Ұлыбританияда 2 мыңнан астам студент «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алды – М
«Қазақстан білім саласында да Ұлыбританиямен тығыз байланыс орнатқан. Оған елімізде жүзеге асырылып жатқан көптеген ірі жобалар дәлел бола алады. Өткен жылдан бері Назарбаев зияткерлік мектептері жанынан ашылған Педагогикалық шеберлік орталықтарының Кембридж универсиетімен ынтымақтастығы сәтті жалғасып келеді. Сол уақыттан бері жалпы саны 12 мыңнан астам мұғалім оқудан өтті», - деді М.Әбенов.
Вице-министрдің берген ақпараты бойынша, еліміздегі «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда екі мыңнан астам степендиат білім алған.
«Степендиаттарды шетелде оқытатын «Болашақ» бағдарламасы бойынша Британия үлкен бамымдыққа ие. Аталған бағдарлама жүзеге асырылған уақыттан бері Ұлыбританияда екі мыңнан астам степендиат білім алған. Қазіргі таңда Англияда оқып жатқан қазақстандық студенттер саны 1 186-ны құрап отыр. Кембридж университетінде білім алған степендиаттардың жалпы саны 70 болса, бүгінде 23 студент оқып жатыр. Мұндай жемісті ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғаса береді деген үміттеміз», - деп қорытты М.Әбенов.