Жаңалықтар

Комментарий

Деректер мен комментрийлер. Деректер және оған комментарий беруге жататын талдамалы жанрлар ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы газет беттерінде жарық көрген. ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы шыққан басылымдарда бұл жанр кеңінен пайдаланылған. 1997-1998 жылдары кейбір газеттердің нөмірлерінен «Деректер мен комментарийлер» айдарымен берілген материалдар шығып тұрған. Одан комментаридің тақырыбы және оның мәні берілді. Комментарий беретін бөлімі авторлық ұстанымның авторлық «мен» деген енгізіледі. Материада комментарий беретін автордың фотосуреті беріліп отырған. Мұнымен газет комментарийі мәтінді автордың қабыладуымен, эмоциясымен авторлық «мені» нақты көрсетеді. Ғалым А.АТертычный: «Комментарилер өзін қандай да бір мәселе бойынша дәлелдеушілік пайымдауының құрылымын ұсынады», - дейді. Дерек, тезис, ой қорытындылары – аталған жанрдың маңызды бөлігі. Жақсы комминтарийларда ең басты – қорытынды шығару. Сонымен, комминтарий жанры маңызды деректер, оқиғаларды өз бойына жинайды. Комментарийлар қандай да бір оқиғалар бойынша автордың өзінің көзқарасын, басылым ұстанымын, шынайы қоғамдық-саяси өмірдің көрінісін толық береді. Деректер мен комминтарийлар – жедел жанр және мұнда автордың кәсіби шеберлігі, оның ұстанмы мен нақты мәселені дөп басуы маңызды. Автордың ұстанымы деректердің маңыздылығын жуып-шаюға, дәлелдеуге тырысу, дерек қандай да бір пайда болулардың заңдылығы сол мәселені кеіәнен талқылауға мүмкіндік береді. Телевизиялық комментарий. «Комментарий» сөзі латын тілінен аударғанда «талқылау» деген мағына береді. Бұл қоғамдық, саяси оқиға, құжаттың мағынасын ашатын жедел сараптамалық материалдың үлгісі. Телевизиялық комментарий – кадрдағы көріністердің алуан түрлілігі, кейде кадрдан тыс комментарийлер көп қолданылады. Комментарий сараптамалық публицистикалық жатады. Өйткені, комментатор өзінің мақсатына жету барысында ең алдымен оқиғаның себеп-салдарын анықтап, болып жатқан оқиғаның соңы немен аяқталуы мүмкін екендігі жайлы айтылады. Комментарийдің жанрлық негізіне авторлық баға беру және сараптама жасау жатады. Басқа жанрлар сияқты комментарий басқа жанрдың құраушы пішіні болуы да мүмкін. Мысалы, баспасөз конференцияларында мынадай сұрақтар жиі қойылады: «Болған оқиға жайлы қандай түсінік бере аласыз?» мұндай сұрақ саяси, қоғам қайраткерлері немесе белгілі бір саланың маманымен болған сұхбатқа қойылуы мүмкін. Жауаптың әрқайсысы өз алдына шағын комментарий, ал кейде комментаторлық шығармашылық рөлін атқарады. Бұл жеоде сараптаманың тереңділігінен, талқылаудың кеңдігінен және қоғамдық маңызды оқиғаға, дерекке берілген бағаға байланысты болады. Телевизиялық комментарий – кадрдағы сөз сөйлеудің өзгеше түрі. Бейнеқатармен иллюстрацияланған кадр сыртындағы комментарий көп қолданылады. Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.
11.09.2013 07:58 11407

Деректер мен комментрийлер. Деректер және оған комментарий беруге жататын талдамалы жанрлар ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы газет беттерінде жарық көрген. ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы шыққан басылымдарда бұл жанр кеңінен пайдаланылған. 1997-1998 жылдары кейбір газеттердің нөмірлерінен «Деректер мен комментарийлер» айдарымен берілген материалдар шығып тұрған. Одан комментаридің тақырыбы және оның мәні берілді. Комментарий беретін бөлімі авторлық ұстанымның авторлық «мен» деген енгізіледі. Материада комментарий беретін автордың фотосуреті беріліп отырған. Мұнымен газет комментарийі мәтінді автордың қабыладуымен, эмоциясымен авторлық «мені» нақты көрсетеді.

Ғалым А.АТертычный: «Комментарилер өзін қандай да бір мәселе бойынша дәлелдеушілік пайымдауының құрылымын ұсынады», - дейді. Дерек, тезис, ой қорытындылары – аталған жанрдың маңызды бөлігі. Жақсы комминтарийларда ең басты – қорытынды шығару. Сонымен, комминтарий жанры маңызды деректер, оқиғаларды өз бойына жинайды. Комментарийлар қандай да бір оқиғалар бойынша автордың өзінің көзқарасын, басылым ұстанымын, шынайы қоғамдық-саяси өмірдің көрінісін толық береді.

Деректер мен комминтарийлар – жедел жанр және мұнда автордың кәсіби шеберлігі, оның ұстанмы мен нақты мәселені дөп басуы маңызды. Автордың ұстанымы деректердің маңыздылығын жуып-шаюға, дәлелдеуге тырысу, дерек қандай да бір пайда болулардың заңдылығы сол мәселені кеіәнен талқылауға мүмкіндік береді.

Телевизиялық комментарий. «Комментарий» сөзі латын тілінен аударғанда «талқылау» деген мағына береді. Бұл қоғамдық, саяси оқиға, құжаттың мағынасын ашатын жедел сараптамалық материалдың үлгісі. Телевизиялық комментарий – кадрдағы көріністердің алуан түрлілігі, кейде кадрдан тыс комментарийлер көп қолданылады.

Комментарий сараптамалық публицистикалық жатады. Өйткені, комментатор өзінің мақсатына жету барысында ең алдымен оқиғаның себеп-салдарын анықтап, болып жатқан оқиғаның соңы немен аяқталуы мүмкін екендігі жайлы айтылады. Комментарийдің жанрлық негізіне авторлық баға беру және сараптама жасау жатады.

Басқа жанрлар сияқты комментарий басқа жанрдың құраушы пішіні болуы да мүмкін. Мысалы, баспасөз конференцияларында мынадай сұрақтар жиі қойылады: «Болған оқиға жайлы қандай түсінік бере аласыз?» мұндай сұрақ саяси, қоғам қайраткерлері немесе белгілі бір саланың маманымен болған сұхбатқа қойылуы мүмкін. Жауаптың әрқайсысы өз алдына шағын комментарий, ал кейде комментаторлық шығармашылық рөлін атқарады. Бұл жеоде сараптаманың тереңділігінен, талқылаудың кеңдігінен және қоғамдық маңызды оқиғаға, дерекке берілген бағаға байланысты болады.

Телевизиялық комментарий – кадрдағы сөз сөйлеудің өзгеше түрі. Бейнеқатармен иллюстрацияланған кадр сыртындағы комментарий көп қолданылады.

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға