"Ботагөз" фильмі түсірілген өлке
Жыл сайын Семей қаласында бірлі-екілі ескі үйлер бұзылып, орындарына жаңадан сауда орындары мен коттедждер салынып жатады. Сондай ескі үйлердің бірінде «Ботагөз» фильмі түсіріліпті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
– Егер осыдан 10 жыл бұрын біз татарлар өлкесі тұсымен өтіп, онда ғасырдың басында салынған керемет ғимараттарды тамашаласақ, бүгінде олардан ештеңе қалмай қалды. Ал дәл сол ғимараттарды ескі тарихи фильмдерді түсіруге пайдалануға болар еді ғой, – дейді «Прииртышье» өлкетану қоғамының төрағасы Павел Жуков. – Сондықтан да қаланың бір бөлігін сақтап қалуға тырысайық. Ең алғашқы келбетін қалдырайық. Сатып алғандар ішін қалай өзгертсе олай өзгертсін, тек сырт келбетін сақтап қалсын. Біздің ұрпақтар қаланың бастапқы келбеті қалай болғандығын, Алаш тарихын көрсін, білсін деген ұсынысымыз бар.
Сонымен қатар Павел Жуков өткен ғасырдың 50-інші жылдары осы есікі үйлердің бірінде «Ботагөз» фильмі түсірілгендігін айтып, фильм кадрларында губернатор үйі, Ленин, Қабанбай батыр көшелері, Шәкерім даңғылы (қазіргі), мешіт пен шіркеу бейнеленген екен. 1957 жылы бұл фильм Алматыда, кейіннен Мәскеуде көрсетіліп, көрерменнің ыстық ықыласына ие болғандығын сөз етті.