Қазіргі ағылшын газет-журналдары
1990 жылдарға аяқ басқанда Ұлыбританияның Ұлттық газеттерінің құрамында 10 күнделікті және 10 жексенбілік басылым болған. Қазіргі уақытта үш күнделікті "Дейли Герольд", "Ньюс Кроникл", "Морнинг Стар" газеттерінің орнын "Сан", "Индепеңдент", "Тудей" газеттерін басты. Жексенбілік газеттер тобында "Рейноддс ньюс", «Санди диспетч» басылымдарымен қатар «Санди телеграф», «Индепеңдент он санди» газеттері пайда болды. 2000 жылы дүңгіршіктерде «Юропиан Пресс» қожайыны болып табылатын таблоидтық жексенблік «Санди бизнес» басылымы пайда болды. Сонымен ұлттық газеттер саны өзгеріссіз калды. Өйткені, бұдан біраз жыл бұрын да газеттер саны осындай мөлшерде болатын. Егер статистикаға келетін болсақ, онда тек өзгеріс таралымда ғана екенін көрсетеді. Бұл жағдай баспагерлердің үнемі қобалжып жүруіне әкеп соқтырады. Көп басылымдардың оқырмаңдар саны қысқарып, бұл құбылыс газеттердің бас такырыыптарынан-ақ көрінеді. 1999 жылдың қорьгтыңдысы бойынша тек күнделікті екі "Таймс" және «Файнэншл таймс» газеттерінің таралымы 1990 жылмен салыстырғанда өсті. Ал жексенбіліктердің арасынан «Саңди таймс», «Мейли он санди» басылымдарының таралымы ұлғаяды.
«Үлкен баспасөздің» (Болыпой прессы) таралымының азаюы ұзаққа созылған құбылыс, бұл 1950 жылдарда басталған. XX ғасырдың соңғы он жылдығының басында күнделікті басылымдардың таралымы 15,1 млн. қысқарды, ал жексенбілік басылымдар 16,6 миллион данаға қысқарады. Ал 1999 жылы күнделікті басылымның таралымы 13,3 миллион, ал жексенбілік басылысмдардікі 13,7 миллион қысқарады.
Әйгілі газеттерге деген сұраныстың төмендеуін телевидениенің әсерінен деп, сол сияқты нарықта пайда бола бастаған әйелдер аудиториясының қызығушылығын қанағаттандыруға арналған, адамдардың әртүрлі хоббиіне бағытталған иллюстрациялық күнделікті және айлық журналдардың санының өсуімен түсіңдіруге болады. Бұл жолда апталық басылымдарды тегін тарату сияқты газет бизнесін айтпағанда, 89 күнделікгі, 500 ағылшын аймақтық газеттер де үлен рөл атқарды.
Ұлыбританияда ұлттық газеттер арасындағы бәсекелестік жоғары. «Индепендент» және «Индепендент он санди» басылымдары басты алдына қойған «Таймс» газетінен неғұрлым көп оқырмандарды тартьш алу мақсаттарын іске асыра алмады. «Таймс» газеті үзақ уақьгг бойы өзінің таралымын 250 000 дана деңгейінде ұстап тұрды. Бұл жағдайда халықаралық медиагмант Руперт Мэрдок «баға күресін» кеңетті. «Таймс» басылымының сатылу бағасы тең жартысына дейін түсірілді. «Таймстың» таралымы жоғары көтерілуде баяулаған жоқ. 700 мың данаға дейін, тіпті одан да жоғары көтерілді. Ал «Индепеңдент» газеті өзінің алғашқыда жинаған 400 000 оқырманынын жартысын жоғалтып алды. Басқа амал қалмағандықтан бұл газет бай адамдардан өз жақтаушыларын іздей бастады. Ақыр соңыңда олар өздеріне қожайынды Ирландиядан тапты. Сонымен қатар, Руперт Мэрдок күнделікті таблоидтық «Сан» газетін жақсы айналымға түсіру үшін ақшасын аяған жоқ. Ол газет редакторына көзге бірден көрінетін сенсациялық жаңалықгар мен жартылай жалаңаш қыздардың суреттерін шьғаруға толық ерік берген. Бәсекелестік әсіресе таблоидтық басылымдар арасында «Миррор» мен «Сан», «Дейли мейл» басылымдарының арасындағы бәсекелестік өте қатты қарқыңда болды.
Ұлыбританияда Лорд Холликтің басқаруымен «Экспресс» және «Санди экспресс» басылымдары жарық көріп тұрды. Бірақ, ұзақ жылдар бойы консерваторларға қызмет етіп келген бұл газеттер өздеріне ешқандайда жаңа оқырмандар жинай алмады, сондықтан таралымы да төмен болып қала берді.
Күнделікті «Таймс» газетіне келетін болсақ оның редакторы П. Стотхард газетті «таблоидтық» пішінмен шығаруға мүлдем қарсы болды. Ол өзінің бар назарын 60 беттік газетіне аударады. Олар әртүрлі айдарларға бөлінген. Көп бөлігінде ақпараттық мәтіндер жарияланады. Ал саясат, кұқық, сот қызметі және парламент, мәдениет және өнер туралы материалдар үш есе көп. Газеттің үнемі сақталып келе жатқан және мақтанышы болып отырған - ортанғы екі бетінде шығып отыратын редакциялық мақалалар. Сол сиякты әр нөмірде 15-17 оқырман хаттары шығып тұрады. Басқа да сапалы газеттердегі сиякты ерекше көңіл сенбілік басылымдарға бөлінеді. Бұл күні «Таймс» жеті секция басады, мәтіннің көлемі - 282 бетті кұрайды. Почташыларға мұндай басылымдарды үйлерге тасу өте ауыр тиеді. Сондықган да олар «бұрыштарда» және арнайы дүкендерде сатылады. Бұл жағдайда баспагерлер оқырмандардың назарын аударуға өте қарқынды түрде ұмтылады. Олар газеттерге ашық түсті иллюстрацияларды көбірек беруге тырысады. Ұлыбританияның баспасөзі бұл жағынан өте жақсы дамыған.
Европада XX ғасырдың басында жаппай радиохабарлардың дамуы мен қалыптасуы басталады. Радиосигналдардың табысты тәжірибелері Ұлыбританияда жұмыс істейтін станцияларынның артуыша себеп болды. 1922 жылы Британдық хабар корпорациясының («Би-Би-Си») негізін салушы Марконидің қатысуымен Бритаңдық хабар компаниясы құрылды. 1922 жылдың желтоқсан айынан бастап күнделікті хабарлар, алғашында Лондоңда, кейін Бирмингем және Манчестер қалаларыңда беріле бастайды.
1920 жылдың басында Батыс Европада радио дами бастады. 1926 жьлы Германияда радио дамуы бәсендеп, онда тек хабар таратушылар ғана емес, сондай-ақ радиоқұрылғы иеленушілер радиотехникадан міндепі түрде сынақ тапсырды және радиожабдықтарын сатып аларда салық төлеуі тиіс болды. Бұл шектеулер алынып тасталған соң ғана радио қарқынды дами бастады. 1929 жылы онда 2 500 000 радиоқабылдағыштар тіркелді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әсіресе, Шығыс Европалықтар радиоға үлен қызығушьшық танытты. Чехословакияда 1923 жылдьң мамыр айынан бастап қалыпты радиохабар берілсе, бұл үдеріс кейбір артта қалған елдерде онжылдықтың соңына қарай жүзеге асты.
Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл
"Шетел Журналистикасы"