Жаңалықтар

Мақала

Мақаланың негізінде не жатады? Дерек пен жекелеген оқиға жатады, олар кең ауқымды құбылыс ретінде қарастырылады. Нақты деректер, оның тууына негіз болған құбылыстармен байланысқа түседі. Мақалада деректер автордың ойын жеткізу күралы ретінде қолданылады. Автордың көзқарасы, оның түйіндері кең ауқымды орынға ие және нақты дерекке негізделген жалпылама жинағы құрайды. Мақаланың ерекшелігі оның бір ғана нақты ойды дамыта түсуінде жатыр. Логикалық ой мен дәлелдердің мақсаттылығы, сөйлемдер мен түйіндердің нақтылығы басты назарда болады. Мақаланың мәні ассоциация мен түйіндерден құрылатын автордың ойында жатыр. Сатылай келе тезистердің көмегімен автор оқырманды өзекті мәселеге жақындата түседі. Содан кейін өзінің дэлелдерінің логикалық тізбегін келтіріп, автор оқырманды өз ойының дұрыстығына иландыруға тырысады. Алайда, автор тек қана дәлелдердің логикасына ғана мән беріп қоймайды. Ол эмоциональды әсердің құралын пайдаланады. Журналистика теориясында мақала жанрының бірнеше анықтамасы бар. Зерттеушілердің бірі Н.М.Хлынов: «Мақала ғылыми ақпарат, бас идеялардың насихатшысы мен оқиғаны зерттеудің негізгі үлгісі. Теориялық және практикалық негіз, түйін, басқа жанрларға қарағанда оның мақсаттылыгы мақала жанрында түсініктілігімен, тілдің эсерлілігімен, стильдің көркемдігімен үндесіп жатады»,-дейді. Д.Г.Бекасов: «Мақала - публицистикалық жанр. Ол нақты анықталған бір ойдың дамуын қамтиды»,-дейді. В.Д.Пельт ұсынған анықтамада: «Мақала - маңызды элеуметтік мәселеге байланысты туған деректі ойды танытатын публицистикалық жанр»,-деген тұжырым ұсынады. М.С.Черепахов бұл жанрға төмендегідей түсініктеме береді: «Мақала дегеніміз публицистикалық жанрдың ерекше бір түрі. Ол мәселені оқырманға тарту ету, теориялық және жалпылама деректер мен құбылыстардың сараптамаларын беруімен сипатталады». Жоғарыдағы анықтамалар әртүрлі. Алайда, олардың түйісетін жері біреу. Мақала - публицистикалық зерттеудің пішіні. Сонымен қатар, зерттеушілер мақаланың түрлерін де әр қырынан қарастырған. Н.М.Хлынов мақалаларды: насихаттық, проблемалық, сахналық, жалпылама, сыни, ақпараттық, публицистикалық (публицистикалық комментарий, публицист заметкасы)деп бөлсе, В.Д.Пельт мақаланы мынадай түрлерге бөледі: насихаттық, проблемалық немесе сыни, публицистикалық, ақпараттық. А.А.Тертычный мақаланың тұрақты пішіндеріне тоқтала отырып, былай жіктейдІ: Жалпы зерттеу мақаласы. Тәжірибелік-сараптамалық мақала. Полемикалық мақала. Қазіргі газеттің басқа жанрлары сияқты мақала да ұздіксіз дамьш, жетіліп отырады. Газет публицистикасындағы мақалаға уақыт көп өзгеріс әкеліп, жаңа түр берген. Мақала сол түрленушіліктен кенде емес. Газет публицистикасында мақалалардын мынадай түрлерін байқауға болады: Ақпараттық мақала. Проблемалық-сараптамалық мақала. Теориялық мақала. Публицистикалық мақала. Мақаланың бүл түрлері зерттеушілердің бұрын да атап кеткен үлгісі екені рас. Бүл бұрын болған мақала түрлерінің уақыт өте жоғалып кетеді деген ойды білдірмейді. 1980 жылдардың екінші жартысында болған қайта құру кезеңінде газет беттерінен бас мақала жанры мүлдем түсіп қалды. Бас мақаланың орнына газет беттерінен «Публицист заметкасы», «Публицист комментарийі» сияқты айдарлар көріне бастады. Алайда, жанрдың бас мақала түрі жоғалғанымен, оның газеттен біржола кеткендігінің көрінісі емес. Яғни, бірнеше жылдар өтісімен бұл түрдің мерзімді басылым беттеріне қайта оралуы ықтимал. Сонымен, мақала өмірді зерттеудің публицистикалық үлгісінің бір пішіні. Ол журналистен нақты шеберлікті, соның ішінде зерттеу, қорыту, түйіндеу, авторлық ойдың дұрыстығын дэлелдеу сияқты қасиеттерді талап етеді. Сонымен қатар, автор мақаланың жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін жетік біліп, оның композициялық құрылымын шебер қолдануды меңгеруі керек. Мақала сараптамалық жанрдың ең күрделі түрі. Қазіргі таңда ол сапалы мерзімді басылымдардың бетінен түспейтін құндылыққа айналған жанр. Нөмірдің «шегесі» де мақала болып есептеледі. Қорыта айтқанда, мақалада қоғамның маңызды, қиын мәселелерін зерттеп, қарастырып, оның шешімін табу жолына бағыттау жагы басым түсіп жатады.   Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.
12.09.2013 08:56 58459

Мақаланың негізінде не жатады? Дерек пен жекелеген оқиға жатады, олар кең ауқымды құбылыс ретінде қарастырылады. Нақты деректер, оның тууына негіз болған құбылыстармен байланысқа түседі. Мақалада деректер автордың ойын жеткізу күралы ретінде қолданылады. Автордың көзқарасы, оның түйіндері кең ауқымды орынға ие және нақты дерекке негізделген жалпылама жинағы құрайды.

Мақаланың ерекшелігі оның бір ғана нақты ойды дамыта түсуінде жатыр. Логикалық ой мен дәлелдердің мақсаттылығы, сөйлемдер мен түйіндердің нақтылығы басты назарда болады. Мақаланың мәні ассоциация мен түйіндерден құрылатын автордың ойында жатыр. Сатылай келе тезистердің көмегімен автор оқырманды өзекті мәселеге жақындата түседі. Содан кейін өзінің дэлелдерінің логикалық тізбегін келтіріп, автор оқырманды өз ойының дұрыстығына иландыруға тырысады. Алайда, автор тек қана дәлелдердің логикасына ғана мән беріп қоймайды. Ол эмоциональды әсердің құралын пайдаланады. Журналистика теориясында мақала жанрының бірнеше анықтамасы бар. Зерттеушілердің бірі Н.М.Хлынов: «Мақала ғылыми ақпарат, бас идеялардың насихатшысы мен оқиғаны зерттеудің негізгі үлгісі. Теориялық және практикалық негіз, түйін, басқа жанрларға қарағанда оның мақсаттылыгы мақала жанрында түсініктілігімен, тілдің эсерлілігімен, стильдің көркемдігімен үндесіп жатады»,-дейді. Д.Г.Бекасов: «Мақала - публицистикалық жанр. Ол нақты анықталған бір ойдың дамуын қамтиды»,-дейді. В.Д.Пельт ұсынған анықтамада: «Мақала - маңызды элеуметтік мәселеге байланысты туған деректі ойды танытатын публицистикалық жанр»,-деген тұжырым ұсынады. М.С.Черепахов бұл жанрға төмендегідей түсініктеме береді: «Мақала дегеніміз публицистикалық жанрдың ерекше бір түрі. Ол мәселені оқырманға тарту ету, теориялық және жалпылама деректер мен құбылыстардың сараптамаларын беруімен сипатталады».

Жоғарыдағы анықтамалар әртүрлі. Алайда, олардың түйісетін жері біреу. Мақала - публицистикалық зерттеудің пішіні. Сонымен қатар, зерттеушілер мақаланың түрлерін де әр қырынан қарастырған. Н.М.Хлынов мақалаларды: насихаттық, проблемалық, сахналық, жалпылама, сыни, ақпараттық, публицистикалық (публицистикалық комментарий, публицист заметкасы)деп бөлсе, В.Д.Пельт мақаланы мынадай түрлерге бөледі: насихаттық, проблемалық немесе сыни, публицистикалық, ақпараттық. А.А.Тертычный мақаланың тұрақты пішіндеріне тоқтала отырып, былай жіктейдІ:

  1. Жалпы зерттеу мақаласы.
  2. Тәжірибелік-сараптамалық мақала.
  3. Полемикалық мақала.

Қазіргі газеттің басқа жанрлары сияқты мақала да ұздіксіз дамьш, жетіліп отырады. Газет публицистикасындағы мақалаға уақыт көп өзгеріс әкеліп, жаңа түр берген. Мақала сол түрленушіліктен кенде емес.

Газет публицистикасында мақалалардын мынадай түрлерін байқауға болады:

  1. Ақпараттық мақала.
  2. Проблемалық-сараптамалық мақала.
  3. Теориялық мақала.
  4. Публицистикалық мақала.

Мақаланың бүл түрлері зерттеушілердің бұрын да атап кеткен үлгісі екені рас. Бүл бұрын болған мақала түрлерінің уақыт өте жоғалып кетеді деген ойды білдірмейді. 1980 жылдардың екінші жартысында болған қайта құру кезеңінде газет беттерінен бас мақала жанры мүлдем түсіп қалды. Бас мақаланың орнына газет беттерінен «Публицист заметкасы», «Публицист комментарийі» сияқты айдарлар көріне бастады. Алайда, жанрдың бас мақала түрі жоғалғанымен, оның газеттен біржола кеткендігінің көрінісі емес. Яғни, бірнеше жылдар өтісімен бұл түрдің мерзімді басылым беттеріне қайта оралуы ықтимал. Сонымен, мақала өмірді зерттеудің публицистикалық үлгісінің бір пішіні. Ол журналистен нақты шеберлікті, соның ішінде зерттеу, қорыту, түйіндеу, авторлық ойдың дұрыстығын дэлелдеу сияқты қасиеттерді талап етеді. Сонымен қатар, автор мақаланың жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін жетік біліп, оның композициялық құрылымын шебер қолдануды меңгеруі керек.

Мақала сараптамалық жанрдың ең күрделі түрі. Қазіргі таңда ол сапалы мерзімді басылымдардың бетінен түспейтін құндылыққа айналған жанр. Нөмірдің «шегесі» де мақала болып есептеледі. Қорыта айтқанда, мақалада қоғамның маңызды, қиын мәселелерін зерттеп, қарастырып, оның шешімін табу жолына бағыттау жагы басым түсіп жатады.

 

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға