Жаңалықтар

Телесұхбат

Журналист керекті ақпаратты маңызды оқиғалар, құжаттар және дерекнамалармен таныса отырып, ең алдымен, ақпаратты білетін адаммен араласа отырып алады. Кез келген адаммен қарым-қатынас диалог, сұрақ-жауап түрінде өтеді. Сұхбатың негізгі бейнелік құралы сөз және жанды адам тілі, ал тіршілік ету формасы диалог болып табылатын телевизиялық публицистикада бұл жанрдың маңызы ерекше. Себебі, тілмен бірге мимика мен пантомимиканы қоса көрсететін коммуникативті үрдіс экранның таиғатына сәйкес келеді және қоғамдық жүйе ретінде телевидение негізінің бірі болып табылады. Сұхбат – журналистің қоғамдық маңызы бар тұлғамен өзекті сұрақтар туралы әңгімесін көрсететін публицистиканың жанры. Сұхбат дегеніміз – пікір, көзқарас, дерек, мәлімет алмасу. Сұхбат жанрының негізі ХІХ ғасырдан бастау алады. Бұл кезде мерзімді баспасөз дамып, диалог жанры алға шықты. Ал радио болса жанрға үшінші жақ – диалогты тыңдайтын аудиторияны қосып, қосымша мүмкіндіктер ашты. Телевизиялық сұхбат бейнелілігімен жанрды байынат түсті.дауыс ырғағы, тіл әсерілігімен қатар, бейнелі обрздар, қоршаған орта, интерьер көрінеді. Бейнелік арқылы сұхбаттың телебағдарламада кең тарауы түсіндіріледі. Журналист үшін сұхбат, бір жағынан, ақпартты иемденетін адаммен байланыса отырып ақпаратты алу тәсілі. Екінші жағынан, телевизиялық бағдарлама барысында сұхбат берушіге сұрақ қойып, оларға нақты қисынды, толық жауаптар алу мақсатын көздейтін әңгімелесу, диалог түріндегі публицистикалық жанр. Тәжірибелі журналистердің айтуы бойынша, сұхбат берушінің көңілінен шығу үшін журналисте өзіндік рухани икем болу тиіс. Жас журанлистер сұхбат алу барысында мынадай қателікке жол береді. Жауап беруден гөрі сұоақ қою жеңілірек деп ойлайды. Сұхбат – бірлескен шығармашылықтың түрі. Оның жетістігі журналистке тікелей байланысты. Әңгімелесушімен сөйлескенде, оқырман, көрермен, тыңдарман қандай сұрақ қоятынын жорамалдау шеберлігі талап етіледі. бұл үшін сұхбат алушы әңгімеге тыңғылықты дайындалса ғана жетістіктерге қол жеткізеді. Деректермен танысу барысында алдын-ала қойылатын сұрақтарды дайындап, кейіпкердің мінез-құлқы, өмірлік ұстанымы туралы туыстарынан, достарынан сұраған жөн. Сұхбат жанр ретінде телеэкранда ереке орынды иеленеді. Кез келген жаңалықты білу үшін журналист құзіретті тұлғаға ұрақ қояды, әртүрлі оқиғалардың қатысушыларымен араласып, маңызды оқиғалар туралы адамдардың пікірлерін сұрайды. Сұхбат – көптеген күрделітелевизиялық пішіндердің міндетті элементі. Жеке бағдарламын дайындау барысында да бұл жанр жиі қолданылады. Телесұхбатты алып отырған репортердің мүмкіндігі мол, сондықтан сұхбат алушы журналист өз тәжірибесіне сүйеніп, бағдарламаның композициясын, стилін анықтай отырып, әңгімелесушінің мінезін зерттеп, әңгіме құруға дағдыланса іс сәтті бітеді. Сұхбат алушы біріншіден, әңгімелесушімен арым-қатынас орнатуға тырсады. Екеуінің мақсаты әртүрлі: сұхбат беруші жалпы нәтижелерді  шы,арып, қысқа жауаптоар берсе, журналист әр жауапты кеңінен ашуға тырысады. Сұрақ қойғанда, ол бөліктерге бөлінуі тиіс. Ондай жағдайда, сұрақтың жартысына, көбінесе соңғы бөлігіне ғана жауап алуға болады. Сол үшін қатарынан бірнеше сұрақ қоймай, қысқа сұрақтар қойып, әңгімені өрбіткен жөн. Сұхбат берушілерді шартты түрде үшке бөлуге болады: Саяси және мемлекет қайраткерлері, белгілі бір нақты салада арнайы білімі бар мамандар, олардан бір мәселенің мән-жайын білу мақсатында сұхбат алынады; Өмірі көпшілікке таныс танымал тұлғалар; Үйде, көшеде, қызметте кездесетін қарапайым дамадар, олардан бір оқиға, жағдай туралы қоғамдық ой-пікірді білу мақсатында сұхбат алынады. Экрандағы сұхбат екі адамның еркін әңгімесі ретінде өту керек, соның ішінде біреуі белгілі бір тақырып аясында жақсы ақпараттанған болуы шарт. Бұл адамдар басқа жерде де сұхбат беруі мүмкін. Осы жерде телевидениенің екі жақтылығы көрінеді. Осыны түсіну үшін мақсаты бойынша бөлінген сұхбаттың түрлері де бар.   Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.
11.09.2013 06:22 14236

Журналист керекті ақпаратты маңызды оқиғалар, құжаттар және дерекнамалармен таныса отырып, ең алдымен, ақпаратты білетін адаммен араласа отырып алады. Кез келген адаммен қарым-қатынас диалог, сұрақ-жауап түрінде өтеді.

Сұхбатың негізгі бейнелік құралы сөз және жанды адам тілі, ал тіршілік ету формасы диалог болып табылатын телевизиялық публицистикада бұл жанрдың маңызы ерекше. Себебі, тілмен бірге мимика мен пантомимиканы қоса көрсететін коммуникативті үрдіс экранның таиғатына сәйкес келеді және қоғамдық жүйе ретінде телевидение негізінің бірі болып табылады.

Сұхбат – журналистің қоғамдық маңызы бар тұлғамен өзекті сұрақтар туралы әңгімесін көрсететін публицистиканың жанры. Сұхбат дегеніміз – пікір, көзқарас, дерек, мәлімет алмасу. Сұхбат жанрының негізі ХІХ ғасырдан бастау алады. Бұл кезде мерзімді баспасөз дамып, диалог жанры алға шықты. Ал радио болса жанрға үшінші жақ – диалогты тыңдайтын аудиторияны қосып, қосымша мүмкіндіктер ашты.

Телевизиялық сұхбат бейнелілігімен жанрды байынат түсті.дауыс ырғағы, тіл әсерілігімен қатар, бейнелі обрздар, қоршаған орта, интерьер көрінеді. Бейнелік арқылы сұхбаттың телебағдарламада кең тарауы түсіндіріледі.

Журналист үшін сұхбат, бір жағынан, ақпартты иемденетін адаммен байланыса отырып ақпаратты алу тәсілі. Екінші жағынан, телевизиялық бағдарлама барысында сұхбат берушіге сұрақ қойып, оларға нақты қисынды, толық жауаптар алу мақсатын көздейтін әңгімелесу, диалог түріндегі публицистикалық жанр.

Тәжірибелі журналистердің айтуы бойынша, сұхбат берушінің көңілінен шығу үшін журналисте өзіндік рухани икем болу тиіс. Жас журанлистер сұхбат алу барысында мынадай қателікке жол береді. Жауап беруден гөрі сұоақ қою жеңілірек деп ойлайды. Сұхбат – бірлескен шығармашылықтың түрі. Оның жетістігі журналистке тікелей байланысты. Әңгімелесушімен сөйлескенде, оқырман, көрермен, тыңдарман қандай сұрақ қоятынын жорамалдау шеберлігі талап етіледі. бұл үшін сұхбат алушы әңгімеге тыңғылықты дайындалса ғана жетістіктерге қол жеткізеді. Деректермен танысу барысында алдын-ала қойылатын сұрақтарды дайындап, кейіпкердің мінез-құлқы, өмірлік ұстанымы туралы туыстарынан, достарынан сұраған жөн.

Сұхбат жанр ретінде телеэкранда ереке орынды иеленеді. Кез келген жаңалықты білу үшін журналист құзіретті тұлғаға ұрақ қояды, әртүрлі оқиғалардың қатысушыларымен араласып, маңызды оқиғалар туралы адамдардың пікірлерін сұрайды. Сұхбат – көптеген күрделітелевизиялық пішіндердің міндетті элементі. Жеке бағдарламын дайындау барысында да бұл жанр жиі қолданылады.

Телесұхбатты алып отырған репортердің мүмкіндігі мол, сондықтан сұхбат алушы журналист өз тәжірибесіне сүйеніп, бағдарламаның композициясын, стилін анықтай отырып, әңгімелесушінің мінезін зерттеп, әңгіме құруға дағдыланса іс сәтті бітеді. Сұхбат алушы біріншіден, әңгімелесушімен арым-қатынас орнатуға тырсады. Екеуінің мақсаты әртүрлі: сұхбат беруші жалпы нәтижелерді  шы,арып, қысқа жауаптоар берсе, журналист әр жауапты кеңінен ашуға тырысады. Сұрақ қойғанда, ол бөліктерге бөлінуі тиіс. Ондай жағдайда, сұрақтың жартысына, көбінесе соңғы бөлігіне ғана жауап алуға болады. Сол үшін қатарынан бірнеше сұрақ қоймай, қысқа сұрақтар қойып, әңгімені өрбіткен жөн.

Сұхбат берушілерді шартты түрде үшке бөлуге болады:

  1. Саяси және мемлекет қайраткерлері, белгілі бір нақты салада арнайы білімі бар мамандар, олардан бір мәселенің мән-жайын білу мақсатында сұхбат алынады;
  2. Өмірі көпшілікке таныс танымал тұлғалар;
  3. Үйде, көшеде, қызметте кездесетін қарапайым дамадар, олардан бір оқиға, жағдай туралы қоғамдық ой-пікірді білу мақсатында сұхбат алынады. Экрандағы сұхбат екі адамның еркін әңгімесі ретінде өту керек, соның ішінде біреуі белгілі бір тақырып аясында жақсы ақпараттанған болуы шарт. Бұл адамдар басқа жерде де сұхбат беруі мүмкін. Осы жерде телевидениенің екі жақтылығы көрінеді. Осыны түсіну үшін мақсаты бойынша бөлінген сұхбаттың түрлері де бар.

 

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға