Шаңды бронхиттің емі
Шаңды бронхит ауруының емі аурудың ерте кезеңдерінен басталу керек. Бұндай жағдайларда амбулаторлы түрде профилактикалық ем немесе санаторлық-профилакторияларда жүргізіледі. Профилактикалық емнің негізінде адаптогендерді, витаминдер комплексімен физиотерапиялық процедураларды тағайындай отырып ағзаның жалпы төзімділігін жоғарлату керек. Бронх ағашының шырышты қабатының жағдайын жақсарту үшін сілтілі ертіндімен жылына екі рет 10-15 күндік курспен ингаляциялар тағайындалады.
Тыныс қызметтерінің бастапқы бұзылыстарын қалыптастыру мақсатында кеуде клеткасына массаж және тыныс алу жаттығуларын аурудың ерте кезеңдерінде емдеу комплекстеріне енгізу керек. Жоғарғы тыныс жолдарындағы іріңді ошақтарды санациялау және жедел респираторлы ауруларды жеткілікті емдеу профилактикалық шаралардың арасында маңызды орынды алады.
Клиникалық синдромдар мен процестің фазалары шаңды бронхит кезінде жүргізілетін комплексті емдерді анықтайды. Комплексті емдеу шараларына бронхтардың дренаждық қызметін және бронхтардың өтімділігін қалыптастыратын, бронхоспазмды қайтаратын, бронх инфекцияларымен күрес, газды бұзылыстарының коррекциясы, миокард қызметін жақсарту жатады.
Шаңды бронхиті бар науқастарда бронхтардың дренажды қызметтерінің бұзылыстары салдарынан жабысқақ қою қақырықтың шығуы қиындағандықтан, қақырықтың бөлінуін жеңілдететін заттарды қолданудың маңызы зор. әсер теу механизмдеріне байланысты осы препараттар келесі топтарға бөлінеді (Миррахимов М.М., 1981, және т.б): протеолитикалық ферменттер мен ацетилцистеин жататын, муколитикалық заттар;мукорегуляторлы заттар (бромгексин, бисольван). Қақырықты түсіретін препараттарды ұзақ уақыт қолдануларға қарағанда, жылытылған натрий хлорының изотоникалық ертіндісімен эндобронхиалды санация жасау арқылы бронхтардың өтімділігн қалыптастыру әдістерінде ең нәтижелі болып келеді. Көрсеткіштері бойынша муколитикалық заттарды эндобронхиалды түрде енгізуге болады. Клиникасында бронхоспастикалық синдром болған кезінде бронхолитикалық препараттарды қолданады. Осы топтардың ішінде бета-адренорецепторлардың стимуляторлары қолданылады, оларға новодрин, эуспирин, астмопен жатады. Беротек, тетрабуталин (бриканил), сальбутамол (вентолин) нәтижелі. Бронхоспазмды қайтару үшін холинолитиктерді: платифиллин, белладоннаны, пурин туындыларын: теофиллин, эуфиллинді қолданады. Бронхоспазм кезінде аллергиялық реакцияның маңыздылығын ескере отырып, шаңды бронхитте брохолитикалық препараттармен қатар десенсибилизациялық препараттарды (димедрол, супрастин, диазолин, тавегил) тағайындайды.
Шаңды бронхиттермен науқастанған адамдарда антибактериялды екм жүргізудің маңызы зор. Осы емнің нәтижелігі препараттың дұрыс таңдалуларына байланысты. Инфекцияның өршу кезінде кең спектрлі антибактериялды препараттарды тағайындаған дұрыс. Сульфаниламидтерді тағайындаумен антибиотикалық ем нәтижелі болып табылады. Ал ең нәтижелі емдерге нитрафуран қатарындағы препараттарды (фурагин, фурациллин) тағайындаумен және сульфаниламид ертінділерімен эндобронхиалды санация жүргізудің маңызы зор.
Шаңды бронхит кезіндегі емдеу комплексіне физиотерапиялық әдістер және емдік тыныс жаттығулары енгізіледі. Тыныс жетіспеушілігі және гипоксиямен жүретін шаңды бронхит кезінде оксигенотерапия қолданылады. Оттегімен ингаляцияны арнайы палаткаларда танау катетрларымен маскалармен жүргізуге болады. Соңғы жылдар гипербариялық оксигенацияның нәтижесі жоғары болып саналады. Қан айналымының жетіспеушіліг мен өкпелік жүректің дамуы кардиалды және зәр айдағыш заттарды тағайындауды талап етеді.
Шаңды бронхиттің дамуын динамикада бақылаған кезде, оның өршуінің негізгі себептеріне аурудың толық жеткілікті емделмеулері жатыр. Шаңды бронхит диагнозы қойылған науқастар, бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс істеуін жалғастарған жағдайларда, белсенді емнен кейін еңбекке жарамсыздық парағын қоса беру керек, ол аурудың өршуін алдын алу үшін керек.
Дер кезінде белсенді түрде және жеткілікті емді жүргізу арқылы аурудың мүгедектік түрінің дамуын алдын алуға болады.
Шаңды бронхитпен ауыратын науқастарға көрсетілетін емдік шаралардың біріне науқастарды диспансерлік топқа алып, жылына екі рет денсаулығының жағдайын тексеріп отыру керек (көктем және күз мезгілдерінде).