Жаңалықтар

Рецензия

«Рецензия» сөзі латын тілінен шыққан, қазақша «хабарлама», «баға», «пікір» деген мағынаны білдіреді. Рецензияға қатаң бекітілген зерттеу тақырыбы (ғылым, публицистика, көркемөнер шығармалары) және оны талдаудың (туындының идеясы, езектілігі жэне жеткізу тэсілдері) бағыты тән. Рецензияның мазмұны тұтастай авторға байланысты. Осыдан келіп рецензияның жанрлық пішіндерінің әртүрлілігі шығады. Рецензияның мынадай түрлерін атауға болады: рецензия - мақала (дәстүрлік пішін) рецензия - сұхбат (диалог, дөңгелек үстел) рецензия - фельетон (өткір сыни) -  рецензия - очерк (очерк элементтерін бойына топтастырған көлемді рецензия) -         рецензия - хабар-ошар (аннотацияға жақын шағын рецензия) Рецензияны жазу автордың міндетіне оқырман қауымды жаңа туындымен таныстырып, оған баға беру жатады. Оқулықтар мен оқу құралдарында рецензияны субьективті жанр емес, қайнар көздің жүйеленген талдауына негізделген деп көрсетеді. Шын мәнінде жағдай бұдан да күрделірек. Тіпті белгілі, беделді әдебиет сыншыларының бір туындыға берген бағасы диаметральды түрде бір-біріне қарама-қарсы болып жатады. Сондықтан рецензия авторы екі мақсатты көздейді: ақпараттық-танымдық және шығарманың талдауын тұспалдайтын зерттеушілік. Рецензия - көркем немесе ғылыми шығарма, қоғамдық-саяси немесе техникалық әдебиет, театр қойылымы, кинофильм, теледидар бағдарламалары, өнер көрмесі, музыкалық концерт және тұрмыстық жағдай сыналатын, баға берілетін жанр. Рецензия сондай-ақ «бейнеленген шындықтың» сынын анықтайды. Рецензент әдетте қайталама деректерді қолданады. Сондай-ақ рецензияда деректі материал мен тезистер бар болады. Рецензент жүгінетін адресат реципиент, яғни оқырман, тыңдаушы және көрермен, сондай-ақ бағаланатын немесе сыналатын шығарманың авторы болып табылады. Бұл жерден рецензияның тікелей мақсаты шығады - бұл тәрбиелік және эстетикалық тапсырмалар. Рецензияның негізгі қасиеті - рецензентгің көзқарасындағы жаңашылдық. Сондықтан да рецензия кезінде ретрошективті тапсырмалар шешілуі мүмкін. Рецензияның негізгі түрлеріне мыналар жатады: Әдеби рецензия. Ғылыми рецензия. Театр рецензиясы. Кино рецензиясы және т.б. Рецензияның негізін дерек құрайды, бұл дереқтер өзге жанрлардағыдай өмірден емес, эдеби туындыларынан алынады, яғни, рецензияда дерек екінші рет өңдеуге ұшырайды. Сынның әр түрінің (әдеби, театр, кино, сурет өнері) туындының спецификасына шартты негізделген ерекшеліктері болады. Рецензияда берілген тақырыпқа қатысты автордың қаншалықты хабардар екені өте маңызды. Сыншының білімі терең болған сайын рецензия да соғұрлым мазмұнды, дәлелдеме де сенімді берілген бағаның беделі де жоғарылай түседі. Сыни талдаудың мағыналық тереңдігі баспасөздегі оған берілген орынға байланысты. Арнайы мамандандырылган баспасөзде рецензия толық, мағыналық жағынан қарапайым адамға түсініксіздеу тілде жазылады. Ал, көпшілікке арналған бұқаралық ақпарат құралдарында рецензияның мазмұны мен жазылу мәнері қарапайым оқырманға түсінікті тілде лайықталып жазылуы керек. Сыни туындының көлемі баспасөздегі оған берілген орынға тікелей тәуелді. Шағын газеттік реценцияда толық, жан-жақты, дәлелдермен дәйектелген талдау беру мүмкін емес. Бұл мәселені шешудің екі жолы бар. Біріншісі, қарастырылып отырған аспектілердің қысқартылуы (мысалы, кинорецензияда біз сюжет, әртістердің ойыны жайлы сөз қозғалса, оператордың жұмысы, монтаж, мәдени-идеялық бірлестіктердің құрылуы ұмыт қалады). Екіншісі, мазмұн жинақтылығы, туындыға берілген бағалардың көрсетілуі.   Дерекөз: Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.
12.09.2013 09:05 42696

«Рецензия» сөзі латын тілінен шыққан, қазақша «хабарлама», «баға», «пікір» деген мағынаны білдіреді. Рецензияға қатаң бекітілген зерттеу тақырыбы (ғылым, публицистика, көркемөнер шығармалары) және оны талдаудың (туындының идеясы, езектілігі жэне жеткізу тэсілдері) бағыты тән.

Рецензияның мазмұны тұтастай авторға байланысты. Осыдан келіп рецензияның жанрлық пішіндерінің әртүрлілігі шығады. Рецензияның мынадай түрлерін атауға болады:

  • рецензия - мақала (дәстүрлік пішін)
  • рецензия - сұхбат (диалог, дөңгелек үстел)
  • рецензия - фельетон (өткір сыни)

-  рецензия - очерк (очерк элементтерін бойына топтастырған
көлемді рецензия)

-         рецензия - хабар-ошар (аннотацияға жақын шағын рецензия)
Рецензияны жазу автордың міндетіне оқырман қауымды жаңа туындымен таныстырып, оған баға беру жатады. Оқулықтар мен оқу құралдарында рецензияны субьективті жанр емес, қайнар көздің жүйеленген талдауына негізделген деп көрсетеді. Шын мәнінде жағдай бұдан да күрделірек. Тіпті белгілі, беделді әдебиет сыншыларының бір туындыға берген бағасы диаметральды түрде бір-біріне қарама-қарсы болып жатады. Сондықтан рецензия авторы екі мақсатты көздейді: ақпараттық-танымдық және шығарманың талдауын тұспалдайтын зерттеушілік.

Рецензия - көркем немесе ғылыми шығарма, қоғамдық-саяси немесе техникалық әдебиет, театр қойылымы, кинофильм, теледидар бағдарламалары, өнер көрмесі, музыкалық концерт және тұрмыстық жағдай сыналатын, баға берілетін жанр. Рецензия сондай-ақ «бейнеленген шындықтың» сынын анықтайды.

Рецензент әдетте қайталама деректерді қолданады. Сондай-ақ рецензияда деректі материал мен тезистер бар болады. Рецензент жүгінетін адресат реципиент, яғни оқырман, тыңдаушы және көрермен, сондай-ақ бағаланатын немесе сыналатын шығарманың авторы болып табылады. Бұл жерден рецензияның тікелей мақсаты шығады - бұл тәрбиелік және эстетикалық тапсырмалар. Рецензияның негізгі қасиеті - рецензентгің көзқарасындағы жаңашылдық. Сондықтан да рецензия кезінде ретрошективті тапсырмалар шешілуі мүмкін.

Рецензияның негізгі түрлеріне мыналар жатады:

  1. Әдеби рецензия.
  2. Ғылыми рецензия.
  3. Театр рецензиясы.
  4. Кино рецензиясы және т.б.

Рецензияның негізін дерек құрайды, бұл дереқтер өзге жанрлардағыдай өмірден емес, эдеби туындыларынан алынады, яғни, рецензияда дерек екінші рет өңдеуге ұшырайды.

Сынның әр түрінің (әдеби, театр, кино, сурет өнері) туындының спецификасына шартты негізделген ерекшеліктері болады. Рецензияда берілген тақырыпқа қатысты автордың қаншалықты хабардар екені өте маңызды. Сыншының білімі терең болған сайын рецензия да соғұрлым мазмұнды, дәлелдеме де сенімді берілген бағаның беделі де жоғарылай түседі.

Сыни талдаудың мағыналық тереңдігі баспасөздегі оған берілген орынға байланысты. Арнайы мамандандырылган баспасөзде рецензия толық, мағыналық жағынан қарапайым адамға түсініксіздеу тілде жазылады. Ал, көпшілікке арналған бұқаралық ақпарат құралдарында рецензияның мазмұны мен жазылу мәнері қарапайым оқырманға түсінікті тілде лайықталып жазылуы керек.

Сыни туындының көлемі баспасөздегі оған берілген орынға тікелей тәуелді. Шағын газеттік реценцияда толық, жан-жақты, дәлелдермен дәйектелген талдау беру мүмкін емес. Бұл мәселені шешудің екі жолы бар. Біріншісі, қарастырылып отырған аспектілердің қысқартылуы (мысалы, кинорецензияда біз сюжет, әртістердің ойыны жайлы сөз қозғалса, оператордың жұмысы, монтаж, мәдени-идеялық бірлестіктердің құрылуы ұмыт қалады). Екіншісі, мазмұн жинақтылығы, туындыға берілген бағалардың көрсетілуі.

 

Дерекөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға