Жаңалықтар

"Жылама" фильмі

«Жылама». Бүгін әңгімелемек болып отырған киномыз дәл осылай аталады. Фильмнің режиссері - Әмір Болатұлы Қарақұлов. Аталған фильм 2002 жылы түсірілді. 1 сағат 20 минуттан тұратын фильм бүгінде көрермен ықыласынан шығып келеді. Фильмнің қысқаша мазмұнын айтар болсақ, атақты опера әншісі туған ауылына жол тартады. Алыс туысы болып келетін жеті жасар қыз туберкулездің күрделі формасымен ауырады. Қызды емдеу үшін дәрі-дәрмекке қаражат қажет болады. Майра Мұхаметқызы осы қаржыны іздеуге кіріседі. Фильмде қазақтың атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, париждегі "Гранд Операның" қазақстаннан шыққан жалғыз тұңғыш әнші Майра Мұхаметқызы өз рөлін сомдайды.  Фильм - дарынды әнші туралы. Дауысынан айырылады деп қорыққан дәрігерлер оған ән айтуға тыйым салса да, қыздың қамын ойлаған ол қаржы табу мақсатында ән шырқап жүреді. Фильм гуманизмге, жақсылық жасауға және адамзатты адамгершілікке тәрбиелейтін бірден бір фильм болып табылады. «Қозғалыстағы фотосурет» әсеріне қол жеткізу үшін, фильм цифрлық бейнекамераға иықтан түсірілген. «Жылама» фильмінің сценарий авторы Әмір Қарақұлов, Елена Гордеева, Раушан Байгужаева болса, қоюшы суретші Сәбит Құрманбеков. Оператор Мұрат Нұғманов. Дыбыс операторы Андрей Влазнев. Рөлдерде: Майра Мұхаметқызы, Бибінұр Алдабергенова, Бакира Шахинбаева. Аталған фильмеің режиссері Әмір Қарақұлов 1991 жылдан бері - Ш.Айманов  атындағы «Қазақфильм»АҚ киностудиясының режиссері, 1996 жылдан бері - кинофильмдер продюсері болып жұмыс істейді. «Листья» (1989 жыл), «Разлучница» (1991 жыл), «Голубиный звонарь» (1993жыл), «Последние каникулы» (1996жыл) фильмдерінің режиссері және сценарий авторы; Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі, хатшысы (2004-2006 жылдары). 2002 жылы үздік режиссурасы үшін «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты атанады.  «Разлучница» кинофильмдері үшін Халықаралық кино байқауындағы (Мәскеу қаласы, 1991 жыл) «ФИПРЕССИ» сыйлығының, «Голубиный звонарь» көркем фильмі үшін Халықаралық кино байқауындағы (Таормин қаласы, Италия, 1993 жыл) бас жүлденің, Токиодағы Халықаралық кино байқауы Алтын жүлдесінің, «Последние каникулы» кинофильмдері үшін Халықаралық кино байқауындағы (Роттердам қаласы, 1996 жыл) бас жүлденің иегері. 2008 жылы режиссер Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды.  
16.09.2013 08:38 5388

«Жылама». Бүгін әңгімелемек болып отырған киномыз дәл осылай аталады. Фильмнің режиссері - Әмір Болатұлы Қарақұлов. Аталған фильм 2002 жылы түсірілді. 1 сағат 20 минуттан тұратын фильм бүгінде көрермен ықыласынан шығып келеді. Фильмнің қысқаша мазмұнын айтар болсақ, атақты опера әншісі туған ауылына жол тартады. Алыс туысы болып келетін жеті жасар қыз туберкулездің күрделі формасымен ауырады. Қызды емдеу үшін дәрі-дәрмекке қаражат қажет болады. Майра Мұхаметқызы осы қаржыны іздеуге кіріседі. Фильмде қазақтың атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, париждегі "Гранд Операның" қазақстаннан шыққан жалғыз тұңғыш әнші Майра Мұхаметқызы өз рөлін сомдайды.  Фильм - дарынды әнші туралы. Дауысынан айырылады деп қорыққан дәрігерлер оған ән айтуға тыйым салса да, қыздың қамын ойлаған ол қаржы табу мақсатында ән шырқап жүреді. Фильм гуманизмге, жақсылық жасауға және адамзатты адамгершілікке тәрбиелейтін бірден бір фильм болып табылады. «Қозғалыстағы фотосурет» әсеріне қол жеткізу үшін, фильм цифрлық бейнекамераға иықтан түсірілген.

«Жылама» фильмінің сценарий авторы Әмір Қарақұлов, Елена Гордеева, Раушан Байгужаева болса, қоюшы суретші Сәбит Құрманбеков. Оператор Мұрат Нұғманов. Дыбыс операторы Андрей Влазнев. Рөлдерде: Майра Мұхаметқызы, Бибінұр Алдабергенова, Бакира Шахинбаева.

Аталған фильмеің режиссері Әмір Қарақұлов 1991 жылдан бері - Ш.Айманов  атындағы «Қазақфильм»АҚ киностудиясының режиссері, 1996 жылдан бері - кинофильмдер продюсері болып жұмыс істейді. «Листья» (1989 жыл), «Разлучница» (1991 жыл), «Голубиный звонарь» (1993жыл), «Последние каникулы» (1996жыл) фильмдерінің режиссері және сценарий авторы; Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі, хатшысы (2004-2006 жылдары).

2002 жылы үздік режиссурасы үшін «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты атанады.  «Разлучница» кинофильмдері үшін Халықаралық кино байқауындағы (Мәскеу қаласы, 1991 жыл) «ФИПРЕССИ» сыйлығының, «Голубиный звонарь» көркем фильмі үшін Халықаралық кино байқауындағы (Таормин қаласы, Италия, 1993 жыл) бас жүлденің, Токиодағы Халықаралық кино байқауы Алтын жүлдесінің, «Последние каникулы» кинофильмдері үшін Халықаралық кино байқауындағы (Роттердам қаласы, 1996 жыл) бас жүлденің иегері. 2008 жылы режиссер Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды.


 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға