Ұлыбританияның трансшекаралық радиохабар таратуы
1990 жылдары әлемдік «Би-Би-Си» қызметі аптасына жалпы 820 сағат, 140 миллион тыңдарманымен әлемдегі бірінші және ең ірі мекеме болды. Оның негізгі міңдеттері жаңалықтар тарату, Ұлыбританияның өмірі мен мәдениеті, өнері, индустрия мен ғылымдағы жаңалыктарын жеткізу болды. XXI ғасырдың басындағы әлемде орнаған жаңа коммуникациялық қыметтер британдық корпорацияның алдында үлкен қиындық туғызды. «Би-Би-Сидің» дәстүрлі азиялықтар аудиториясы 2001 жылы күрт төмендеп кетті. Тыңдармандар қатары көбінен Индия мен Ивдонезиядан азайды. Керісінше «Би-Би-Сидің» АҚШ пен Австралиядағы тыңдармаңдар қатары арта түсіп. Соңғы жылдар «Би-Би-Си» қысқа толқында ақпарат таратуды азайтып, тыңдармаңдарына ақпараттарды интернеттен алуға кеңес береді.
1973-1980 жылдары Батыс радиобағдарламаларының ішінде КСРО жеріңде тұншықтырылғаны <<Еркіңдік>> («Свобода»), «Еркін Еуропа» («Свободная Еуропа») радиосы ғана болды. 1980 жылы қайтадан ушыққан әлемдік қатынастарға байланысты КСРО Ауғанстанға әскерін кіргізіп, қайтадан <<НемісТолқыны>> (<<НемецкаяВолна>>),<<Би-Би-Си» мен «Америка даусы» («Голоса Америки») атты радиостанцияларды даусын тұншықтыра бастады. Сол уақытта КСРО-ның өзге елге тарайтын бағдарламалары 82 тілде аптасына 2 200 сағат ұзақтықты қамтып, Батыс елдерінің тарапынан тұншықтырылды. КСРО-ның радиобағдарламаларын тұншықтырған жалғыз ел Қытай Халық Республикасы болды. Соғыстан кейінгі уақьпта шетелдік арналарды тұншықтыру қымбат тұратын шараның қажетісіздігін, ақпараттың изоляцияның мүмкін еместігін дәлелдеді. 1950 жылдардағы бритаңдық колониялдық жүйені жақтаушылардың Кипрдің азаттығын жақтаушыларды ұйымдастырған хабарын тұншықтырғанымен ешқандай нәтиже бермеуі, көтерілістің болуы дәлел.
Қоғамдық мәртебедегі ақпарат тарату қызметтері - мұндай мекеменің үлгісі ретіңде «Би-Би-Си» бүкіл әлемдік қызметін, орыс тілін қосқанда 22 тілде хабар тарататын «Жапон радиосын» («Радио Япония») алуға болады. Олар басқару және қаржылаңдыру көзіне қарай, мемлекет қол астындағы хабар тарату арналарына ұқсас. <<Би-би-Сидін>> хабар тарату қызметі Форин Оффиспен тығыз байланыста және британ мемлекетінің сыртқы саяси бағдарына бас иеді.
«Суррогатты» (орын басушы) хабар таратушы радиостанциялар - олардың қаржы көзі мемлекет болғанымен, олар ресми емес, яғни мемлекеттік емес бағытта қызмет атқарады. Жергілікті аудиторияның назарын мемлекеттік арналарға аудару қажет сәтте «орын басушы ақпаратты» тарату функцияларын атқарады. Халықаралық хабар тарату жөніндегі кеңестің құжаттарында <<Еркіндік>> («Свобода»), «Еркін Еуропа» («Свободная Еуропа») мемлекеттік хабар тарату арналарына қарағанда Шығыс Еуропадағы ұлттық ақпараттар тарату қызметінің орнын басушы қызметін атқарғаны туралы айтылады.
Діни - клерикалды шеңбер бойынша түзілген Ватикан және өзге де елдердің радиолары жатады.
Коммерциялық ақпараттық-музыкалық радиолар - өз қызметтерін «танымал әуендер + жаңалықтар + жарнама» деген формуламен құратын және жарнамадан түскен ақшамен қаржыланатын радиостанциялар. Әрбір елдің мәдениеті мен өмір таньпушылык ерекшеліктеріне орай мұндай радиостанциялар әрбір аймаққа, мемлекетке тең дәрежеде берілді. Сондықтан, әлі бірде-бір ақпараттың-музыкалық радистанция әлемдік деңгейге жеткен жок, Халықаралық коммерциялық ақпараттық-музыкалық хабар тарату мекемелері өздері көздеген аумақтық әуенімен жүреді. Білгілі бір территорияға ғана бағытталады. Осылай, 1930 жылдары пайда болған «Радио Люксембурп> Батыс және орталық Еуропаны өз талғамымен жаулап алды.
Интернет арқылы халықаралық хабар тарату. Интернетке тән оның шекара елемейтін қабілеті оның әлемдік аренаға шығуына жағдай жасады. 2002 жылы 50 халыкаралық радаостанцияның 45-і өз сайттары мен WEP-беттерін ашқан. Көп мекемелер өз сайттары мен беттерінде радионың мақсат-міндетін, тарихын, күнделікті өзгертулер мен анонстар, бағдарламалардың авторлары мен жүргізушілері туралы ақпараттар береді.
Сонымен катар, сайттарда түрлі бағыттағы материалдар, шет тілін үйретуге арналған түрлі сабақтар, электронды мұрағаттар қойылды.
«Халыкаралық радиостанциялардың сайттары көбіне «Интернет - хабар таратуда» қолданылып оны желі арқылы қабылдағышсыз тындауға мүмкіндік береді. Көп тілдерде интфнет-бағдарламаларды <<Еркіңцік>> («Свобода»), «Еркін Еуропа» («Свободная Еуропа»), «Би-Би-си» және өзге де арналар береді. Жаңа ақпараттық ресурстарды толығымен сіңіріп жатқан радиостанциялар жоғарыда атап кеткен қызметтермен қатар, тыңдарманымен интерактивті қатынас (дауыс беру, сұраулар, форумцар, чаттар) арқылы өз сайттарын одан сайын қызықты ете түседі.
Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл
"Шетел Журналистикасы"