Apple iPhone-нің жаңа моделін ұсынады
Бүгін америкалық Apple компаниясы Калифорния штаты Купертинода баспасөз конференциясын өткізеді. Онда жаңа үлгідегі iPhone смартфондары назарға ұсынылады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Сарапшылар Apple компаниясы бірден екі версияны көрсетеді деп мәлімдеді. Бірқатар БАҚ мәліметтері бойынша, бір модель iPhone 5C атауына ие. Арзан iPhone түрлі – түсті ауыстырылатын панельдері бар пластик корпуспен жасалуы мүмкін. Олар сары, ақ, көгілдір, жасыл және мандарин түстес болады. Сарапшылардың айтуынша, екінші смартфон iPhone 5S аталады. Дереккөздерінің ақпараты бойынша, iPhone-ның қымбат версиясы қара, ақ-күміс және қызғылт-алтын түстес болады.
Арзан смартфондардың бағасы жайлы айтатын болсақ, сарапшылар олардың бағасы шамамен 400-500 долларды құрайды деп отыр. Екі модель де 20 қыркүйек күні сатылымға шығады.
BNews.kz