Асбестотуберкулез
Силикозға қарағанда сирек кездеседі, алайда осындай асқынуға тек асбестоздың дамуы ғана емес, сонымен қатар асбест шаңымен тікелей қатынаста болған адамдарда да дамуы мүмкін. Көбінесе асбестозда инфильтрациялық өзгерістері мен үдемелі дамуына бейім емес және фиброзды тығыздалуыға бейім ошақты туберкулез байқалады.
Асбестоз бен рак. Асбест шаңымен ұзақ қатынаста болу өкпе рагы мен плевраның мезотелиомасы дамуларына бейім тудыратыны бұрыннан белгілі.
Асбестоз жіті және сүлелі пневмониялармен, бронх демікпесімен, бронхоэктаз ауруымен асқынуы мүмкін. Соңғы екеуі сиректеу кездеседі. Асбестоз кезіндегі жіті пневмония ауыр ағымды болады және қиын анықталады, себебі біріккен фиброзды фокустар пневмонияның дамуын күшейте түседі. Сондықтан пневмониямен асқынуы клиникалық көріністеріне сүйене отырып қойылады және тек 1-ші және 2-ші кезеңдерінде ғана рентгендік зерттеде анықталуы мүмкін. Сүлелі пневмония асбестоз ағымын ауырлатады және диагноз қою өте қиынға түседі де тек ошақты пневмонияда ғана немесе тура бағытталған емнің айқын эффекті болғанда ғана мүмкін болады. Кейде асбестоз ревматоидты артритпен асқыну мүмкін, сирек кездеседі. Асбестоздың ауыр ағымы фиброздаушы альвеолитке ұқсас болады.
Емдеуі мен еңбектік сараптауы. Асбестозға шалдыққан адамдарға тіпті 1-ші кезеңі болса да шаңмен, тітіркендіргіш газдармен қатынастағы жұмыстарды, жағымсыз метеорологиялық жағдайларда және ауыр физикалық жұмыстарда істеуге болмайды. Еңбекке жарамсыздық дәрежесін анықтау науқас адамның жалпы жағдайына, тыныс жүйесі бұзылыстарының дәрежесіне және жақын мерзімдегі болжамына негізделеді. Қатерлі ісік ауруымен асқынудың қауіптілігіне сәйкес бұл адамдар үнемі онкологтардың қарауында болулары тиіс.
Талькоз бен басқа да силикатоздар. Тальк дегеніміз магний силикаты, талшық, пластинка немесе аморфты масса түрінде кездеседі. Құрамында талькі бар топырақта басқа да минералдардың қоспасы болуы мүмкін: серпентин, термолит, долмит, кварц, т.б. Осылардың қоспасының болуы тұрақты емес және осыған байланысты талькоздың ағымы әрқилы болуы мүмкін. Тальк резина, парфюмерия, радиотехника, пластмасса, машина дөңгелектерін жасайтын және басқа да өндірістерде қолданылады.
Тальк шаңының ұзақ әсері пневмокониоздың дамуын тудыруы мүмкін, ол ауру тальк топырағын алу мен өңдеу және өндірістің әртүрлі салаларында қолданылуы кездерінде дамиды. Асбестозға қарағанда талькоз сирек кездеседі және клиникалық көрінісі мен ағымы жеңілдеу болады.
Клиникалық көрінісі ауру белгілерінің әлсіз білінуімен сипатталады: тұрақсыз құрғақ жөтел, әлсіз ентігу, қытың тыныс, кейде ғана құрғақ сырылдар анықталады. Рентгенде: өкпенің ортаңғы және төменгі бөліктерінде өкпе суретінің қатаюы мен деформациясы және бірен-саран ұсақ ошақты көлеңкелер мен өкпе түбірінің қатайып кеңейгені анықталады. Морфологиялық өзгерістері: тальк шаңдарының көп мөлшерде тұнуынан көбінесе перибронхтық және периваскулярлық интерстициялық әлсіз фиброздар, әртүрлі пішіндегі милиарлы созылыңқы анықталады. Плевралық жабысқақтар сирек кездеседі. Функциялық өзгерістері көбінее жеңіл байқалатын обструкциялық-рестрикциялық синлроммен сипатталады.
Косметикалық ұнтақтың әсерінен дамитын пневмокониоздар. Толькозға өте ұқсас келеді, парфюмерия саласының жұмысшыларында жиірек кездеседі. Косметикалық ұнтақтың құрамында иальк, ақ глина, цинк тотығы бар. 10-15 жыл қатынаста болған адамдарда дамиды. Енгігумен, жөтелмен, кеудесіндегі аурысынулармен, сыртқы тыныстың функциялық бұзылыстарымен сипатталады. Рентгенде – түйіншекті-интерстияциялық өзгерістермен байқалады, ал аурудың соңғы фазаларында – бір-біріне қосылған үлкен фиброзды ошақтар анықталуы мүмкін.
Талькоз бен косметикалық ұнтақтан болған пневмокониоздар туберкулезбен асқынулары мүмкін, бірақ сирек кездеседі. Соңғы жылдары тальктің канцерогенді әсері байқалған.
Слюда шаңының салдарынан пневмокониоздардың дамитыны байқалған. Сланц шаңдарынан туындайтын пневмокониоздардың мүмкіндігі әлі анық емес.
Оливинді пневмокониоз. Сирек кездеседі. Оливин минералы дегеніміз магний мен темірдің отросиликаты, табиғи топырақ түрінде және техникалық өнім (мартен мен домна күлдері, ферромарганц және басқа да балқытулардың күлдері) түрінде кездеседі. Оливин отқа төзімді заттар мен керамика өндірісінде және металл құю цехтарында қолданылады.
Оливинді пневмокониоз 1 кезеңінен ары сирек дамиды және түріне қарай өкпенің ортаңғы және төменгі бөліктеріндегі интерстициялық типтегі ұсақ торлы фиброзға жатады, кейде плевралық жабысқақтар дамиды. Тыныс функциясы қатты зақымданады. Морфологиясында бронхтарда қабыну процесімен қатар дөрекі талшықты дәнекер тінінің дамуы салдарынан альвеолалар аралық перденің қалыңдауы анықталады. Кей жерлерінде эмфизема байқалады. Клеткалық-шаңдық ошақтарында оливиннен басқа көмір мен темірі бар пигменттер, гигантты клеткалар мен жіңішке коллаген талшықтары табылады. Кейде рентген көріністерінің регрессиясы болуы мүмкін, сондықтан оны қатерсіз ағымды аурулар тобына жатқызады.