Жаңалықтар

Халықаралық радиохабар тарату

Батыс Еуропа мемлекеттерінің ішінде отарлаушы елдер радиохабар таратуда алға шықты. Себебі, отар елдерді, колониялармен метрополияларды, сол елдерде тұрып жатқан қандастарын ақпаратпен қамтамасыз етуде рациохабар таратудың маңызы зор болды. Рациохабар тарату Еуропалық бержавалардың отар елдердегі саясатын жүргізетін негізі арна ретінде танылды. Британдық хабар тарату 1920 жылдардың соңыңына Африка мен Азия елдеріндегі ағылшындықтар құрған рациостанциялар «Би-Би-Си» ақпараттарын таратты. 1927 жылы Найробандағы (Кения) қысқа толқынды радиостанция Африкадағы ағылшын тұрғындарына арнап «Би-Би-Си» ретрансляциясын жүргізді. 1932 жылы көп жылғы техникалык дайындыктан кейін, Лоңдоннан шыққан рациохабарлармен бүкіл Британ империясын қамтуға қол жеткізшіп, ағылшын колониялары мен доминиондарыңда ағылшын тілінде ақпарат таратуды ұйымдастырды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін империя қызметіндегі «Би-Би-Си» хабарлары колонияларға емес, теңіздің ар жағындағы елдерге де тарады. Соғыстың алдындағы он жылдықта, кейіннен АҚШ пен Еуропада белең алған «Би-Би-Сидін>> спорт және мәдени-ағарту бағдарламалары тарады. Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы радиохабарларды тарату мекемелері бағдарламаларды өзара айырбастауды бастады. 1935 жылы алғаш рет «Би-Би-Си» АҚШ радиостанцияларының желісінде трансляция ұйымдастырып, оны ішкі хабар тарату желілерін қосты. Корпорациянын бағдарламалары АҚШ желілерінен жеткізіліп жатты. Алайда, соғыстың алдындағы жылдарда хабар таратудың маңызды аймақтары ретінде Британдық колониалды жерлер мен олармен ұштасып жаткан аудиториялар болды. 1938 жылы «Би-Би-Си» араб тілінде хабар таратуды бастады. «Би-Би-Сидің» бағдарламаларының Африканың батысында тарауы 1935 жыл жеке компанияға жүктеліп, ал ол өз кезегінде оны Нигерияның бүкіл аймақтарына таратты. 1934-1935 жылдары осындай жолмен «Би-Би-Сидің» Сьфра-Леоне және Ганадағы бағдарламаларының ретрансляциясы жүзеге асты. Ұлыбританияның және өзге де отарлаушы державалардың теңіздің ар жағыңдағы иеліктеріне хабар таратуға үлкен назар аударылды. Радиохабарлар жаңалықтардан. репортаждардан, саяси насихаттық материалдардан, мәдениет тақырыбына арналған бағдарламалардан және эфир уақытының үштен екісі көңіл көтеретін бағдарламалардан тұрды. Мұның бәрі шетелдік аудиторияны еуропалық жиіліктерін үзбей тыңдау мақсатына бағытталды. 1933 жылы фашистік Италия Латын Амфикасына арналған итльян тіліндегі бағдарламаларды таратты. 1935 жылы осындай қызметкермен араб тілінде хабар тарату қосылды, оның мақсаты Ұлыбританиянын араб елдеріндегі ықпалын әлсіретіп, Италияның Таяу Шығыс пен Африкадағы елдерден отар жасауы үшін жағдайды ынғайлау болатын. Екінші  дүнижүзілік соғыстың алдында итальян хабар тарату арналары ондаған тілде, ағылшын, франпуз, араб, түрік тілдерінде хабар таратты. Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл "Шетел Журналистикасы"
18.09.2013 12:05 5928

Батыс Еуропа мемлекеттерінің ішінде отарлаушы елдер радиохабар таратуда алға шықты. Себебі, отар елдерді, колониялармен метрополияларды, сол елдерде тұрып жатқан қандастарын ақпаратпен қамтамасыз етуде рациохабар таратудың маңызы зор болды. Рациохабар тарату Еуропалық бержавалардың отар елдердегі саясатын жүргізетін негізі арна ретінде танылды.

Британдық хабар тарату 1920 жылдардың соңыңына Африка мен Азия елдеріндегі ағылшындықтар құрған рациостанциялар «Би-Би-Си» ақпараттарын таратты. 1927 жылы Найробандағы (Кения) қысқа толқынды радиостанция Африкадағы ағылшын тұрғындарына арнап «Би-Би-Си» ретрансляциясын жүргізді. 1932 жылы көп жылғы техникалык дайындыктан кейін, Лоңдоннан шыққан рациохабарлармен бүкіл Британ империясын қамтуға қол жеткізшіп, ағылшын колониялары мен доминиондарыңда ағылшын тілінде ақпарат таратуды ұйымдастырды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін империя қызметіндегі «Би-Би-Си» хабарлары колонияларға емес, теңіздің ар жағындағы елдерге де тарады.

Соғыстың алдындағы он жылдықта, кейіннен АҚШ пен Еуропада белең алған «Би-Би-Сидін>> спорт және мәдени-ағарту бағдарламалары тарады. Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы радиохабарларды тарату мекемелері бағдарламаларды өзара айырбастауды бастады. 1935 жылы алғаш рет «Би-Би-Си» АҚШ радиостанцияларының желісінде трансляция ұйымдастырып, оны ішкі хабар тарату желілерін қосты. Корпорациянын бағдарламалары АҚШ желілерінен жеткізіліп жатты. Алайда, соғыстың алдындағы жылдарда хабар таратудың маңызды аймақтары ретінде Британдық колониалды жерлер мен олармен ұштасып жаткан аудиториялар болды. 1938 жылы «Би-Би-Си» араб тілінде хабар таратуды бастады. «Би-Би-Сидің» бағдарламаларының Африканың батысында тарауы 1935 жыл жеке компанияға жүктеліп, ал ол өз кезегінде оны Нигерияның бүкіл аймақтарына таратты. 1934-1935 жылдары осындай жолмен «Би-Би-Сидің» Сьфра-Леоне және Ганадағы бағдарламаларының ретрансляциясы жүзеге асты.

Ұлыбританияның және өзге де отарлаушы державалардың теңіздің ар жағыңдағы иеліктеріне хабар таратуға үлкен назар аударылды. Радиохабарлар жаңалықтардан. репортаждардан, саяси насихаттық материалдардан, мәдениет тақырыбына арналған бағдарламалардан және эфир уақытының үштен екісі көңіл көтеретін бағдарламалардан тұрды. Мұның бәрі шетелдік аудиторияны еуропалық жиіліктерін үзбей тыңдау мақсатына бағытталды.

1933 жылы фашистік Италия Латын Амфикасына арналған итльян тіліндегі бағдарламаларды таратты. 1935 жылы осындай қызметкермен араб тілінде хабар тарату қосылды, оның мақсаты Ұлыбританиянын араб елдеріндегі ықпалын әлсіретіп, Италияның Таяу Шығыс пен Африкадағы елдерден отар жасауы үшін жағдайды ынғайлау болатын. Екінші  дүнижүзілік соғыстың алдында итальян хабар тарату арналары ондаған тілде, ағылшын, франпуз, араб, түрік тілдерінде хабар таратты.

Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл

"Шетел Журналистикасы"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға