Жаңалықтар

Баспасөз шолуы

Мерзімді баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарына шолу. Қазақ басылымдарында бұл жанрдың пайда болуы XIX ғасырдан бастау алады. Оның нақты қалыптасуы мен дамуы жэне тұрақталуы XX ғасырдың 20-30 жылдарымен тұспа-тұс келеді. Баспасөздегі шолудың жарқын үлгілерін сол кезеңдерде шығып отырған «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлаяты» басылымдарынан байқауға болады. Шолу біздің ғасырымыздың басында белең алған революциялық-демократиялық,  большевиктік  баспасөзде  кең  етек   жайған. Бұл жанрдың жаппай дамуы кеңес дәуірінде болды десек те болады. Баспасөзге шолу сол кездері партиялық баспасөзді басқаратын әдіс ретінде қолданылды. Шолу ұғымы бұл жерде «қарастыру», «ой қорыту» деген мағынаны білдіреді. В.Д.Пельт: «Баспасөзге шолу мерзімді басылым мен газет журналдардағы маңызды мәселелерді қарастырып, сараптама жасау, баға беруді көздейді»,- дейді. Ал И.Жуков: «Баспасөзге шолу рецензиялы мерзімді басылым, яғни, газет пен журналдардың пішінін құрайды»,- деп анықтама береді. Қазіргі кезде БАҚ-қа шолу басылымның немесе телерадио бағдарламаларының ерекшеліктерін зерттеу мен аудиторияны басылыммен таныстыру эдісі ретінде пайдалану кеңінен етек алған. Баспасөзге шолу мерзімді басылым, жалпы БАҚ-ты ақпараттандыру мақсатында сараптама жасау, жетістіктерін көрсетуді мақсат етеді. Зерттеушілер БАҚ-қа шолудың мынадай үлгілерін атап өтеді. С.И.Жуков: а) тақырыптық; б) жалпы; в) газет пен журнал беттеріне шолу; г) соңғы поштадан. В.Д.Пельт: а) тақырыптық; б) жалпы; в) ақпараттық шолу. А.А.Тертычный: а) презентациялық шолу; б) тақырыптық шолу; в) мекен-жайсыз шолу деп бөледі. Қазіргі баспасөзде шолудың көп кездесетін жалпы, тақырыптық, ақпараттық шолу сияқты түрлерін атап өтуге болады. Олар қазіргі танда белең алған шолулардың көрінісі. Баспасөзге шолу басқа сараптамалық жанрлармен бірге қоғам өмірін зерделейді. Нақтырақ айтсақ, қазіргі баспасөздің дамуын көрсетеді. Шолу - сараптамалық жанрдың дәстүрлі берік түрі. Оның негізгі ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Біріншіден, ол фактологиялық жағынан қатаң жанр, себебі, ондағы деректер автордың мақсатына орай таңдалып, топтастырылады. Екіншіден, шолушы деректерді өзара байланыстырады, біртұтастықта қарайды. Үшіншіден, шолуда материалды жан-жақты, кең зерттеуге мүмкіндік беріледі. Комментарийде оқиға немесе дерек үлкен рөл атқарады. Төртіншіден, шолудың материалы хронологиялық шеңбермен қысқартылады. Бұл жанрдың құралы - қоғамдық оқиға, ал мақсаты - оқырман, тыңдарман, көрермендерге қызықты оқиға, құбылыстардың себеп-салдарын көрсетіп, олардың мағынасын, даму тенденциясын ашуды көздейді. Экрандағы көптеген қиын тапсырмалардың көркемдік құралы сан алуан. Шолуда үдеріс қадағаланатындықтан, жедел ақпараттық материалдармен қатар мұрағаттағы бейнематериалдар да автор ойының логикасымен сэйкестендіріле қолданылады. Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.
12.09.2013 05:46 9476

Мерзімді баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарына шолу. Қазақ басылымдарында бұл жанрдың пайда болуы XIX ғасырдан бастау алады. Оның нақты қалыптасуы мен дамуы жэне тұрақталуы XX ғасырдың 20-30 жылдарымен тұспа-тұс келеді.

Баспасөздегі шолудың жарқын үлгілерін сол кезеңдерде шығып отырған «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлаяты» басылымдарынан байқауға болады. Шолу біздің ғасырымыздың басында белең алған революциялық-демократиялық,  большевиктік  баспасөзде  кең  етек

 

жайған. Бұл жанрдың жаппай дамуы кеңес дәуірінде болды десек те болады. Баспасөзге шолу сол кездері партиялық баспасөзді басқаратын әдіс ретінде қолданылды. Шолу ұғымы бұл жерде «қарастыру», «ой қорыту» деген мағынаны білдіреді. В.Д.Пельт: «Баспасөзге шолу мерзімді басылым мен газет журналдардағы маңызды мәселелерді қарастырып, сараптама жасау, баға беруді көздейді»,- дейді. Ал И.Жуков: «Баспасөзге шолу рецензиялы мерзімді басылым, яғни, газет пен журналдардың пішінін құрайды»,- деп анықтама береді. Қазіргі кезде БАҚ-қа шолу басылымның немесе телерадио бағдарламаларының ерекшеліктерін зерттеу мен аудиторияны басылыммен таныстыру эдісі ретінде пайдалану кеңінен етек алған.

Баспасөзге шолу мерзімді басылым, жалпы БАҚ-ты ақпараттандыру мақсатында сараптама жасау, жетістіктерін көрсетуді мақсат етеді. Зерттеушілер БАҚ-қа шолудың мынадай үлгілерін атап өтеді. С.И.Жуков: а) тақырыптық; б) жалпы; в) газет пен журнал беттеріне шолу; г) соңғы поштадан. В.Д.Пельт: а) тақырыптық; б) жалпы; в) ақпараттық шолу. А.А.Тертычный: а) презентациялық шолу; б) тақырыптық шолу; в) мекен-жайсыз шолу деп бөледі. Қазіргі баспасөзде шолудың көп кездесетін жалпы, тақырыптық, ақпараттық шолу сияқты түрлерін атап өтуге болады. Олар қазіргі танда белең алған шолулардың көрінісі. Баспасөзге шолу басқа сараптамалық жанрлармен бірге қоғам өмірін зерделейді. Нақтырақ айтсақ, қазіргі баспасөздің дамуын көрсетеді.

Шолу - сараптамалық жанрдың дәстүрлі берік түрі. Оның негізгі ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Біріншіден, ол фактологиялық жағынан қатаң жанр, себебі, ондағы деректер автордың мақсатына орай таңдалып, топтастырылады. Екіншіден, шолушы деректерді өзара байланыстырады, біртұтастықта қарайды. Үшіншіден, шолуда материалды жан-жақты, кең зерттеуге мүмкіндік беріледі. Комментарийде оқиға немесе дерек үлкен рөл атқарады. Төртіншіден, шолудың материалы хронологиялық шеңбермен қысқартылады. Бұл жанрдың құралы - қоғамдық оқиға, ал мақсаты - оқырман, тыңдарман, көрермендерге қызықты оқиға, құбылыстардың себеп-салдарын көрсетіп, олардың мағынасын, даму тенденциясын ашуды көздейді. Экрандағы көптеген қиын тапсырмалардың көркемдік құралы сан алуан. Шолуда үдеріс қадағаланатындықтан, жедел ақпараттық материалдармен қатар мұрағаттағы бейнематериалдар да автор ойының логикасымен сэйкестендіріле қолданылады.

Меңдігүл Шындалиева

«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға