Жаңалықтар

Түйепалуандар қазақ күресі турнирлерінен шеттетілді

Биылғы «Қазақстан Барысы» турнирі төңірегіндегі даудың нүктесі қойылды. Енді түйепалуандар қазақ күресі турнирлерінен шеттетілді, деп хабарлайды 24.kz. Енді қарағандылық Ержан Шынкеев екі жыл бойы қазақ күресі турнирлеріне қатыспайды. Ал жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев бір жылға жарыстан шеттетілді. Мұндай шешімді Халықаралық Қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеев мәлімдеді.  Айта кетейік, Астанада өткен республикалық додада қарағандылық палуан төрешілер шешімімен келіспей, көрермендер арасында шу шығарған. Ал Бейбіт Ыстыбаев ІІІ орын үшін болатын бәсекеге шықпай қойды. Сонымен қатар, сол жарыста төрелік жасаған қазылар мүшелеріне де ескерту жасалып, бірнешеуі төрелік жасау құқынан айырылды.
12.09.2013 03:38 2377

Биылғы «Қазақстан Барысы» турнирі төңірегіндегі даудың нүктесі қойылды. Енді түйепалуандар қазақ күресі турнирлерінен шеттетілді, деп хабарлайды 24.kz.

Енді қарағандылық Ержан Шынкеев екі жыл бойы қазақ күресі турнирлеріне қатыспайды. Ал жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев бір жылға жарыстан шеттетілді. Мұндай шешімді Халықаралық Қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеев мәлімдеді. 

Айта кетейік, Астанада өткен республикалық додада қарағандылық палуан төрешілер шешімімен келіспей, көрермендер арасында шу шығарған. Ал Бейбіт Ыстыбаев ІІІ орын үшін болатын бәсекеге шықпай қойды. Сонымен қатар, сол жарыста төрелік жасаған қазылар мүшелеріне де ескерту жасалып, бірнешеуі төрелік жасау құқынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға