Баспасөздегі сұхбат
Сұхбат – баспасөз тәжірибесінде кең тараған байырғы жанрдың бірі. Ол автордың шеберлігімен шешілетін, оқырман мен журналист арасындағы өзара сенім мен имандылықты орнықтыратын жанр. Сұхбатты біз тек қана сұхбат беруші мен сұхбат алушының арасындағы өрбитін әңгіме ретінде қабылдамауымыз керек. Көбінесе, шетел журналистері сұхбатты ақпараттық топқа жатықызып, негізгі дерек алу көзі ретінде пайдаланады. Сұхбат алу барысындағы ең негізгі ұстанымдар төмендегідей болуы қажет:
- Сұхбат алатын адамыңызбен алдын ала танысыңыз.
- Киім-киісіңізге аса мән беріңіз.
- Сұхбат алуға жалғыз келегеніңіз дұрыс.
- Келіскен уақыттан кешікпей келуге тырысыңыз.
- Көрісу барысында жымыюды, сұхбат алушы адамыңыздың көзіне тіке қарауды, танысқаныңызға қуанышты екеніңізді біліріп, қол алысуды ұмытпаңыз.
- Бағынышты адамның рөлін ойнамаңыз.
- Қашанда өзіңізді сұхбат беруші адаммен бірдей дәрежеде ұстаңыз.
- Ол жайында жылы лебіздер білдіруді ұмытпаңызү
- Кейіпкердің жетістіктері жайында үлкен мақтанышпен сөйлеңіз.
- Байқампаз болыңыз.
- Әрдайым оған деген сенімділік, сыпайылық танытып отырыңыз.
- Қоштаспастан бұрын жымиып, өткізілген сұхбат үшін алғысыңызды білідруді ұмытпаңыз.
Сұхбат екі адамның әңгімесіне, журналист пен кейіпкердің сұрағы мен жауабына құрылады. Яғни, қоғам ықылас біоліріп отырған, қоғамдық-саяси, әлеуметтік—экономикалық маңызы зор мәліметке ие болу. Зерттеуші В.Д:Пельт сұхбатының мынандай түрлерін атап айтады: «Сұхбат-монолог, әңгіме сұхбат берушінің ой-толғанысына негізделеді; сұхбат – хабарлама, баспасөзде кейіпкер сөзіне сілтеме жасай отрып журналистің болған әңгімені есеп тұрғысында баяндап беруі; ұхбат-диалог, сұхбат-жауап ретінде өтеді; сұхбат-суреттеме, әңгіменің мазмұнымен қатар әңгімелескен жағдай қоса бяндалады; сұхбат-пікір, нақты тақырып бойынша пікірлер қарастыру; сұхбат-анкета, қандай да бір мәселе жайында белгілі бір аудиторияның қоғамға маңызды пікірлерін анықтау». Зерттеуші сонымен қатар, сұхбат түрінде пресс-крнфиренцияларды да жатқызады. Журанлистика теориясын зерттеуші ғалым М.И.Шостак: «Сұхбат журналистің ой-өрісінен туындайтын жайт... сұхбат алушының басты мақсаты сұхбат берушінің пікірін, көзқарасын толықтай жетік білдіруіне ерік беру», - дейді. Сұхбат жүргізудің негізгі мақсаты – қойылған сұрақтар бойынша нақты жауаптар мен ақпараттар алу болып табылады.
Редакция тапсырмасы бойынша сұхбат алу үлкен дайындықты қажет етеді. Оны бірнеше сатыға бөліп қарастырамыз. Бірінші сатысы – сұхбат алуға алдын ала дайындалу, кейіпкермен танысу, оқиғамен таныс болу; екінші сатысы – сұрақтарды алдын ала дайындау; үшінші сатысы – аладын ала сұхбат алатын орынды дайындап алып, психологиялық тұрғыданөзін-өзі дайындау. Сұхбат жанрының ерекшелігі ақпарат беріп қана қоймай, талқыланып отырған мәселе жайында сұхбат берушінің ойын, көзқарасын білу. Егер сіз сұхбатыңыз сәтті өтсін десеңіз, әрдайым сұхбат беруші адамыңыздың сөздеріне құлақ асып, оны мұқият тыңдап отырғаныңызды көрсетіңіз.
Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева
«Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.