Жер шарын 622 күнде жүгіріп өткен спортшы
Том Деннисс атты аустралиялық спортшы жер шарын 622 күнде жүгіріп өтті. Аса талантты спортшы орташа есеппен күн сайын 42 шақырымды бағындырып отырған. Бұл толыққанды марафондық дистанция саналады.
Том екі аяғымен 26232 шақырымды жүгірді. Оның жетістігі міндетті түрде "жер шарына жасалған ең жылдам саяхат" ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енетін болады.
Оның сапары 2011 жылдың 31 жетоқсанында Аустралияда басталып, 2013 жылдың 13 қыркүйегінде соңына жеткен. Марафоншы осы жерден Жаңа Зеландияға қарай жол тартып, кейіннен Солтүстік және Оңтүстік Америкаға, одан әрмен батыстан шығысқа жүгіріп, Еуропа мен Азияны шарлайды. Содан кейін өзінің отаны Аустралияға келіп, оның батыс жағалауы арқылы Сиднейге жетеді.
Бір жарым жылдан астам уақыт бойы жауын-шашынға, ыстық күнге, ағзаның жағдайына, халықаралық жағдайларға қарамастан мақсатына жеткен Том "саяхаттан кейін жер маған бұрынғыдай үлкен болып көрінбей қалды" дегенді жиі айтатын болыпты.
"Жүгіру кезінде бәрін тастай салу деген ой мүлде келмеді. Мұндай сапарды бастан өткеріп көруді көп адамдардың армандамайтынын білемін, дегенмен, біреу осындай шешімге келсе, оның ағзасы да осыған бейімделе бастайды" - деді Том Деннисс тілшілерге берген сұхбатында.
http://massaget.kz