Жаңалықтар

Радиокорреспонденция

Радиодағы корреспонденция – «өмір бөлігінің» суреттелуі, ол сараптамалық жоспармен маңызды тақырыпты арқау етіп, белгілі бір мәселе туралы деректер нақты, дәл материалдан құралған жанр. Корреспонденцияда мақалаға қарағанда дедукция – синез тәсілі қолданылады, проблеманың шешілуі жекеден жалпыға қарай жүзеге асырылады. Корреспонденция деректер тобына талдау жасайды. Бұл деркетердің суреттелуімен, олардың сараптамасы және соған қатысты қорытындылар арқылы жасалады. Мұнда маңызды рөлді жеделдік, тақырыптық дәлдікті, анық адрес атқарады. «Корреспонденция» өзінің мағынасы жағынан клемді. Бұл адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасуы немесе мекемелерде (хат, пошта-телеграфтық ақпараттар) және ең соңында тілшінің жіберген хабарламалары. Оның қызметі белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде өтіп жатқан жағдайлар әдістер, әртүрлі ақпарат көздері арқылы мәлімет жинау, ең маңызды және мәні бар декретерді іріктеу, істің мәнін ашу, оны суреттеу, адамдардың берген мәліметтері, көрген-естігендерін журналистің жағдайды зерттеу кезінде ұсыныс жасаған адамдардан жасап алу, бәрін көркемдеп бір мәтін етіп жазу – корреспонденцияның шарты. Ақпараттық радио корреспонденцияның қарапайым түрі жағдайды нақты дәлелдермен хабарлау. Мұндай мәліметтер жаңалықтарда жиі айтылады. Ақпараттық бағдарламаға деректерді қатаң түрде тыңдап алуды талап етеді. Барлық қосымша ақпараттар өткен жағдайды нақты ашып, тыңдаушыға нақты, толық ақпарат беруге көмектесуі қажет. Жаңалықтарда журналист әр кезде нақты жөнінде журналист немесе куәгер болған оқиғалардың ізін суытпай жұмыс атқарады. Бұл жерде халықтың ой-пікірі, магнитафон жазбасы құжатты мәләметтің негізін түрлендіре түседі. Корреспонденцияда ек қана принцип қымбат емес, сонымен бірге, мәліметті ашу, оны іріктеу, монтаждау үлкен рөл атқарады. Авторлық мәтін бұл компоненттерді біріктіреді және бір мезетте үлкен мағыналы, қажетті жүк ретінде көрсетеді. Ақпараттық корреспонденция нақты мақсаттарға қарағанда репортаждың немесе суреттеу мазмұнын иемденеді, бірақ кез келген жағдайда мәліметтің негізін ақпараттық толықтырулар құрайды. Нақты уақытқа корреспонденция әрқашан да байланысты емес. Оның пайда болуына уақытқа әртүрлі бағынушылықтар әсер етуі мүмкін. радио корреспонденция репортаж бөліктерімен сұхбат, комментарий, бейнелер арқылы қосылады. Жиналған мәліметтер, болып жатқан жағдай мазмұнын журналистің жазуы арқылы баяндалады. Ақпараттық корреспонденция жағдайды суреттей отырып, автордың оқиғаны өзіндік бағалауымен ерекшелінеді. Олар нақты мәліметтерді логикамен байланыстырады, болған жағдайды толығымен елестетуге көмектеседі. Радиодағы корреспонденцияның түрлері мынадай: 1.Радиодағы ақпаратты корреспонденцияда материалдың кең ауқымда қарастырылуы жағдайға байланысты тақырыптың дамуымен ерекшеленеді. 2. радиодағы сараптамалық корреспонденцияда суреттеліп отырған құбылыстың, оқиғаның себептері ашылады. 3. Радиодағы қойылымдық корреспонденцияда күнделікті, маңызды жағдайды, деректің сараптамасы мен синтезі негізінде жасалады. 4. Радиодағы ойшыл корреспонденцияда журналист оқырманмен бірге сараптама жасайды, сәйкестендіреді, теңдестіреді, күллі дереткер тізімін бағалайды. Егер мақаланың құрылысы екіні қатарда болса, корреспонденцияның құрылысы – спецификазиялық болып табылады. Оның ішінде: рубрика, бастапқы тақырып, бастапқы жолдар, басты материалдарға дайындық, негізгі бөлім және соңы кіреді. Рубрика арқылы корреспонденцияның сипатын анықтауға болады. Бұл жанр түрлерінің басты материалға дайындығы әртүрлі болады: сюжеттік, ақпараттық, проблемелық. Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.
12.09.2013 05:42 6371

Радиодағы корреспонденция – «өмір бөлігінің» суреттелуі, ол сараптамалық жоспармен маңызды тақырыпты арқау етіп, белгілі бір мәселе туралы деректер нақты, дәл материалдан құралған жанр. Корреспонденцияда мақалаға қарағанда дедукция – синез тәсілі қолданылады, проблеманың шешілуі жекеден жалпыға қарай жүзеге асырылады. Корреспонденция деректер тобына талдау жасайды. Бұл деркетердің суреттелуімен, олардың сараптамасы және соған қатысты қорытындылар арқылы жасалады. Мұнда маңызды рөлді жеделдік, тақырыптық дәлдікті, анық адрес атқарады.

«Корреспонденция» өзінің мағынасы жағынан клемді. Бұл адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасуы немесе мекемелерде (хат, пошта-телеграфтық ақпараттар) және ең соңында тілшінің жіберген хабарламалары. Оның қызметі белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде өтіп жатқан жағдайлар әдістер, әртүрлі ақпарат көздері арқылы мәлімет жинау, ең маңызды және мәні бар декретерді іріктеу, істің мәнін ашу, оны суреттеу, адамдардың берген мәліметтері, көрген-естігендерін журналистің жағдайды зерттеу кезінде ұсыныс жасаған адамдардан жасап алу, бәрін көркемдеп бір мәтін етіп жазу – корреспонденцияның шарты. Ақпараттық радио корреспонденцияның қарапайым түрі жағдайды нақты дәлелдермен хабарлау. Мұндай мәліметтер жаңалықтарда жиі айтылады. Ақпараттық бағдарламаға деректерді қатаң түрде тыңдап алуды талап етеді. Барлық қосымша ақпараттар өткен жағдайды нақты ашып, тыңдаушыға нақты, толық ақпарат беруге көмектесуі қажет. Жаңалықтарда журналист әр кезде нақты жөнінде журналист немесе куәгер болған оқиғалардың ізін суытпай жұмыс атқарады. Бұл жерде халықтың ой-пікірі, магнитафон жазбасы құжатты мәләметтің негізін түрлендіре түседі. Корреспонденцияда ек қана принцип қымбат емес, сонымен бірге, мәліметті ашу, оны іріктеу, монтаждау үлкен рөл атқарады. Авторлық мәтін бұл компоненттерді біріктіреді және бір мезетте үлкен мағыналы, қажетті жүк ретінде көрсетеді. Ақпараттық корреспонденция нақты мақсаттарға қарағанда репортаждың немесе суреттеу мазмұнын иемденеді, бірақ кез келген жағдайда мәліметтің негізін ақпараттық толықтырулар құрайды. Нақты уақытқа корреспонденция әрқашан да байланысты емес. Оның пайда болуына уақытқа әртүрлі бағынушылықтар әсер етуі мүмкін.

радио корреспонденция репортаж бөліктерімен сұхбат, комментарий, бейнелер арқылы қосылады. Жиналған мәліметтер, болып жатқан жағдай мазмұнын журналистің жазуы арқылы баяндалады. Ақпараттық корреспонденция жағдайды суреттей отырып, автордың оқиғаны өзіндік бағалауымен ерекшелінеді. Олар нақты мәліметтерді логикамен байланыстырады, болған жағдайды толығымен елестетуге көмектеседі.

Радиодағы корреспонденцияның түрлері мынадай:

1.Радиодағы ақпаратты корреспонденцияда материалдың кең ауқымда қарастырылуы жағдайға байланысты тақырыптың дамуымен ерекшеленеді.

2. радиодағы сараптамалық корреспонденцияда суреттеліп отырған құбылыстың, оқиғаның себептері ашылады.

3. Радиодағы қойылымдық корреспонденцияда күнделікті, маңызды жағдайды, деректің сараптамасы мен синтезі негізінде жасалады.

4. Радиодағы ойшыл корреспонденцияда журналист оқырманмен бірге сараптама жасайды, сәйкестендіреді, теңдестіреді, күллі дереткер тізімін бағалайды. Егер мақаланың құрылысы екіні қатарда болса, корреспонденцияның құрылысы – спецификазиялық болып табылады. Оның ішінде: рубрика, бастапқы тақырып, бастапқы жолдар, басты материалдарға дайындық, негізгі бөлім және соңы кіреді. Рубрика арқылы корреспонденцияның сипатын анықтауға болады. Бұл жанр түрлерінің басты материалға дайындығы әртүрлі болады: сюжеттік, ақпараттық, проблемелық.

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға