдерде тұрып жатқан немістерге арналып, неміс тіліңде берілсе, нацистік мемлекет болған соң, 1933 жылдан бастап ағылшын және неміс тілінде, бір жылдан кейін испан және голанд тілдеріңде тарала бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталар алдында Германияның радиохабар тарату жүйесі жеті тілде әлемнің көптеген елдеріңде, соньщ ішінде Оңтүстік Азия, Орталық және Солтүстік Амфика, Африка және өзге де араб елдеріне тарады. Олардың жалпы орта күндік ұзақтығы 75 сағатты құрады.
Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл
"Шетел Журналистикасы"