Жаңалықтар

Әңгіме

Әңгіме, баспасөз конференциясы, дискуссия екеуаралық сипатқа ие болып, сұхбаттан өзгешеленеді. Әдебиетте «әңгіме» деген терминге сан түрлі анықтама беріледі. Біздің жағдайымызда бұл бір-бірімен ой бөлісетін, ортақ мәселе төңірегінде сөз қозғайтын бірнеше адамдар қатысатын бағдарлама туралы болмақ. Сонымен, әңгіме -екеуара хабарламалық пішін, сараптамалык публицистиканың арнайы телевизиялық жанры. Бағдарламаларда жиі кездеседі. Әңгіме қоғамдық қызығушылық туғызьш отырған оқиғаларға, өзекті тақырыптарға арналады: саяси, экономикалық, әлеуметтік, адамгер-шілік-эстетикалық, ғылыми т.б. Көбінесе, әңгіме соңы дискуссияға ұласып отырады. Шиеленістің болуы, әртүрлі көзқарастардың қақтығысып қалуы, ойдың дамуы, алдын-ала жоспарланған сценарий бойынша, соңында бұл шиеленістерді ең сенімді мәліметтер көмегімен шешу шындық сапасының артуына, бағдарламаның танымалдылығына әкеледі. Өзінің сыртқы ерекшелігіне орай, әңгіме ішкі динамикалық қатаңдыққа ие. Мұнда әртүрлі көмекші құралдар қолданылады: кадрлар, фотосуреттер, кескіңдер, құжаттар.т.б. Телеәңгіме. Әңгіме, баспасөз-конференциясы, пікірталас диалогтық сипатта болып, өз шежіресін сұхбаттан бастайды. Әңгіме - хабарламаның диалогтық пішін ұсынатын сараптамалық публицистиканың спецификалық телевизия жанры. Бұл пішін бағдарламаларда кең тараған және қоғамның қызығушылығын туғызатын тақырыптарга арналады. Телеәңгіме саяси, экономикалық, қоғамдық, этикалық, ғылыми және т.б. пікірталасқа айналып кетеді. Келіспеушіліктің болуы, әр түрлі көзқарастың соқтығысуы, сценарийлық жоспар бойынша жасалған ойдың дамуы, нәтижесінде -сендіретін дәлелдерді таңдау арқылы келіспеушілікті шешу, мәселенің мағыналылығы, кызықтығы - бұл қасиеттер осындай бағдарламалардың әрекетгілігін және танымалдығын, сонымен қатар олардың жасалуының күрделілігін көрсетеді. Автор-публицистің осындай әңгімелерді дайындаудағы жұмысы тақырып анықтаудан, қатысушыларды таңдаудан, композициялық шешімді жоспарлаудан басталады. Сценарийлық жоспар болашақ бағдарламаның маңызды кезеңін ғана белгілейді. Мұндай бағдарламаларға тым нақтыланған сценарий келмейді, себебі, ол суырып-салма өнерді, табиғилықты, ой дамуының бейнелігін жоғалтады. Әңгіменің құрылымын анықтайтын негіз - мазмұн, таңдалған тақырыпты ашатын сценарийлық жоспар және студияға шақырылған адамдардың өзара қатынасы. Жоғарыдағы кұрылым негізгі түгел болғанда ғана әңгіменің ішкі динамикасы тартымды шығады, онда әртүрлі қосымша құралдар (кадр, фотосурет, схема, құжат) қолданылуы мүмкін.   Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.
12.09.2013 09:09 8865

Әңгіме, баспасөз конференциясы, дискуссия екеуаралық сипатқа ие болып, сұхбаттан өзгешеленеді. Әдебиетте «әңгіме» деген терминге сан түрлі анықтама беріледі. Біздің жағдайымызда бұл бір-бірімен ой бөлісетін, ортақ мәселе төңірегінде сөз қозғайтын бірнеше адамдар қатысатын бағдарлама туралы болмақ. Сонымен, әңгіме -екеуара хабарламалық пішін, сараптамалык публицистиканың арнайы телевизиялық жанры. Бағдарламаларда жиі кездеседі. Әңгіме қоғамдық қызығушылық туғызьш отырған оқиғаларға, өзекті тақырыптарға арналады: саяси, экономикалық, әлеуметтік, адамгер-шілік-эстетикалық, ғылыми т.б. Көбінесе, әңгіме соңы дискуссияға ұласып отырады. Шиеленістің болуы, әртүрлі көзқарастардың қақтығысып қалуы, ойдың дамуы, алдын-ала жоспарланған сценарий бойынша, соңында бұл шиеленістерді ең сенімді мәліметтер көмегімен шешу шындық сапасының артуына, бағдарламаның танымалдылығына әкеледі. Өзінің сыртқы ерекшелігіне орай, әңгіме ішкі динамикалық қатаңдыққа ие. Мұнда әртүрлі көмекші құралдар қолданылады: кадрлар, фотосуреттер, кескіңдер, құжаттар.т.б.

Телеәңгіме. Әңгіме, баспасөз-конференциясы, пікірталас диалогтық сипатта болып, өз шежіресін сұхбаттан бастайды.

Әңгіме - хабарламаның диалогтық пішін ұсынатын сараптамалық публицистиканың спецификалық телевизия жанры. Бұл пішін бағдарламаларда кең тараған және қоғамның қызығушылығын туғызатын тақырыптарга арналады. Телеәңгіме саяси, экономикалық, қоғамдық, этикалық, ғылыми және т.б. пікірталасқа айналып кетеді.

Келіспеушіліктің болуы, әр түрлі көзқарастың соқтығысуы, сценарийлық жоспар бойынша жасалған ойдың дамуы, нәтижесінде -сендіретін дәлелдерді таңдау арқылы келіспеушілікті шешу, мәселенің мағыналылығы, кызықтығы - бұл қасиеттер осындай бағдарламалардың әрекетгілігін және танымалдығын, сонымен қатар олардың жасалуының күрделілігін көрсетеді.

Автор-публицистің осындай әңгімелерді дайындаудағы жұмысы тақырып анықтаудан, қатысушыларды таңдаудан, композициялық шешімді жоспарлаудан басталады. Сценарийлық жоспар болашақ бағдарламаның маңызды кезеңін ғана белгілейді. Мұндай бағдарламаларға тым нақтыланған сценарий келмейді, себебі, ол суырып-салма өнерді, табиғилықты, ой дамуының бейнелігін жоғалтады. Әңгіменің құрылымын анықтайтын негіз - мазмұн, таңдалған тақырыпты ашатын сценарийлық жоспар және студияға шақырылған адамдардың өзара қатынасы. Жоғарыдағы кұрылым негізгі түгел болғанда ғана әңгіменің ішкі динамикасы тартымды шығады, онда әртүрлі қосымша құралдар (кадр, фотосурет, схема, құжат) қолданылуы мүмкін.

 

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға