Жаңалықтар

Телерепортаж

Телевидениенің табиғи қасиетін көрсететін жанр. Репортаж – тележурналистиканың кең тараған, ықпалды, көшбасшы жанры. «Репортаж» француз тілінен аударғанда «хабарлау» деген мағына береді, бұл термин журналистикада өткен ғасырдың ортасында пайда болды. Бірақ бұған дейін де репортаждың элементтері бар хабарламалар кездескен. Репортаж жанр ретінде қалыптасуы үшін көп жылдар керек болды. Репортаж – тілші қатысушы немесе куәгер болатын оқиғаны газетке, радиоға, телевидениеге жылдам хабарлайтын журналистиканың жанры. Жаңалықтарды хабарлау басқа жанрлардың негізі болып есептелінеді. Бірақ репортажда тілшінің оқиғаны жеке қабылдауы, деректерді іріткеуі ақпараттық жанрдың оъектілігіне қарыс келмейтіндей алдыңғы қатарға шығады. Шын мәнінде, журналистиканың бар тарихы – шынайы өмірге жақындығын сипаттайтын, шынай болмысты табиғи дамуды көрсететін репортаждың пайда болуы мен дамуының ратихы. Газет пен радиода репортер оқиғаны сөзбен сипаттайды, сол себепті газеттің және радиорепортердің шығармашлық қызметіндегі негізгі әрекет суреттемелік функциясы. Ал, телевидениеде барлығы басқаша: талекамераның өзі өмірді бақылайды; репортер оқиғаға көрермендердің көзімен қарайды. Суреттеме функциясын телекамераларға жүктелгендіктен, репортерге болып жатқан жағдайды әңгімелеу мен түсіндіру қалады. Телерепортаж бір жағынан шынайы өмірді сол күйінде көрсетеді, яғни, мні бойынша объективті, шынайы болмысқа максималды түрдежақын болады. Екінші жағынан, репортердің субъективті қабылдауы алдыңғы қатарға шығады, көбінесе, журналист куәгер болады. Эфирде берілу тәсілі бойынша репортаж тікелей және өңделген болып бөлінеді. Тікелей репортаж жылжымалы телевизиялық станцияның көмегімен әрекет бастаған кезеңнен бастап беріледі. Оқиғаны болған уақытында көрсетпей оның өңделуін қажет етеді. Өңдеу тәсілі бойынша репортаж бейне, кино, фоторепортаж болып бөлінеді. Телерепортаждың дыбыспен қамтамасыз ету ерекшеліктері оның екі түрін айыруға мүмкіндік береді: синхрондық – қатысушылардың сөзі мен табиғи шу қатысуын репортаж, дыбассыз –оқиға жерінен дыбыспен қамтамасыз етпейді, бұл көбінесе, ресми хабарларда қолданылады. Репортаджың типологиялық ерекшеліктеріне оның оқиғалық, тақырыптық, қойылымдық болып бөлінуі жатады. Бірінші жағдайда, оқиға шынайы көрсетіледі, репортер ақпаратты нақты әрі толығымен жеткізу керек.  Тақырыптық репортажда автор-журналист көрсетілім объектісін және онда тақырыпқа сәйкес болып жатқан оқиғаларды таңдайды. Қойылымдық репортажда журналист оқиғаның ұйымдастырушысы ретінде шығады. Мұндай ұйымдастыру қызық әрі пайдалы, кейде зиянды және кәсіби деңгейде болмауы мүмкін. Репортаж – журналистиканың белсенді жанры болғандықтан баспасөз, радио, телевизия қандай да бір оқиғаны тілшінің көмегімен жеткізеді. Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.
11.09.2013 05:47 12058

Телевидениенің табиғи қасиетін көрсететін жанр. Репортаж – тележурналистиканың кең тараған, ықпалды, көшбасшы жанры. «Репортаж» француз тілінен аударғанда «хабарлау» деген мағына береді, бұл термин журналистикада өткен ғасырдың ортасында пайда болды. Бірақ бұған дейін де репортаждың элементтері бар хабарламалар кездескен. Репортаж жанр ретінде қалыптасуы үшін көп жылдар керек болды.

Репортаж – тілші қатысушы немесе куәгер болатын оқиғаны газетке, радиоға, телевидениеге жылдам хабарлайтын журналистиканың жанры. Жаңалықтарды хабарлау басқа жанрлардың негізі болып есептелінеді. Бірақ репортажда тілшінің оқиғаны жеке қабылдауы, деректерді іріткеуі ақпараттық жанрдың оъектілігіне қарыс келмейтіндей алдыңғы қатарға шығады. Шын мәнінде, журналистиканың бар тарихы – шынайы өмірге жақындығын сипаттайтын, шынай болмысты табиғи дамуды көрсететін репортаждың пайда болуы мен дамуының ратихы.

Газет пен радиода репортер оқиғаны сөзбен сипаттайды, сол себепті газеттің және радиорепортердің шығармашлық қызметіндегі негізгі әрекет суреттемелік функциясы. Ал, телевидениеде барлығы басқаша: талекамераның өзі өмірді бақылайды; репортер оқиғаға көрермендердің көзімен қарайды. Суреттеме функциясын телекамераларға жүктелгендіктен, репортерге болып жатқан жағдайды әңгімелеу мен түсіндіру қалады.

Телерепортаж бір жағынан шынайы өмірді сол күйінде көрсетеді, яғни, мні бойынша объективті, шынайы болмысқа максималды түрдежақын болады. Екінші жағынан, репортердің субъективті қабылдауы алдыңғы қатарға шығады, көбінесе, журналист куәгер болады.

Эфирде берілу тәсілі бойынша репортаж тікелей және өңделген болып бөлінеді. Тікелей репортаж жылжымалы телевизиялық станцияның көмегімен әрекет бастаған кезеңнен бастап беріледі. Оқиғаны болған уақытында көрсетпей оның өңделуін қажет етеді. Өңдеу тәсілі бойынша репортаж бейне, кино, фоторепортаж болып бөлінеді.

Телерепортаждың дыбыспен қамтамасыз ету ерекшеліктері оның екі түрін айыруға мүмкіндік береді: синхрондық – қатысушылардың сөзі мен табиғи шу қатысуын репортаж, дыбассыз –оқиға жерінен дыбыспен қамтамасыз етпейді, бұл көбінесе, ресми хабарларда қолданылады.

Репортаджың типологиялық ерекшеліктеріне оның оқиғалық, тақырыптық, қойылымдық болып бөлінуі жатады. Бірінші жағдайда, оқиға шынайы көрсетіледі, репортер ақпаратты нақты әрі толығымен жеткізу керек.  Тақырыптық репортажда автор-журналист көрсетілім объектісін және онда тақырыпқа сәйкес болып жатқан оқиғаларды таңдайды. Қойылымдық репортажда журналист оқиғаның ұйымдастырушысы ретінде шығады. Мұндай ұйымдастыру қызық әрі пайдалы, кейде зиянды және кәсіби деңгейде болмауы мүмкін.

Репортаж – журналистиканың белсенді жанры болғандықтан баспасөз, радио, телевизия қандай да бір оқиғаны тілшінің көмегімен жеткізеді.

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға