Баспасөз мақаласы
Баспасөздегі мақала - оның бағытын айқындайтын публицистика жанрларының маңызды түрі. Мақала автор, редактор, баспагердің көзқарасын айқындайтын жанр. Мақаланың мақсаты корреспонден-циядағыдай емес, оған көзқарастардың ауқымдылығы мен жалпылау тән.
Мақала - публицистика жанрының бір түрі. Публицистиканың бұл түрінде әлеуметтің ең маңызды, мәнді тақырыбы, мазмұны толық, жан-жақты терең зерттелген, барлық құбылыстардың, іс-оқиғалардьщ талдауы, деректерге негізделіп жазылуы керек. Сондай-ақ, мақалада оқиғалар мен деректердің дұрыс құрылған бірегей талдауы негізінде автордың өзіңдік көзқарасы, пікірі көрінеді. Мақалада айтылған жағдайға байланысты ашылған дәлелге негізделген, оньщ мәтіні ережеге сәйкес кіріспе және қорытынды бөлімнен, шешімі мен ұсыныстан тұратын анық логикалық байланысқа құрылған мэліметтер негізінде жазылуы тиіс. Мақала -публицистика жанрының ең күрделі түрі.
Мақаламен жұмыс. Журналистің мақаламен жұмысы - кезеңдер қатарынан құралған ұзақ еңбек. Мақаланың атын таңдау қоғамның қажеттілігі мен ағымдағы саяси-элеуметтік конъюнктурасымен себептеледі. Материалды жинақгау үнемі жүргізіледі.
Атақты публицистер өмір бойы жазбалар мен бақылауларын жазып отырған. Мақаланың сәттілігі автордың тақырыпқа қызығушылыгымен, логикалық ойлау мен сараптауға қабілеттілігімен, материалдарды мұқият зерттеуімен жэне білімінің кеңдігімен (эрине баяндау шеберлігімен қатар) сипатталады.
Мақаламен жұмыс істеу тэжірибесінде зерттеудің басқа да тәсілдері бар. Ақпарат жинауға, құжаттарды зерттеуге, сауалдар мен басқа дайындық кезеңінің элементтеріне ерекше тоқталған жөн. Жұмыстың әрбір кезеңіндегі және мәтін жазу алдында жағдайдың сипаттамасы маңызды болып келеді.
Жалпы мақаламен бүкіл жұмыс төрт негізгі кезеңге бөлінеді:
- Тақырып таңдау. Журналистің жеке қызығушылығы мен
элеуметтік қажеттіліктен туындайды.
- Материал жинау. Бұл детализация мен жеке зерттеуді талап ететін айтарлықтай ұзақ үрдіс.
- Әдеби өңдеу: мәтіннің жазылуы мен алдын-ала редакциялануы. Редакцияның талаптарын ескеріп, белгілі бір оқырман аудиториясына бағытталуы қажет.
- Мәтіннің безендірілуі: соңғы редакциялану, жинау, түзету, қажет болса иллюстрацияларды қоса беру.
Өзекті мәселе қоғамда көп кездеседі. Журналист оған қоғамның назарын бірінші болып аударуы мүмкін, немесе мәселенің қоршаған шындықпен ешкім сезіктенбеген байланысын табу, немесе оны шешу жолдарын ұсынуы да ықтимал. Кез-келген әлеуметтік маңызы бар мәселе журналистиканың бөлігі болып табылады.
Қоғамдық мәселе журналистік зерттеуге дейін «өз ішінде» деген екі ұғымды қалыптастырады. Ол ақиқат арқылы өмір сүреді, бірақ ішінде не жатқаны мен сыртқы ортамен байланысы - ешкімге белгісіз. Осыны ашу - журналистің міндеті. Қоғамның өзекті мәселесін зерттеу үрдісі төмендегідей бөліктерден тұрады:
1. Дерек пен құбылысты белгілеу.
2.Маңызды мәселені тұжырымдау.
З.Материалды зерттеу.
4. Мәселенің жағдайы, даму барысымен жете танысу.
5.3ерттеу барысында кездесетін кедергілерді білу.
6. Мәселенің біржолата шешілуі.
7.Қорытынды тұжырымның өзекті мәселесі және оны шешудің жолдарының көрсетілуі.
Әрине, бұл қатып қалған қағида емес. Әрбір нақты жагдайда оған түзету енгізуге болады. Алайда болашақ журналист осы қағидаттармен жұмыс істей білуі тиіс.
Мақала - бұл өмірлік-маңызы бар құбылыстар туралы жазылған материал. Деректер мақалада негізгі рөл атқарады. Мақалада мәселе және құбылыс маңызды. Онда аргументация, эрекеттердің мотивациясы толығымен қолданылады, барлық мәтін түрлері пайдаланылады: баяндау, суреттеу және ой қосу да орын алады. Мақаланы шартты түрде былай бөлуге болады:
- Үздік - бұған дәйектілік негіз болады.
- Үгіттеу - мұнда үгіттеу маңызды әдіс болып табылады.
- Таза ғылыми және ғылыми-танымдық мақала.
- Проблемалық мақала - автордан мәселені жан-жақты, терең зерделеуді, бастамашылдықты, батылдықты талап етеді.
В.В. Ворошилов: «Мақаланың ерекше түріне әртүрлі оқиғаларға жедел үн қосып, оларға түсінік беруге және бағалауға мүмкіндік беретін публицистикалық түсініктемені жатқызуға болады»,-дейді.
Мақала авторының алдында мынадай міндеттер тұрады:
2.Мақаланың өзектілігі мен маңыздылығына мән беру, тақырьштың мағынасын ашу.
З.Қоғамдық мәселеленің шешілу жолдарын көрсету, талдау жасау.
4. Жалған ақпарат беруден, жала жабудан аулақ болу.
Мақаланың белгілері:
І.Әртүрлі құбылыстардың бір-бірімен өзара байланысы.
2.Салыстыру, бағалау, түсіндірме, толықтырулар мен болжамдардың, яғни талдамалы-жинақтау әдістерінің қолданылуы.
3. Коммуникативтік кұралдардың қолданылуы.
4.Болған оқиғаиың кешегісі мен бүгінін салыстырмалы түрде байланыстыру.
5.Мақаланың қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге құрылуы.
Обьектінің мақалада көрінуінің бірінші кезеңі - онымен танысу. Бұл жағдайда берілген мәліметтердің топтамасы мен типология әдістері қолданылады.
Түсіндірменің екінші кезеңі - түсіндіру, яғни себеп-салдарлық байланыстарды көрсету.
Түсіндірменің үшінші кезеңі - болжам жасау. Мұнда сарапшы бағалауларының әдісі, экстраполяция әдісі, сценарий әдісі қолданылады
Түсіндірменің төртінші кезеңі - баға. Тікелей авторлық баға, сарапшы бағалауының әдістері қолданылады.
Түсіндірменің бесінші кезеңі - қалыптасқан шарттар негізінде журналистің ұсынған іс-әрекетер бағдарламасы. Белгілі бір құндылықтарға ие бола отырып, өз мақсатына қалай жетуге болады, немесе мақсатқа жету үшін қандай құндылықтарды пайдаланған жөн.
Мақаланың композициясы автордың зерттеу әдісінің қандай түрін таңдап алатынына байланысты.
Стилистикалық ерекшеліктеріне келсек, мақаланы екі үлкен топқа бөлуге болады.
- Ғылыми стильге бейімделген мақала. Бұл сипаттағы мақалалар тілінің нақтылығымен, терминдердің молдығымен, автордың ойлау тереңдігінің логикалық сипатын айқындайтын және ақпаратты «қосуға» мүмкіндігі молдығымен ерекшеленеді.
- Еркін көсілуге болатын мақала. Мұндай мақалаларда авторлық «мені» белсенді жұмыс істейді, көркемдік бейнелеуіш құралдар, троп түрлері, ауызекі сөйлеу лексикасы еркін қолданылады. Жай сөйлемдер мен жалғаулықсыз байланыстар саны едәуір ұлғаяды.
Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева
«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.