Жаңалықтар

Мария Склодовская-Кюри

Мария Склодовская – Кюри (7.11.1867, Варшава — 4.7.1934, Франция, Жоғары Савойя департаменті, Сансельмо) — физик және химик, физика ғылымдарының докторы (1903), профессор, КСРО ҒА-ның құрметті мүшесі (1926). 1895 ж. Париж университетін бітірген соң француз физигі П.Кюримен тұрмыс құрды. Склодовская – Кюри күйеуінің лаб-нда алғашқы жұмыстарын жүргізіп, 1906 ж. ол қайтыс болған соң кафедрасын басқарды. Склодовская – Кюри Париж университетінде профессор болып сайланған алғашқы әйел адам. 1914 — 23 ж. Париждегі Радий университетінде физика-химия бөлімін басқарды. 1923 жылдан Варшавадағы өзі ұйымдастырған Радий институтының құрметті директоры болды. Склодовская – Кюри радиоактивтілік құбылыс жөнінде жазылған негізгі ғылыми еңбектердің авторы. “Радиоактивті заттарды зерттеу” тақырыбына докторлық диссертация қорғады (1903). Склодовская – Кюридің радиоактивті заттарды зерттеу жөніндегі еңбектері (1897) физика мен химияның жаңа саласының негізіне алынды. 1898 ж. ерлі-зайыпты Кюрилер жаңа химия элемент полоний мен радий элементін ашты. Олар радийдің сәуле шығару сипатының күрделі екендігін анықтап, оның затқа тигізетін әсерлерін зерттеді. Склодовская – Кюри 1902 ж. радийдің таза тұзын, 1910 ж. француз химигі А.Дебьернмен (1874 — 1949) бірге металл радийді алды. Сөйтіп ол радийдің атомдық молекуласын екінші рет үлкен дәлдікпен анықтады. 1911 ж. радий эталонын алғаш рет жасады. Склодовская – Кюри Нобель сыйл-мен екі рет (1903 ж. физика, 1911 ж. химия салалары бойынша) марапатталды. 1910 ж. Мария Кюри радий химиялық элемент екендiгiн дәлелдеп бередi. Бiрнеше айдан кейiн Швед Корольдiгiнiң Ғылым академиясы химия саласы бойына Мария Кюриге Нобель сыйлығын бередi. Сөйтiп, Мария Кюри алғаш Нобель сыйлығын екi рет иеленген ең бiрiншi лауреат болып танылды. Жиналған тәжірибелерiн ол 1920 ж. «Радиология және соғыс» атты монографиясында жалпылайды. Мария Кюри 1934 ж. 4 маусымында лейкемия ауруынан қайтыс болады. Биография Француз физигі Мария Складовская-Кюри (Туғанында Мария Складовская) Варшавада (Польша) туған. Ол үйдегі 5 баланың кішісі болатын. Әке-шешесі: Владислав и Бронислава. Марияның жанұясында ғылымға ерекше ықыласпен қарайтын. Оның әкесі жергілікті гимназияда физика пәнінен берген. Ал шешесі, туберкулезбен ауырғанға дейін, сол гимназияның директоры болатын. Марияның шешесі оған 11 жас болғанда қайтыс болды. Мария бастауыш және орта мектептерді үздік бітірді. Жас кезінен-ақ өзіндегі ғылымға деген құштарлықты сезетін. Сондықтан болар немере ағасының химиялық зертханасында лаборант болып жұмыс атқарды. Орыстың ұлы химигі, Дмитрий Иванович Менделеев Марияның әкесінің жақын досы болатын. Дмитрий Иванович сол кезде-ақ Марияның жарқын болашағын болжаған болатын. Ресей империясының билігі кезінде (сол кезде Полша Ресей, Германия мен Австрияға қол астарында болатын) өскен Мария жас зиялылардың және поляк националистерінің қозғалысына қатысты. Өмірінің көп бөлігін Францияда өткізсе де, Мария Складовская әрқашан поляк халқының азаттығы үшін күресін жалғастырды. Мария ханымның жоғары білімге қол жеткізу арманы алдында екі кедергі тұрды: отбасының кедейлігі және Варшава университетіне әйел адамдарды қабылдауға тыйым салынуы. Мария және оның әпкесі жоспар құрды: әпкесінің оқуын өтеу үшін Мария 5 жыл бойы үй қызметкері болып жұмыс істейді. Содан кейін Броня Марияның оқуының қаражатын өтеуі керек. Броня Париждегі медициналық институтты бітіргеннен кейін, дәрігер болып, сіңілісін өзіне шақырады. Польшадан кеткеннен кейін Мария Париж университетінің (Сорбонна) табиғи ғылымдар факультетіне түседі. 1893 жылы бірінші курсты аяқтаған Складовская физикадан Сарбоннаның лиценциаты дәрежесін (магистр) алады. 1 жылдан кейін, математикадан лиценциат дәрежесін алады. 1894 жылы поляк эмигрант-ғалымының үйінде Мария Пьер Кюримен танысады. Пьер ол кезде муниципалды мектептің өндірістік химия және физика зертханасының жетекшісі еді. Ол кезде Пьер кристалдардың табиғаты мен олардың магниттік қасиетінің температураға тәуелділігін зерттеп қойған еді. Мария Складовская сол кезде болаттын магниттік қасиеттерін зеттеп жүр еді. Марияның поляк досы Пьер Марияға көмектесер деп үміттенді. 2 жылдан кейін Мария мен Пьер неке қияды.Бұған дейін Пьер докторлық диссертацияны қорғап еді. 1897 жылы қыркүйек айында дүниеге олардың қызы Ирен келді. 3 айдан кейін Мария магниттік қасиеттерді зеттеуін аяқтап, диссертацияға жаңа тақырып іздеді. 1895 тылы Рентген жаңа сәулелерді ашты. Ол сәулелер катод сәулелері (кейін анықталғандай электрондар ағыны) пайда болатын бос әйнек түтікшенің қабырғаларында пайда болады екен. Әйнек түтікшенің катод сәулелері тиген жер жасыл жарықпен жанды. Ол сәулелер ғалымның қүрметіне рентген сәулелері деп аталды. Плантинды антикатодқа тиген катод сәулелері оданда күштірек жарық туғызады екен. Осыны естіген Анри Беккерель баяғыдан белгілі уранның жарқырауын зерттей бастады. Бұл жарқырау, рентген сәулелері жарқырауы сияқты қара қағаз арқылы өтіп, фотографиялық пластинкалардың қараюына әкеледі екен. 1896 жылы Анри Беккерель уран қоспалары тереңірек енетін сәулелер шығарады екенін анықтады. Анри Беккерельдың сәулелері 1895 жылы Вильгельм Рентгенмен ашылған рентген сәулелері сияқты сырттан әсер етуден емес (жарықпен), ол уранның өз қасиеті. Осы жұмбақ құбылыспен тамсанған Мария Кюри өзіне жаңа зерттеулер аймағын ашты. 1898 жылы өз зерттеулерін бастаған Кюри ханым, алдымен уран қоспаларынан басқа Беккерель ашқан сәулелер шығаратын заттар бар ма екенін зерттей бастады. Сонымен, үзіліссіз жарқыраудың, яғни энергия жоғалтудың себебі не екен? Күйеуін де осы зерттеулерге тартқан Кюри ханым өз алдына осы сұрақты қойды. Пьезоэлектрлікті ашқандағы әдіс осы зерттеулердің де негізін қалады. Сәулелердің сан шегі сол сәулелердің көмегімен ауа конденсаторы арқылы өтетін ток болды. Бұл ток Пьер Кюридің пьезокварцы арқылы өлшенетін және шығынын өтейтін. Зарядталған конденсатор пластинкасынан зарядталмаған пластинкаға өтетін ток шығынын өтеу үшін, сонымен байланысқан кварц пластинканы белгілі бір жүкпен жүктеу керек еді. Осы әдіс арқылы Кюри ханым сәулелердің болуы уран атомының қоспада болатынымен анықталатынын ашты. Яғни жарық көзі - уран атомдары. Беккерель анықтағандай уран қоспасы жанындағы ауа электр өтімді болады. Осыны негізге алып Кюри күйеуі мен оның інісі Жак құрастырған бірнеше дәл қүралдармен басқа заттардың жанындағы ауаның электр өтімділігін өлшей бастады. Ол сол кезде белгілі элементтерден тек уран мен торий ғана радиоакивті екенін дәлелдеді. Кейінірек Кюри ханым маңыздырақ жаңалық ашты. Уран кені (сол кезде уран мен шайыр қоспасы) таза уранға қарағанда жарығырақ сәуле шығарады. Уран кенінде сол кезде адамзатқа белгісіз радиоактивтілігі күштірек элементтер бар. Ол осы жорамалын 1898 жылдың көктемінде Француз ғылым академиясына айтты. Кейін Кюри ерлі-зайыптылары осы белгісіз элементтерді уран кенінен бөліп алуды ойлады. Күкіртсутекпен, басқа да қышқылдармен өндіре, уран кенін белгілі компаненттерге бөлді. Осы компаненттердің әрқайсысын жеке-жеке зерттей келе, барий мен висмут қоспалары ғана радиоактивтілікке ие. Бірақ, барий мен висмутқа радиоактивтілік тән болмағандықтан, Кюрилер осы металдардың қоспасында бір немесе бірнеше адамзатқа белгісіз радиоактивті элементтер бар деп тұжырымдады. 1898 жылдың шілде мен желтоқсан айларында жаңа екі элемент ашқандарын жариялады. Олар: полоний (Марияның туған жері Польшаның қүрметіне) және радий (латыншадан өздігінен жарық шығаратын). Кюрилер осы элементерді таза күйінде бөліп ала алмағандықтан, химиктерге осы элементтердің барының ең басты айғағын келтіре алмады. Кюрилер осы екі элементті уран кенінен бөліп алуға кірісті. Олар анықтағандай элементтер уран кенінің тек миллионнан бір бөлігін ғана құрайды. Ол элементтерді бөліп алу үшін Кюрилерген уран кені көп мөлшерде қажет болды. Кюри ханым жаңа шипалық қасиеті бар радийді бөліп алудың тәсілін тапты. Радиоактивті элементтер уран қоспасының миллионнан бір бөлігін қүраса да, Кюрилер оны бөліп алды. Осы әдіспен Кюрилер химиялық таза радий тұздарын, кейінірек күйеуінің қазасынан кейін таза радийді бөліп алды. Кюри әдісі: өнделіп жатқан затқа белгілі бір заттармен әсер етіп, оны екі фракцияға бөліп алу. Радиоакивтілікті өлшеу арқылы олар радиоактивті элемент қай фракцияға кеткенін білді. Ол фракция қайтадан өңдеуге түсіп қайтадан екі фракцияға бөлінді. Қайтадан қай фракцияға радиоактивті элемент кеткенін анықтады. Тағы да сол сияқты. Эр бөлінуден кейін фракцияда радиактивті элементтің проценті көбейді. Осыдай бөле-бөле таза радий тұзына да жетті. Осыдан бастап Кюри әдісі әртүрлі жерлерде қолданды. Келесі төрт жыл бойы Кюрилер адам денсаулығына қауіпті жерде жұмыс істеді. Олар химиялық бөлінумен үлкен тесік және жан-жағынан жел соғып тұратын ғимаратта орнатылған чандарда айналысты. Заттарды зерделеуді муниципалды мектептің кішкентай ыңғайсыз зертханасында орындауға тура келді. Осы қиын кезеңде Пьер Кюридің қаражаты жетпей, кішкентай бала мен зерттеулер Мария Кюридің бар уақытын алса да, ол Севрда (Франция), Эколь нормаль сюперьер (орта мектептерге мұғалім дайындайтын мекемеде) физика пәнінің мүғалімі болды. Әйелінен айырылған Пьердің әкесі Кюрилерге көшіп келіп, кішкентай Иренге қарады. 1902 жылдың қыркүйегінде Кюрилер бірнеше тонна уран кенінен олар радий хлоридін бөліп алғанын жариялады. Полонийді бөліп алу жүзеге аспады, себебі ол радийдың бейтараптануына себепші еді. Қоспаны зерделей келе Мария радийдің атомдық массасы 225-ке тең екенін анықтады. Радий тұзы көгілдір жарық пен жылу шығарды. Зерттеулерді бітірген Мария Кюри өзінің докторлық диссертациясын жазды. Жұмысы «Радиоактивті заттарды зерттеу» деп аталды. Ол жұмысқа полоний мен радийді бөліп алудағы байқалған құбылыстардың сипаттамалары енді. Марияға жаңа ғылыми атақ беріліп, оның еңбегі доктарлық диссертациямен қосылған ұлы жаңалықтар қатарына кірді. 1903 жылы Швед корольдігінің ғылым академиясының шешімімен Беккерель мен Кюри ерлі-зайыптыларына Нобель сыйлығы тағайындалды. Мария мен Пьер Кюрилер нобель сыйлығының жарты сыйақысын алды. Мария Нобель сыйлығын алған бірінші әйел. Мария да, Пьер да науқас болғандықтан Стокгольмге бара алмады. Сыйлықты келесі жылдың жазында алды. Эрнест Резерфорд пен Фредерик Содди жаңа теория ұсынды. Ол теория бойынша, радиоакивті жарықтар атом ядросының құлдырауынан пайда болады. Радиоактивті ядроның құлдырауы кезінде трансмутация (бір атомның ядросынан екінші элементің ядросына айналу) күйін кешеді. Мари өз зерттеулерінде торий, уран және радий ядроларының қүлдырауын көрмегендіктен, себебі ол өте баяу процесс, бірден бұл теорияны қабылдамады. 1906 жылы бәрібір де мадам Кюри Резерфорд-Содди теориясын қабылдады. Бұл шындыққа ең жақын теория еді. Радийдің адам организміне әсерін атап өткен Кюрилер, радий элементі медициналық мақсаттарда, яғни рак ауруын емдеуде қолдануға болатынын айтты. Радийдың бүл қасиеті тез арада бағаланып, радийдың құны өсіп кетті. Кюрилер бұл экстракционді процесті потенттеуден бас тартты. Олардың ойынша, ғылымды коммерциялық пайда әкелу үшін пайдалану нағызғалымға жат қылық және ол білімге деген еркіндікті жояды. 1904 жылы Пьер Кюри Сарбоннаның физика пәнінен профессор, ал Мария Кюри күйеуінің зертханасының меңгерушісі болды. Осы жылдың желтоқсан айында дүниеге олардың екіші қызы Ева келді. Кейін Ева өз анасының биографиясын жазды. 1906 жылы сәуірде Пьер Кюри көше апатында қайтыс болып, Мария қара жамылды. Бірақ, жұмысын жалғастыруға күш тапты. Сол жылдың мамыр айында, Мария ғылым мен білім министрлігі тағайындаған зейнетақыдан бас тартып, Сорбонна әкімшілігі оны физика кафедрасының бас меңгерушісі етіп тағайындады. 6 айдан кейін ол өзінің бірінші лекциясын оқып, Сарбоннада жұмыс істеген бірінші әйел болды. 1910 жылы Андре Дибермен бірлесе отырып Мария Кюри таза металл күйіндегі радийді алды. Осымен Мария Кюри 12 жыл бұрын бастаған зерттеулер циклін аяқтады. Ол радий химиялық элемент екенін дәделдеді. Ол радиоактивті эманацияны өлшеудің тәлілін ойлап тапты. Ол радийдің таза металл күйі мен таза радий хлоридін алды. Мадам Кюри радиоактивті құлдырауды өлшеуде дәлдікке қол жеткізді. Кюри ханым радиоактивті ядро құлдырауының уақытын үлкен дәлдікпен есептеуге болады деп жорамалдады. Себебі ол уақыт ешқандай сыртқы күштердің әсерінен өзгермейді. 1903 жылдан бастап Кюри радиоакивті сағаты қолданылады. 1910 жылдың соңына қарай көпшіліктің талабымен Мария Кюридің кандидатурасы Француз ғылым академиясының ең жоғары деген лауазымына ұсынылды. Пьер Кюри бұл академияға қайтыс болуына дейін 1 жыл бұрын қабылданды. Француз ғылым академиясының тарихында Мария Кюри дейін әйел ол ұйымның мүшесі болмаған. Сондықтан болар Мария Кюридің кандидатурасы оның жақтастары мен қарсыластары арасындағы жанжалға әкелді. Бірнеше айлардан кейін Мария Кюридің кандидатурасы бір ауыздан алынып тасталынды. Бірнеше айдан кейін Мария Кюриға Швед корольдігінің ғылым академиясы Нобель сыйлығын тағайындады. Ол сыйлық Мари Кюридің «химия ғылымына қосқан үлесі үшін: радий мен полонийдің ашылуы, радийді бөліп алу мен оның қасиеттерін зерттеуі». Мария Кюри тарихта бірінші рет Нобель сыйлығының екі мәрте лауреаты атанды. Жаңа Нобель сыйлығының иесін айта отыра, Э.В. Дальгрен «Радийді зерттеу, жаңа ғылымның пайда болуына әкелді, радиология. Ол ғылым өз институты мен журналдары бар ғылым». Бірінші дүниежүзілік соғысқа таман Париж университеті мен Пастеров институты Радий инстиутының ашылуын жариялады. Онда радиоактивтілікті зерттеді. Мария Кюри «радиоактивтілікті зерттеу мен оның медицинада қолданлу» бөлімінің бас меңгерушісі болып тағайындалды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Мария Кюри соғыс дәрігерлерін радиоактивтілікті медицинада қолданысын үйретті. Мысалы, Рентген сәулелері арқылы адам денесіндегі оқ-дәріні табу. Госпитальдерде ол радиологиялық қондырғыларды жасауға, жылжымалы рентген аппараттарымен жабдықтауға көмектесті. Ол өз білімін «Радиология және соғыс» атты еңбегінде баяндады. Соғыстан кейін Мария Кюри Радиология институтына оралды. Өмірінің соңғы жылдары ол студенттердің жұмысын басқарып, радиологияның медицинадағы қолдануына жол ашты. Ол Пьер Кюридің биографиясын жазды. Оның бұл еңбегі 1923 жылы жарыққа шықты. Мария соғыс аяқталғаннан кейін егемендік алған өз отанына келіп тұрды. Ол Польшада зерттеушілерге көмек көрсетті. 1921 жылы Мария қыздарымен АҚШ-та болып қайтты. Онда Мария зерттеулерін жалғастыруға сыйға берген 1 тонна радийді алды. Біраз жылдар бойы радиймен жұмыс істеуі Марияның денсаулығына қатты әсер етті. Мария мен Пьер оның денсаулыққа қауіптілігін білген жоқ. Пьер әрқашан өзімен бірге радий хлоридінің пробиркасын ұстап жүріп. Радий ураннан милолион есе радиоактивті деп мақтанатын. Мария өз төсегінің жанында радий тұздарын қойып қоятын. Оған радийдің түнде жарқырауы ұнайтын. Олардың саусақтары күйіп кетті. Олар денсаулықтарының нашарлауының себебі радий деп ойлап көрген де емес. Қорғасын табыттағы Мария Складовская-Кюридің денесі әлі күнге шейін 360 беккерель/м3 интенсивтілікпен радиоактивтілік шашып тұр. Негізгі норма 13 бк/м3. Мария Кюри 1934 жылдың 4 шілдесінде аққандық ауруынан Альпідегі Сансселлемоз дейтін жерде қайтыс болды. Екі Нобель сыйлығымен қатар Мария Кюри Француз ғылым академиясының Вертело орденімен (1902), Дэви Лондонның корольдік қоғамының орденімен және Эллиот Крессон Франклин Институтының орденімен марапатталды. Ол әлемнің 85 ғылым қоғамының, оның ішінде Француз медицина академиясының мүшесі. Сонымен қатар, ол 20 түрлі ғылыми дәрежелерге ие. 1911 жылдан қайтыс болғанға дейін Кюри физикадан Сольвеев конгресіне қатысып келді. 12 жыл бойы Ұлттар Лигасының интеллентуалды достастығының комиссиясының мүшесі болып келді. kk.wikipedia.org
12.09.2013 10:50 16420

Мария Склодовская – Кюри (7.11.1867, Варшава — 4.7.1934, Франция, Жоғары Савойя департаменті, Сансельмо) — физик және химик, физика ғылымдарының докторы (1903), профессор, КСРО ҒА-ның құрметті мүшесі (1926). 1895 ж. Париж университетін бітірген соң француз физигі П.Кюримен тұрмыс құрды. Склодовская – Кюри күйеуінің лаб-нда алғашқы жұмыстарын жүргізіп, 1906 ж. ол қайтыс болған соң кафедрасын басқарды. Склодовская – Кюри Париж университетінде профессор болып сайланған алғашқы әйел адам. 1914 — 23 ж. Париждегі Радий университетінде физика-химия бөлімін басқарды. 1923 жылдан Варшавадағы өзі ұйымдастырған Радий институтының құрметті директоры болды. Склодовская – Кюри радиоактивтілік құбылыс жөнінде жазылған негізгі ғылыми еңбектердің авторы. “Радиоактивті заттарды зерттеу” тақырыбына докторлық диссертация қорғады (1903). Склодовская – Кюридің радиоактивті заттарды зерттеу жөніндегі еңбектері (1897) физика мен химияның жаңа саласының негізіне алынды. 1898 ж. ерлі-зайыпты Кюрилер жаңа химия элемент полоний мен радий элементін ашты. Олар радийдің сәуле шығару сипатының күрделі екендігін анықтап, оның затқа тигізетін әсерлерін зерттеді. Склодовская – Кюри 1902 ж. радийдің таза тұзын, 1910 ж. француз химигі А.Дебьернмен (1874 — 1949) бірге металл радийді алды. Сөйтіп ол радийдің атомдық молекуласын екінші рет үлкен дәлдікпен анықтады. 1911 ж. радий эталонын алғаш рет жасады. Склодовская – Кюри Нобель сыйл-мен екі рет (1903 ж. физика, 1911 ж. химия салалары бойынша) марапатталды. 1910 ж. Мария Кюри радий химиялық элемент екендiгiн дәлелдеп бередi. Бiрнеше айдан кейiн Швед Корольдiгiнiң Ғылым академиясы химия саласы бойына Мария Кюриге Нобель сыйлығын бередi. Сөйтiп, Мария Кюри алғаш Нобель сыйлығын екi рет иеленген ең бiрiншi лауреат болып танылды. Жиналған тәжірибелерiн ол 1920 ж. «Радиология және соғыс» атты монографиясында жалпылайды. Мария Кюри 1934 ж. 4 маусымында лейкемия ауруынан қайтыс болады.

Биография

Француз физигі Мария Складовская-Кюри (Туғанында Мария Складовская) Варшавада (Польша) туған. Ол үйдегі 5 баланың кішісі болатын. Әке-шешесі: Владислав и Бронислава. Марияның жанұясында ғылымға ерекше ықыласпен қарайтын. Оның әкесі жергілікті гимназияда физика пәнінен берген. Ал шешесі, туберкулезбен ауырғанға дейін, сол гимназияның директоры болатын. Марияның шешесі оған 11 жас болғанда қайтыс болды. Мария бастауыш және орта мектептерді үздік бітірді. Жас кезінен-ақ өзіндегі ғылымға деген құштарлықты сезетін. Сондықтан болар немере ағасының химиялық зертханасында лаборант болып жұмыс атқарды. Орыстың ұлы химигі, Дмитрий Иванович Менделеев Марияның әкесінің жақын досы болатын. Дмитрий Иванович сол кезде-ақ Марияның жарқын болашағын болжаған болатын. Ресей империясының билігі кезінде (сол кезде Полша Ресей, Германия мен Австрияға қол астарында болатын) өскен Мария жас зиялылардың және поляк националистерінің қозғалысына қатысты. Өмірінің көп бөлігін Францияда өткізсе де, Мария Складовская әрқашан поляк халқының азаттығы үшін күресін жалғастырды.

Мария ханымның жоғары білімге қол жеткізу арманы алдында екі кедергі тұрды: отбасының кедейлігі және Варшава университетіне әйел адамдарды қабылдауға тыйым салынуы. Мария және оның әпкесі жоспар құрды: әпкесінің оқуын өтеу үшін Мария 5 жыл бойы үй қызметкері болып жұмыс істейді. Содан кейін Броня Марияның оқуының қаражатын өтеуі керек. Броня Париждегі медициналық институтты бітіргеннен кейін, дәрігер болып, сіңілісін өзіне шақырады.

Польшадан кеткеннен кейін Мария Париж университетінің (Сорбонна) табиғи ғылымдар факультетіне түседі. 1893 жылы бірінші курсты аяқтаған Складовская физикадан Сарбоннаның лиценциаты дәрежесін (магистр) алады. 1 жылдан кейін, математикадан лиценциат дәрежесін алады. 1894 жылы поляк эмигрант-ғалымының үйінде Мария Пьер Кюримен танысады. Пьер ол кезде муниципалды мектептің өндірістік химия және физика зертханасының жетекшісі еді. Ол кезде Пьер кристалдардың табиғаты мен олардың магниттік қасиетінің температураға тәуелділігін зерттеп қойған еді. Мария Складовская сол кезде болаттын магниттік қасиеттерін зеттеп жүр еді. Марияның поляк досы Пьер Марияға көмектесер деп үміттенді. 2 жылдан кейін Мария мен Пьер неке қияды.Бұған дейін Пьер докторлық диссертацияны қорғап еді. 1897 жылы қыркүйек айында дүниеге олардың қызы Ирен келді. 3 айдан кейін Мария магниттік қасиеттерді зеттеуін аяқтап, диссертацияға жаңа тақырып іздеді.

1895 тылы Рентген жаңа сәулелерді ашты. Ол сәулелер катод сәулелері (кейін анықталғандай электрондар ағыны) пайда болатын бос әйнек түтікшенің қабырғаларында пайда болады екен. Әйнек түтікшенің катод сәулелері тиген жер жасыл жарықпен жанды. Ол сәулелер ғалымның қүрметіне рентген сәулелері деп аталды. Плантинды антикатодқа тиген катод сәулелері оданда күштірек жарық туғызады екен. Осыны естіген Анри Беккерель баяғыдан белгілі уранның жарқырауын зерттей бастады. Бұл жарқырау, рентген сәулелері жарқырауы сияқты қара қағаз арқылы өтіп, фотографиялық пластинкалардың қараюына әкеледі екен. 1896 жылы Анри Беккерель уран қоспалары тереңірек енетін сәулелер шығарады екенін анықтады. Анри Беккерельдың сәулелері 1895 жылы Вильгельм Рентгенмен ашылған рентген сәулелері сияқты сырттан әсер етуден емес (жарықпен), ол уранның өз қасиеті. Осы жұмбақ құбылыспен тамсанған Мария Кюри өзіне жаңа зерттеулер аймағын ашты. 1898 жылы өз зерттеулерін бастаған Кюри ханым, алдымен уран қоспаларынан басқа Беккерель ашқан сәулелер шығаратын заттар бар ма екенін зерттей бастады.


Сонымен, үзіліссіз жарқыраудың, яғни энергия жоғалтудың себебі не екен? Күйеуін де осы зерттеулерге тартқан Кюри ханым өз алдына осы сұрақты қойды. Пьезоэлектрлікті ашқандағы әдіс осы зерттеулердің де негізін қалады. Сәулелердің сан шегі сол сәулелердің көмегімен ауа конденсаторы арқылы өтетін ток болды. Бұл ток Пьер Кюридің пьезокварцы арқылы өлшенетін және шығынын өтейтін. Зарядталған конденсатор пластинкасынан зарядталмаған пластинкаға өтетін ток шығынын өтеу үшін, сонымен байланысқан кварц пластинканы белгілі бір жүкпен жүктеу керек еді. Осы әдіс арқылы Кюри ханым сәулелердің болуы уран атомының қоспада болатынымен анықталатынын ашты. Яғни жарық көзі - уран атомдары.

Беккерель анықтағандай уран қоспасы жанындағы ауа электр өтімді болады. Осыны негізге алып Кюри күйеуі мен оның інісі Жак құрастырған бірнеше дәл қүралдармен басқа заттардың жанындағы ауаның электр өтімділігін өлшей бастады. Ол сол кезде белгілі элементтерден тек уран мен торий ғана радиоакивті екенін дәлелдеді. Кейінірек Кюри ханым маңыздырақ жаңалық ашты. Уран кені (сол кезде уран мен шайыр қоспасы) таза уранға қарағанда жарығырақ сәуле шығарады. Уран кенінде сол кезде адамзатқа белгісіз радиоактивтілігі күштірек элементтер бар. Ол осы жорамалын 1898 жылдың көктемінде Француз ғылым академиясына айтты.

Кейін Кюри ерлі-зайыптылары осы белгісіз элементтерді уран кенінен бөліп алуды ойлады. Күкіртсутекпен, басқа да қышқылдармен өндіре, уран кенін белгілі компаненттерге бөлді. Осы компаненттердің әрқайсысын жеке-жеке зерттей келе, барий мен висмут қоспалары ғана радиоактивтілікке ие. Бірақ, барий мен висмутқа радиоактивтілік тән болмағандықтан, Кюрилер осы металдардың қоспасында бір немесе бірнеше адамзатқа белгісіз радиоактивті элементтер бар деп тұжырымдады. 1898 жылдың шілде мен желтоқсан айларында жаңа екі элемент ашқандарын жариялады. Олар: полоний (Марияның туған жері Польшаның қүрметіне) және радий (латыншадан өздігінен жарық шығаратын).

Кюрилер осы элементерді таза күйінде бөліп ала алмағандықтан, химиктерге осы элементтердің барының ең басты айғағын келтіре алмады. Кюрилер осы екі элементті уран кенінен бөліп алуға кірісті. Олар анықтағандай элементтер уран кенінің тек миллионнан бір бөлігін ғана құрайды. Ол элементтерді бөліп алу үшін Кюрилерген уран кені көп мөлшерде қажет болды. Кюри ханым жаңа шипалық қасиеті бар радийді бөліп алудың тәсілін тапты. Радиоактивті элементтер уран қоспасының миллионнан бір бөлігін қүраса да, Кюрилер оны бөліп алды. Осы әдіспен Кюрилер химиялық таза радий тұздарын, кейінірек күйеуінің қазасынан кейін таза радийді бөліп алды. Кюри әдісі: өнделіп жатқан затқа белгілі бір заттармен әсер етіп, оны екі фракцияға бөліп алу. Радиоакивтілікті өлшеу арқылы олар радиоактивті элемент қай фракцияға кеткенін білді. Ол фракция қайтадан өңдеуге түсіп қайтадан екі фракцияға бөлінді. Қайтадан қай фракцияға радиоактивті элемент кеткенін анықтады. Тағы да сол сияқты. Эр бөлінуден кейін фракцияда радиактивті элементтің проценті көбейді. Осыдай бөле-бөле таза радий тұзына да жетті. Осыдан бастап Кюри әдісі әртүрлі жерлерде қолданды.

Келесі төрт жыл бойы Кюрилер адам денсаулығына қауіпті жерде жұмыс істеді. Олар химиялық бөлінумен үлкен тесік және жан-жағынан жел соғып тұратын ғимаратта орнатылған чандарда айналысты. Заттарды зерделеуді муниципалды мектептің кішкентай ыңғайсыз зертханасында орындауға тура келді. Осы қиын кезеңде Пьер Кюридің қаражаты жетпей, кішкентай бала мен зерттеулер Мария Кюридің бар уақытын алса да, ол Севрда (Франция), Эколь нормаль сюперьер (орта мектептерге мұғалім дайындайтын мекемеде) физика пәнінің мүғалімі болды. Әйелінен айырылған Пьердің әкесі Кюрилерге көшіп келіп, кішкентай Иренге қарады.

1902 жылдың қыркүйегінде Кюрилер бірнеше тонна уран кенінен олар радий хлоридін бөліп алғанын жариялады. Полонийді бөліп алу жүзеге аспады, себебі ол радийдың бейтараптануына себепші еді. Қоспаны зерделей келе Мария радийдің атомдық массасы 225-ке тең екенін анықтады. Радий тұзы көгілдір жарық пен жылу шығарды.

Зерттеулерді бітірген Мария Кюри өзінің докторлық диссертациясын жазды. Жұмысы «Радиоактивті заттарды зерттеу» деп аталды. Ол жұмысқа полоний мен радийді бөліп алудағы байқалған құбылыстардың сипаттамалары енді. Марияға жаңа ғылыми атақ беріліп, оның еңбегі доктарлық диссертациямен қосылған ұлы жаңалықтар қатарына кірді.

1903 жылы Швед корольдігінің ғылым академиясының шешімімен Беккерель мен Кюри ерлі-зайыптыларына Нобель сыйлығы тағайындалды. Мария мен Пьер Кюрилер нобель сыйлығының жарты сыйақысын алды. Мария Нобель сыйлығын алған бірінші әйел. Мария да, Пьер да науқас болғандықтан Стокгольмге бара алмады. Сыйлықты келесі жылдың жазында алды.

Эрнест Резерфорд пен Фредерик Содди жаңа теория ұсынды. Ол теория бойынша, радиоакивті жарықтар атом ядросының құлдырауынан пайда болады. Радиоактивті ядроның құлдырауы кезінде трансмутация (бір атомның ядросынан екінші элементің ядросына айналу) күйін кешеді. Мари өз зерттеулерінде торий, уран және радий ядроларының қүлдырауын көрмегендіктен, себебі ол өте баяу процесс, бірден бұл теорияны қабылдамады. 1906 жылы бәрібір де мадам Кюри Резерфорд-Содди теориясын қабылдады. Бұл шындыққа ең жақын теория еді.

Радийдің адам организміне әсерін атап өткен Кюрилер, радий элементі медициналық мақсаттарда, яғни рак ауруын емдеуде қолдануға болатынын айтты. Радийдың бүл қасиеті тез арада бағаланып, радийдың құны өсіп кетті. Кюрилер бұл экстракционді процесті потенттеуден бас тартты. Олардың ойынша, ғылымды коммерциялық пайда әкелу үшін пайдалану нағызғалымға жат қылық және ол білімге деген еркіндікті жояды. 1904 жылы Пьер Кюри Сарбоннаның физика пәнінен профессор, ал Мария Кюри күйеуінің зертханасының меңгерушісі болды. Осы жылдың желтоқсан айында дүниеге олардың екіші қызы Ева келді. Кейін Ева өз анасының биографиясын жазды.

1906 жылы сәуірде Пьер Кюри көше апатында қайтыс болып, Мария қара жамылды. Бірақ, жұмысын жалғастыруға күш тапты. Сол жылдың мамыр айында, Мария ғылым мен білім министрлігі тағайындаған зейнетақыдан бас тартып, Сорбонна әкімшілігі оны физика кафедрасының бас меңгерушісі етіп тағайындады. 6 айдан кейін ол өзінің бірінші лекциясын оқып, Сарбоннада жұмыс істеген бірінші әйел болды.

1910 жылы Андре Дибермен бірлесе отырып Мария Кюри таза металл күйіндегі радийді алды. Осымен Мария Кюри 12 жыл бұрын бастаған зерттеулер циклін аяқтады. Ол радий химиялық элемент екенін дәделдеді. Ол радиоактивті эманацияны өлшеудің тәлілін ойлап тапты. Ол радийдің таза металл күйі мен таза радий хлоридін алды.

Мадам Кюри радиоактивті құлдырауды өлшеуде дәлдікке қол жеткізді. Кюри ханым радиоактивті ядро құлдырауының уақытын үлкен дәлдікпен есептеуге болады деп жорамалдады. Себебі ол уақыт ешқандай сыртқы күштердің әсерінен өзгермейді. 1903 жылдан бастап Кюри радиоакивті сағаты қолданылады.

1910 жылдың соңына қарай көпшіліктің талабымен Мария Кюридің кандидатурасы Француз ғылым академиясының ең жоғары деген лауазымына ұсынылды. Пьер Кюри бұл академияға қайтыс болуына дейін 1 жыл бұрын қабылданды. Француз ғылым академиясының тарихында Мария Кюри дейін әйел ол ұйымның мүшесі болмаған. Сондықтан болар Мария Кюридің кандидатурасы оның жақтастары мен қарсыластары арасындағы жанжалға әкелді. Бірнеше айлардан кейін Мария Кюридің кандидатурасы бір ауыздан алынып тасталынды.

Бірнеше айдан кейін Мария Кюриға Швед корольдігінің ғылым академиясы Нобель сыйлығын тағайындады. Ол сыйлық Мари Кюридің «химия ғылымына қосқан үлесі үшін: радий мен полонийдің ашылуы, радийді бөліп алу мен оның қасиеттерін зерттеуі». Мария Кюри тарихта бірінші рет Нобель сыйлығының екі мәрте лауреаты атанды. Жаңа Нобель сыйлығының иесін айта отыра, Э.В. Дальгрен «Радийді зерттеу, жаңа ғылымның пайда болуына әкелді, радиология. Ол ғылым өз институты мен журналдары бар ғылым».

Бірінші дүниежүзілік соғысқа таман Париж университеті мен Пастеров институты Радий инстиутының ашылуын жариялады. Онда радиоактивтілікті зерттеді. Мария Кюри «радиоактивтілікті зерттеу мен оның медицинада қолданлу» бөлімінің бас меңгерушісі болып тағайындалды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Мария Кюри соғыс дәрігерлерін радиоактивтілікті медицинада қолданысын үйретті. Мысалы, Рентген сәулелері арқылы адам денесіндегі оқ-дәріні табу. Госпитальдерде ол радиологиялық қондырғыларды жасауға, жылжымалы рентген аппараттарымен жабдықтауға көмектесті. Ол өз білімін «Радиология және соғыс» атты еңбегінде баяндады.

Соғыстан кейін Мария Кюри Радиология институтына оралды. Өмірінің соңғы жылдары ол студенттердің жұмысын басқарып, радиологияның медицинадағы қолдануына жол ашты. Ол Пьер Кюридің биографиясын жазды. Оның бұл еңбегі 1923 жылы жарыққа шықты. Мария соғыс аяқталғаннан кейін егемендік алған өз отанына келіп тұрды. Ол Польшада зерттеушілерге көмек көрсетті. 1921 жылы Мария қыздарымен АҚШ-та болып қайтты. Онда Мария зерттеулерін жалғастыруға сыйға берген 1 тонна радийді алды.

Біраз жылдар бойы радиймен жұмыс істеуі Марияның денсаулығына қатты әсер етті. Мария мен Пьер оның денсаулыққа қауіптілігін білген жоқ. Пьер әрқашан өзімен бірге радий хлоридінің пробиркасын ұстап жүріп. Радий ураннан милолион есе радиоактивті деп мақтанатын. Мария өз төсегінің жанында радий тұздарын қойып қоятын. Оған радийдің түнде жарқырауы ұнайтын. Олардың саусақтары күйіп кетті. Олар денсаулықтарының нашарлауының себебі радий деп ойлап көрген де емес. Қорғасын табыттағы Мария Складовская-Кюридің денесі әлі күнге шейін 360 беккерель/м3 интенсивтілікпен радиоактивтілік шашып тұр. Негізгі норма 13 бк/м3.

Мария Кюри 1934 жылдың 4 шілдесінде аққандық ауруынан Альпідегі Сансселлемоз дейтін жерде қайтыс болды.

Екі Нобель сыйлығымен қатар Мария Кюри Француз ғылым академиясының Вертело орденімен (1902), Дэви Лондонның корольдік қоғамының орденімен және Эллиот Крессон Франклин Институтының орденімен марапатталды. Ол әлемнің 85 ғылым қоғамының, оның ішінде Француз медицина академиясының мүшесі. Сонымен қатар, ол 20 түрлі ғылыми дәрежелерге ие. 1911 жылдан қайтыс болғанға дейін Кюри физикадан Сольвеев конгресіне қатысып келді. 12 жыл бойы Ұлттар Лигасының интеллентуалды достастығының комиссиясының мүшесі болып келді.

kk.wikipedia.org

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға