Жаңалықтар

Күмбезді архитектура үлгісі Сақ тайпасына тиесілі

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтың орта кезеңінде Сақ тайпаларының мекені болған Шірік-Рабат қаласы бар. Жаңадария арнасының сол жағалауындағы тарихи ескерткіштерді 1946 жылдан бастап Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы зерттеген. Алайда 90 жылдардағы тоқырауда бұл жұмыс тұралап, аяқсыз қалған. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында зерттеу жұмыстары қайта басталды. Құм суырған жапан түзде тарихи жәдігер жинаған археологтердің еңбегі өлшеусіз. Сан ғасырлар бедеріндегі тіршіліктің тінін ақтарып, қазақ даласындағы қилы оқиғалар хронологиясын жасауды көздеген ғалымдар 8-маусым қатарынан Шірік-Рабат қалашығының орнын қазуда. Көне шаһарды мекендеушілердің тұрмысы мен ғұрпын танытатын жәдігерлер жеткілікті. Қаланың қамалы, бекініс үйлері, әскербасылар мен абыз-ақсүйектер жерленген биіктігі 6-8 метрлік қабірлер табылған. Жолдасбек Құрманқұлов, Шірік-Рабат археологиялық-этнографиялық экспедициясының жетекшісі: - Семсермен жатқан кісінің киімі өте қымбат, паршаға оралып жерленген. Бас жағынан бір ыдыс табылды. Ыдыста көне жазумен «Бұл Тир құдайының шапағатына ие болған адам» деген жазу бар екен. Көне парсы тіліндегі жазуда. Ал «Тир құдайы»«әскер, қару-жарақ құдайы» деген мағынада. Жаңадарияның жағалауын қоныстанған Сақ тайпалары негізінен егінмен күнелткен. Бірақ біздің заманамызға дейінгі ІІ ғасырда өзен арнасы тартылып, қалада тіршілік тоқтайды. Тек ІХ-ХІІІ ғасырлар аралығында арна суы қайта толысып, қала тағы жандана түседі. Ортағасырлық қоныстан табылған тұрмыстық заттар мен қолөнер бұйымдары осының дәлелі. Жанболат Утубаев, Шірік-Рабат археологиялық-этнографиялық экспедициясының мүшесі: - Қазба жұмыстары барысында ортағасырлық цитадельдің, үй-жай қабырғасының етегінен үлкен бөлме табылды. Бөлменің ішінен әйел мүсінінің қалдықтары табылды. Алебастрдан денені жабыстырып-жабыстырып жасаған. Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институты мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдары бірлесіп Бұланды ескерткіштерін де зерттеуде. Археологтер Сақ дәуіріне жататын 8 бөлмелік шеңберлі нысан архитектуралық қолданыс бойынша жер бетіндегі ең көне күмбезді құрылысқа жататындығын айтады. Әзілхан Тәжікеев, Қорқыт ата атындағы ҚМУ Археология және этнография ҒЗО жетекшісі: - Академик Толстов мақаласында алғашқы біз күмбезді архитектураны Рим империясының Рим архитектурасына жатқызсақ, ол біздің дәуіріміздің I ғасыры, ал дала Сақтары, яғни Арал маңын мекендеген Сақ тайпалары оған дейін 400 жыл бұрын керемет күмбезді архитектураның үлгілерін көрсеткен деп айтады. Шірік-Рабат – қазақ жеріндегі құнды жәдігерлерге бай ескерткіш. Сондықтан археологиялық қазба жұмыстарын кідіріссіз, жүйелі жүргізу үшін бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтып, кешенді зерттеу ауқымын кеңейте түсу маңызды. Baq. kz
17.09.2013 11:08 4514

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтың орта кезеңінде Сақ тайпаларының мекені болған Шірік-Рабат қаласы бар.

Жаңадария арнасының сол жағалауындағы тарихи ескерткіштерді 1946 жылдан бастап Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы зерттеген. Алайда 90 жылдардағы тоқырауда бұл жұмыс тұралап, аяқсыз қалған. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында зерттеу жұмыстары қайта басталды. Құм суырған жапан түзде тарихи жәдігер жинаған археологтердің еңбегі өлшеусіз. Сан ғасырлар бедеріндегі тіршіліктің тінін ақтарып, қазақ даласындағы қилы оқиғалар хронологиясын жасауды көздеген ғалымдар 8-маусым қатарынан Шірік-Рабат қалашығының орнын қазуда. Көне шаһарды мекендеушілердің тұрмысы мен ғұрпын танытатын жәдігерлер жеткілікті. Қаланың қамалы, бекініс үйлері, әскербасылар мен абыз-ақсүйектер жерленген биіктігі 6-8 метрлік қабірлер табылған.
Жолдасбек Құрманқұлов, Шірік-Рабат археологиялық-этнографиялық экспедициясының жетекшісі:
- Семсермен жатқан кісінің киімі өте қымбат, паршаға оралып жерленген. Бас жағынан бір ыдыс табылды. Ыдыста көне жазумен «Бұл Тир құдайының шапағатына ие болған адам» деген жазу бар екен. Көне парсы тіліндегі жазуда. Ал «Тир құдайы»«әскер, қару-жарақ құдайы» деген мағынада.
Жаңадарияның жағалауын қоныстанған Сақ тайпалары негізінен егінмен күнелткен. Бірақ біздің заманамызға дейінгі ІІ ғасырда өзен арнасы тартылып, қалада тіршілік тоқтайды. Тек ІХ-ХІІІ ғасырлар аралығында арна суы қайта толысып, қала тағы жандана түседі. Ортағасырлық қоныстан табылған тұрмыстық заттар мен қолөнер бұйымдары осының дәлелі.
Жанболат Утубаев, Шірік-Рабат археологиялық-этнографиялық экспедициясының мүшесі:
- Қазба жұмыстары барысында ортағасырлық цитадельдің, үй-жай қабырғасының етегінен үлкен бөлме табылды. Бөлменің ішінен әйел мүсінінің қалдықтары табылды. Алебастрдан денені жабыстырып-жабыстырып жасаған.
Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институты мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдары бірлесіп Бұланды ескерткіштерін де зерттеуде. Археологтер Сақ дәуіріне жататын 8 бөлмелік шеңберлі нысан архитектуралық қолданыс бойынша жер бетіндегі ең көне күмбезді құрылысқа жататындығын айтады.
Әзілхан Тәжікеев, Қорқыт ата атындағы ҚМУ Археология және этнография ҒЗО жетекшісі:
- Академик Толстов мақаласында алғашқы біз күмбезді архитектураны Рим империясының Рим архитектурасына жатқызсақ, ол біздің дәуіріміздің I ғасыры, ал дала Сақтары, яғни Арал маңын мекендеген Сақ тайпалары оған дейін 400 жыл бұрын керемет күмбезді архитектураның үлгілерін көрсеткен деп айтады.
Шірік-Рабат – қазақ жеріндегі құнды жәдігерлерге бай ескерткіш. Сондықтан археологиялық қазба жұмыстарын кідіріссіз, жүйелі жүргізу үшін бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтып, кешенді зерттеу ауқымын кеңейте түсу маңызды.

Baq. kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға