Жаңалықтар

Джульеттаның туылған күні тойланды

16 қыркүйек күні итальяндық Верона қаласында дүбірлі мереке – жер бетіндегі ең қайғылы шығарманың кейіпкері Джульеттаның туған күні тойланады. У. Шекспирдің "Ромео және Джульетта" трагедиясынды сұлудың жасы 14-ке де толмаған болатын. Джульеттаның туған күнін нақты белгілеу үшін ғалымдар қауымы ұзақ еңбектенді. Шекспирге сенсек, Веронаның сол уақыттағы билеушісі герцог Эскал – сеньор Бартоломео Делла Скала болған. Бұл 1301-1304 жылдары билікте отырған тарихта шынайы болған адам. Сонымен қатар, басты кейіпкердің сүтанасы Леди Капулеттимен сөйлесіп отырып, асырандысының сабан той күні дүниеге келгенін айтып қалады: «Even or odd, of all days in the year, Come Lammas Eve at night shall she be fourteen». Ғалымдар осындағы "Петров" күні дегенді басты бағдарға алады. Сонымен қатар, трагедияда мамыр айында болатын Пасха да еске алынады. Астрономиялық күнтізбеге сүйенсек, бұл 1302 жылы болған. Осы деректердің бәрін ескере отырып, профессор Джузеппе Вивиани Джульеттаның туған күнін 1284 жылдың 16 қыркүйегі деп белгіледі. Джульетта Каппулеттидің туған күні жоғары деңгейде атап өтіледі. Бұл күні көптеген мерекелік іс-шаралар: қойылымдар, фестивальдар, карнавалдар ұйымдастырылады. Кәсіби жазушылар үшін "Scrivere per amore" әдеби сыйлығы тапсырылады. Бұдан басқа "Ромео мен Джульетта" хикаясы экраннан көрсетіледі. Жыл сайын осы дәстүр қайталанатындығымен ешкімді жалықтырған емес. Айгерім Сматуллаева http://massaget.kz
16.09.2013 10:06 3223

16 қыркүйек күні итальяндық Верона қаласында дүбірлі мереке – жер бетіндегі ең қайғылы шығарманың кейіпкері Джульеттаның туған күні тойланады. У. Шекспирдің "Ромео және Джульетта" трагедиясынды сұлудың жасы 14-ке де толмаған болатын.

Джульеттаның туған күнін нақты белгілеу үшін ғалымдар қауымы ұзақ еңбектенді. Шекспирге сенсек, Веронаның сол уақыттағы билеушісі герцог Эскал – сеньор Бартоломео Делла Скала болған. Бұл 1301-1304 жылдары билікте отырған тарихта шынайы болған адам. Сонымен қатар, басты кейіпкердің сүтанасы Леди Капулеттимен сөйлесіп отырып, асырандысының сабан той күні дүниеге келгенін айтып қалады: «Even or odd, of all days in the year, Come Lammas Eve at night shall she be fourteen». Ғалымдар осындағы "Петров" күні дегенді басты бағдарға алады. Сонымен қатар, трагедияда мамыр айында болатын Пасха да еске алынады. Астрономиялық күнтізбеге сүйенсек, бұл 1302 жылы болған. Осы деректердің бәрін ескере отырып, профессор Джузеппе Вивиани Джульеттаның туған күнін 1284 жылдың 16 қыркүйегі деп белгіледі.

Джульетта Каппулеттидің туған күні жоғары деңгейде атап өтіледі. Бұл күні көптеген мерекелік іс-шаралар: қойылымдар, фестивальдар, карнавалдар ұйымдастырылады. Кәсіби жазушылар үшін "Scrivere per amore" әдеби сыйлығы тапсырылады. Бұдан басқа "Ромео мен Джульетта" хикаясы экраннан көрсетіледі. Жыл сайын осы дәстүр қайталанатындығымен ешкімді жалықтырған емес.

Айгерім Сматуллаева

http://massaget.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға