Каолиноз. Пневмокониоздар
Каолиноз. Глина (сары топырақ) шаңынан туындайтын пневмокониоз. Глина дегеніміз каолинит-гидроалюмосиликаттан басым тұратын минералдар тобы. Глина кірпіш-керамика өнідірісінде кеңінен қолданылады. Құрғақ глина шаңының ұнтақтау кезінде, өнімді кептіру мен жасау кездерінде пневмокониозды дамытуы мүмкін. Көбінесе ол интерстициялық немесе әлсіз білінетін ұсақ ошақты диффузды өкпелік пневмосклероздық процесс, ары қарай өршуге бейімсіз, көбінесе бронхитпен қабаттасатын ауру. Көбінесе фарфорщиктерде кездеседі, алайда қос тотықты кремнийдің басым болуынан оларды көбінесе силикоз не силикатоз деп анықталады.
Отқа төзімді зат өндірісінде шамот шаңынан болған пневмокониоздар өте белгілі. Шамот дегеніміз құрамында глина мен кремний топырағы бар күйдірілген глина. Шамто шаңында 20% дейін және одан жоғары қостотықты бос кремний болады. Осы пневмокониоз каолинозға жатқызылады және көрінісі силико-силикатозға ұқсас болады. 10 жылдық стажы бар адамдарда дамиды, интерстициялық фиброздың 1-ші кезеңінен ары қарай сирек дамиды, қатынасты үзгеннен кейін ары дамуға бейімсіз. Алайда кейде күйдірілген шамотты ұнтақтау кездерінде аурудың ауыр ағымдары байқалуы мүмкін және ол силикозға ұқсас болуы мен туберкулезбен асқынуы да мүмкін.
Цемент пневмокониозы. Цемент дегеніміз кеңінен қолданылатын материал. Ол құрамына сәйкес әртүрлі болады: портландцемент, шлакопортландцемент, пуццоланды цемент, т.б. Осылардың барлығы химиялық құрылымына сәйкес силикат болып табылады және құрамдарында кремнийдің қос тотығы болады. Цементті дайындау клинкер деген затты ұнтақтау және басқа да заттарды қосу арқылы жүргізіледі. Клинкердің негізіне күйдірілген глина, известь жатады. Қосымша инфузорлы топырақ (аморфты қос тотықты кремний) қолданылады. Цемент шаңының ұзақ әсері кезінде бронит жиі дамиды, ал пневмокониоздар сирек дамиды (тек көп концентрациясы немесе құрамында қос тотықты кремний көп болғанда). Көбінесе интерстициялы типке жатады, ары дамуға бейімсіз болады. Тек кейбір цементерде (пуццоланды, қышқылға төзімді, кірпіш қалауға арналған) ғана силикозға ұқсас ауыр певмокониоздар дамуы мүмкін.
Кейде цементтен бронх демікпесі, дерматиттер, экземалар дамуы мүмкін. Цементпен қатынастағы адамдардағы аллергиялық өзгерістер оның құрамындағы хром қоысылыстарының болуына байланысты.
Слюда шаңынан болған пневмокониоздар. Слюда дегеніміз пластинкалыұ минерал, табиғатта жиі кездеседі, кейде жер беткейіндегі қатпар түрінде болады. ОЛ құрамында суы бар алюмосиликат және әртүрлі болады: мусковит, биотит, флагонит, т.б. Өте көп концентрациясын жұтқанда сүлелі бронхит, кейде ғана пневмокониоз дамиды. Соңғысы сирек кездеседі және ол интерстициялық типте кездеседі, ары дамуға бейімсіз болады, фиброздың 1-ші кезеңінен аспайды. Морфологиясында жайылған тінаралық склероз, альвеолалар аралық перденің, периваскулярлы және перибронхтық фиброз дамиды да эмфизема байқалады. Ерекшелігі: өкпеде асбестке ұқсас слюда денешіктері анықталады және олар темірге оң нәтижелі реакция береді. Туберкулезбен асқына қоймайды.
Басқа да сиикаттардан адмыған интерстициялық немесе ұсақ ошақты пневмокониоздар кездесуі мүмкін: силлиманит, муллит, серицит, бентонит, фуллер топырағынан (балшықтың ерекше сорты), т.б. Осылардың барлығына әлсіз білінетін тінаралық фиброз бен аурудың ары даму мен асқынуға бейімсіздігі тән.