Жаңалықтар

Алматы қаласы күніне арналған шараларды 80 мыңдай адам тамашалады

Алматы қаласы күнін атап өтуге арналған мерекелік шараларды 80 мыңдай адам тамашалады. Бұл туралы агенттік тілшісі қала әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  2013 жылдың 13-ші қыркүйегінде Абай атындағы алаңда өткен «Алматым жүрегімде» атты байқауды 3 мыңдай тыңдарман тамашалады. Фестиваль жас сазгерлер мен орындаушыларға қолдау білдірумен қатар Алматының еліміздің мәдени орталығы екенін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған.  14 қыркүйекте 800 көрермен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрында Жана-Клод Казадезюс жетекшілік ететін Лилль қаласының Ұлттық оркестрінің бірегей концертін көрді. Бұған қоса 8-10 мың адам «Compote» аспаздық студиясы ұйымдастырған тағамдар фестиваліне қатысты. Ал голландиялық және болгариялық мамандардың қатысуымен өткізілген «AlmatySkylightShow» мультимедиялық жарықтық және пиротехникалық шоуға 20 мыңнан астам адам куә болды. Алматылықтар үшін дәстүрлі алма фестивалінің маңызы зор. Бұл жолғы шараға қатысушылардың қатары әдеттегіден көп. 30-35 мыңдай халық алма фестивалінің қонағы болды. Биылғы жылы аталған шара алғаш рет ҚР Тұңғыш Президенті саябағында өткізілді. 40 фермерлік шаруашылық пен 5 кондитерлік цех және фабрикалар өз өнімдерін көпшілікке ұсынды. Сол күні кешке қарай «ЕМА 2013» екінші Еуразиялық музыкалық байқауы өтті. Еуразияның ең үздік әртістері сынға түскен додада 10 мыңдай адам жанкүйер болған. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, қала күніне арналған шараларға жалпы саны 80 мыңдай халық қатысқан. Атап өтерлігі мерекелік шаралар қазан айының соңына дейін жалғасады. BNews.kz
17.09.2013 07:20 3313

Алматы қаласы күнін атап өтуге арналған мерекелік шараларды 80 мыңдай адам тамашалады. Бұл туралы агенттік тілшісі қала әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

2013 жылдың 13-ші қыркүйегінде Абай атындағы алаңда өткен «Алматым жүрегімде» атты байқауды 3 мыңдай тыңдарман тамашалады. Фестиваль жас сазгерлер мен орындаушыларға қолдау білдірумен қатар Алматының еліміздің мәдени орталығы екенін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған. 

14 қыркүйекте 800 көрермен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрында Жана-Клод Казадезюс жетекшілік ететін Лилль қаласының Ұлттық оркестрінің бірегей концертін көрді. Бұған қоса 8-10 мың адам «Compote» аспаздық студиясы ұйымдастырған тағамдар фестиваліне қатысты.

Ал голландиялық және болгариялық мамандардың қатысуымен өткізілген «AlmatySkylightShow» мультимедиялық жарықтық және пиротехникалық шоуға 20 мыңнан астам адам куә болды.

Алматылықтар үшін дәстүрлі алма фестивалінің маңызы зор. Бұл жолғы шараға қатысушылардың қатары әдеттегіден көп. 30-35 мыңдай халық алма фестивалінің қонағы болды. Биылғы жылы аталған шара алғаш рет ҚР Тұңғыш Президенті саябағында өткізілді. 40 фермерлік шаруашылық пен 5 кондитерлік цех және фабрикалар өз өнімдерін көпшілікке ұсынды.

Сол күні кешке қарай «ЕМА 2013» екінші Еуразиялық музыкалық байқауы өтті. Еуразияның ең үздік әртістері сынға түскен додада 10 мыңдай адам жанкүйер болған.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, қала күніне арналған шараларға жалпы саны 80 мыңдай халық қатысқан. Атап өтерлігі мерекелік шаралар қазан айының соңына дейін жалғасады.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға