"Сары басылым"
«Сары басылымдар» деген атаумен әйгілене бастаған үлкенді-кішілі тәуелсіз басылымдардың көбіне оқырмандарға ешқандай рухани нәр бермейтін, тәрбиелік әсері жоқ, жандүниесіне ләззәт беріп, қуанышқа бөлейтін қауқары жоқ, жалған сенсациялар, өтірік-шыны аралас, өсек аяндар, адамдардың сыртынан айтылған ғибадаттарға толы мақалалар жариялайтын үрдіс белең алды. әрине, бұл рухани санасы төмен қауым үшін оқылуы тез, өтуі тез бір сәттік арзан хабарламалар екені белгілі. Мәселен, әркім нені оқу өз еркінде десек те, бұл тәуелсіз ел болып саналы, рухты ұрпақ тәрбиелеу жолына жасалып жатқан қастандық деуге болады. «Қызық», «Шыжық», «Тамаша» секілді газеттерден әке-шешесі көз алмай, жастығына жастанып оқып жатса, баласы да ертең осындай «өсек» басылымнан өзге ештеңе оқымайтын жарымжан адам болып шығатыны дәлелдеуді қажет етпейді. «Баспасөз еркіндігі» деген ат жамылып келген журналистикадағы жаһанданудың жиіркеншіті үрдістерін, ел болып, үкімет болып ауыздықтау уақыт күттірмейтін кезге жетті. Қазақстан баспасөзі, оның ішінде қащақ баспасөзі сипаты мен мазмұны, пішіні мен түрі жағынан кеңес дәуіріндегіден онша өзгере қоймаған сияқты. Ал уақыт алдымызға күнде жаңа талап қойып жатыр.
«Сары баспасөз» деп көпшілікке арналған бульварлық басылымдарды айтады. бұл басылымдар негізінен қалтасы қалың емес, талғамы төмендеу, орта білімді оқырманға арналған және айқай-шулы сенсацияны, өсек-аяңды жазуға құмар, иллюстрациясы мол газеттер. Баспасөз зерттеушісі Л.М. Землянованың пікірінше, сары басылымдарда қызмет ететін журналистер бас пайдасы үшін обьектвті ақпарат беру принципін бұзады екен. Сары басылымдар тарихына келетін болсақ, мұндай типтегі газеттер ХІХ ғасырдың соңында Америкада алғашқы баспасөз магистралы Жозеф Пулитцер мен Уильям Рендольф Херстің бастамасымен дүниеге келген болатын. 1896 жылы Херст пен Пулитцердің Нью-Йорктағы бульварлық газеттері көңіл көтеру мақсатындағы комикстардың кейіпкері – «сары баспасөз» іс-әрекетін қолға алып, суреттегі тарихын бәсекелеске жариялайды. Осыдан кейін «сары газет», «сары баспасөз» термині дүниеге келді. Мұндай басылымдар уақыт өте келе БАҚ санатынан ысырылатын болады. Өйткені, қараңыз, «Құпия сыр» басылымының 2001 жылғы тиражы 15 мын дана болса, 2002 жылы 10 мың дана, 2003-2004 жылдары 6500 дана ғана болды. Ал, 1999 жылдың 13-шілдесінен бастап шыға бастаған меншік иесі «Замана» серіктестігі болып табылатын «Қызық газетінің» 2002 жылғы таралымы 61 мың дана, 2003-2004 жылы 30 мың дана болған». Осыған қарап таралымның жылдан жылға азаюын көреміз. Ақын Б. Алдиярдың: «Жалпы, облысымызда шығып жатқан мұндай газеттер жөнінде сын мақалалар республикалық басылымдарда жарияланды. Басқарма тарапынан бірқатар шаралар атқарылды. Тәубе деп айтайық сыннан қорытынды шығарғандар көп. Қазір осыдан 3-4 жылдағыдай емес» деп өз пікірін білдірген.
«Сары» басылымдардың пайдаланылатын әдіс-тәсілдері мынадай:
1. Сенсация. Сенсация – газет бизнесінің өсіп-өркендеуінің көзі. Айшықты тақырыптар мән берілген қылмыс, катастрофа, соғыс – мұның бәрі көпшілік қолды басылымдардың таусылмас азығы.
2. Эротика мен порнография. Осы типтегі БАҚ-тың барлық түрі дөрекі, арсыз, ұятсыз істерді бейнелеуден жалықпайды.
3. Өсек-аяң. Жұлдыздардың, ірі шенеуніктердің әс-әрекеттері, жеке өмірі назардан тыс қаламайды.
4. Жалған ақпарат тарату немесе жала жабу