Үлкен футбол жаңа маусымын бастады
Көптен күткен чемпиондар лигасының алғашқы топтық кездесулері ойналды. Орталық матчта Ливеркузендік “Байерді” қабылдаған “Манчестер Юнайтед” өз жанкүйерлеріне керемет сый жасады.
Үлкен футболды сағынған “Олд Траффорд” стадионы чемпиондар лигасының жаңа маусымын қарсы алды. “Байерді” қабылдаған манчестерліктер кездесуді ширақ бастады. 22-ші минутта Патрис Эвраның пасын қақпада тулатқан -Уэйн Руни. Үзілістен кейін қонақтар қақпа алдындағы қарбаласта Симон Рольфестен көз жазып қалды. “Байер” шабуылшысының айып алаң сыртынан шиіре тепкен добы қақпадан табылды. Бірақ таблодағы тең есеп көп тұрмады. Арада бес минут өткенде голландиялық шебер Робин Ван Перси 59-шы минутта алаң иелерін алға шығарды. Ал Екінші таймның ортасында қақпашымен бірге-бір шыққан Руни ливеркузендік голкиперді тағы бір мәрте шаң қаптырды. Қалған уақытта Антонио Валенсия есепті 4:1 ге жеткізді. Кездесу соңына қарай босаңсыған “Манчестер Юнайтед” қорғаушылары Эмер Топракқа тосқауыл бола алмады. Қортынды есеп 4:2.
Baq. kz