Ең бақытты адамдар қайда тұрады?
World Happiness Report 2013 зерттеуі бойынша, ең бақыты адамдар Данияда тұрады. Сарапқа мемлекет азаматтарының өмір сүру деңгейі салынды. Екінші орынды да скандинавиялық елдердің бірі - Норвегия алды. Үшінші орынға Швейцария лайық деп танылды, деп хабарлайды РБК.
Ең бақытты елдер ондығына Нидерланды, Швеция, Канада, Финляндия, Австрия, Исландия және Австралия елдері кірді.
Ал ең соңғы орындар Орталық Африка елдері (154-орын), Бенин (155-орын) және Тогоға (156-орын) бұйырды.
АҚШ Израиль, БАЭ мен Мексиканы алға жіберіп, 17-орынға жайғасты. Жапондықтар бақытты елдер қатарынан 43-ші орынды иеленсе, қытайлықтар 93-ші болды.
Зерттеу авторларының атап өтуінше, жеке адамның бақытты болуына оның денсаулық жағдайы, жеке өмірі мен қызметтегі табыстары ғана емес, сондай-ақ жалпы елдің өмір сүру деңгейі, саяси дербестік, әлеуметтік қорғаныс, жұмысқа орналасу мүмкіндігі және өзге де әлеуметтік-экономикалық және саяси факторлар әсер етеді.
BAQ.KZ