Иван Сергеевич Тургенев
Иван Сергеевич Тургенев (1818-1883) - орыс жазушысы.
Ресей империясының Орел губерниясында, байлар отбасында дүниеге келген. 1837 жылы Санкт - Петербордағы університетін бітірген. Шет елде, әсіресе Алмания менен Франсияда көп тұрған.Еуропады, әсіресе Парижте батыс әдебиетшілерімен байланыстар болған.Парижде жүргенде, Тургеневтың хатшысы Ысмайыл Ғаспыралы еді. Алманиядағы Баден-Баден арасан суы бар елді мекенінде демалыс алған. Алманияда жүргеннің әсерінен "Ася" повестін жазған.Тургеневтың әдеби орыс тілінде жазылған проза шығармалары - орыс классикалық әдебиетінің үлгі болып саналады. Осы шығармаларына алдыменен "Әкелер мен балалар", "Аңшының жазбалары", "Дворян ұясы" романдары, "Ася", "Му-Му" повестері жатады."Отцы и дети" ("Әкелер мен балалар") романында бір жағынан Ресейдің түрлі әлеуметтік таптан шыққан зиялы қауымының өкілдерінің өркендеуі, екінші жағынан "нигилизмнің" өсуін көрсетті. .Тургенев орыс халқына жақын украин мәдениетін жоғары бағалаған, Т.Шевченкомен танысып дос еді, Шевченко Қазақстандағы айдауынан қайтқанда онымен жиі кездескен еді, Шевченко туралы естелігін («Воспоминание о Шевченко») жазған. Марко Вовчоктың досы еді.Тургеневтің «Рудин», «Қарсаңда», «Әкелер мен балалар», «Түтін» атты романдары орыстың реалистік әдебиетінің таңдаулы туындылары саналады.
«Шығыс аңызы»
Абайдың «Масғұт» атты поэмасындағы алғашқы мазмұн, яғни, Масғұтқа Қыдыр шалдыңақ, сары, қызыл - үш гүл таңдатуын баяндайтын бөлімі мен Тургеневтің «Шығыс аңызы» («Восточная легенда») атты әңгімесі бір-біріне уақиға желісі жағынан ұқсас келеді. Абай: «Арун-Рашид халифа заманында, Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт...» - деп бастап, сол жігіт бас салып, тонап жатқан жерінен шалды арашалап алғанын айтса, Тургеневтің баяндауында да әңгіме солай басталады. Тек жігіттің есімі Джиаффар (Жапар) делінген. Риза болған шал Масғұтқа бір гүлдің басындағы үш жемісті таңдатып:
«Ағын жесең, ақылың жаннан асар,
Сарыны алсаң, дәулетің судай тасар,
Егерде қызыл жеміс алып жесең,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар...»
- десе, Тургенев әңгімесінде шал жігітке бір ағашқа өсіп тұрған үш жемісті таңдатып, ағын жесең - жаннан асқан ақылды боласың, қызылын жесең - бай боласың, сарысын жесең - әйелдер сені жақсы көреді дейді. Масғұт елден бөлек ақылды болсам, ақылсыз, арсыздарды көргенде, көңілде тыныштық тұрмас, бай болсам, жұрт күндер деп, екеуінен бастартып:
«Қызылды жесем, мені әйел сүйер,
Арамдыққа жүрмесем, не жан күйер?
Ұрғашыда көп жан ғой, досым болса,
Деп едім бір пайдасы маған тиер...»
- деп, қызыл жемісті таңдаса, Жапар тым ақылды болу бір азап, бай болсаң, елдің бәрі көре алмайды деп, жесең, сені әйелдер ұнатады деген сары жемісті таңдайды.
kk.wikipedia.org