Бүгін «25-ші шақырым» басталады
Бүгін «Хабар» телеарнасынан «25-ші шақырым» телехикаясының 2-маусымы басталады, деп хабарлайды 24.kz.
Отбасы төңірегіндегі түрлі жағдайлар, құдалардың қарым-қатынасы, бір сөзбен айтқанда, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі қызықты оқиғалар баяндалатын телехикаяның екінші маусымы «Алатау» сауықтыру орнында түсірілген.
Телехикая жайында сценарий авторы, режиссер Игорь Пискунов: «- Қазіргі кезде шым-шытырық оқиғаға негізделген, қан төгіс көріністеріне толы фильмдер теледидарды жаулап алдыдесек артық айтпаймыз. Сондықтан комедия жанрындағы телехикая түсіруді көздедік», - дейді.
Биылғы маусымда телехикаяның бірінші бөлімінде басты рөлдерді сомдаған Ғазиза Әбдінабиева, Владимир Толоконников, Жанна Қуанышева, Сәкен Рақышев, Сергей Погосянмен қатар көпшілікке Дамир Манабайдың «Лабиринт» фильмінен таныс Гүл Зиятованы да көре аласыз.