Жаңалықтар

Блог түрлері

1.Авторлары бойынша Дербес(авторлық, жеке) блог- жеке бір адамдармен жүргізіледі(ереже бойынша оның иесімен). «Елес»( «Призрачный») блог- аты анықталмаған адамның бөтен адамның атынан блогты жүргізу. Корпоративтік блог- бір серіктестіктің қызметкерлердің блогы жүргізілуі. 2.Тематикалық бағыты бойынша Көп жағдайда дербес блогтар жеке сипатқа ие болады. Бірақ коллективтік және корпоративтік орталардағыдай дербес блог орталарының мамандандырылған, яғни бегілі бір өмір сфераларына арналған блогтар болады. Саясат-саясатқа арналған блогтар. Әдетте саясат блогтарды көшбасшылар саяси партиялар, саяси бірлестіктер мен саясаткерлер жүргізеді. Тұрмыс- әдетте бұл адамдар арасындағы қарым қатынас проблемеларын, психологияны, үй шаруашылығын жүргізу- яғни «тұрмыс», «жеке өмір» түсініктерімен байланысты проблемаларды қарастыратын блогтар. Саяхат-белгілі бір елде өз-өзін қалай ұстау туралы кеңес беретін және басқа ұлттардың салт-дәстүрлері туралы айтатын авторлардың өзінің сапарланынан алған әсерлерімен бөлісетін блогтар. Білім-білім тақырыбына арналған блогтар. Әдетте ол белгілі бір оқу орындарының блогтары. Бұл блогқа қатысушылар, білім беру процесін, білім проблемаларын қарастырады. Сән- сән әлеміндегі жаңалықтар, трендтер, сәнді көрсетілімдерді талқылайтын блогтар. Бұл блогтарда мамандардың пікірлерін, стилистердің кеңестерін және сәнге құмар адамдардың пікірлерін оқуға болады. Музыка- авторлар өзінің музыкалық сүйіспеншілігін, музыкалық әлемдегі жаңалықтарды талқылайтын блогтар. Музыкалық блогтар- белгілі бір музыкалық бағытқа арналуы мүмкін және әртүрлі музыкалық жанрлар мен стильдерді жарыққа шығарады. 3.Мультимедияның түрі бойынша Мәтіндік блог- негізгі мазмұны мәтін болып табылатын блог. Фотоблог- негізгі мазмұнын фотографиялар құрастыратын блог. Мұзыкалық блог- негізгі құрамын музыка құрастыратын блогтар. Подкаст және блогкастинг- негізгі мазмұны МР3-файл түрінде қаланатын блогтар. Видеоблог- негізгі мазмұны видеофайл түрінде көрсетілген блогтар. 4.Мазмұндық ерекшеліктері бойынша Контенттік блог- бастапқы авторлық контентті баспаға шығаратын блог. Мониторингтік (сілтемелік) блог – негізгі контенті басқа сайттарға коментариден өткен сілтемелер болып табылады. Дәйексөз блогы- негізгі контенті, басқа блогтардан алынған дәйексөдер болып табылады. 5.Техникалық негізі бойынша Stand alone блогы- жеке хостингтегі немесе қозғалтқыштағы блог. Блог –платформадағы блог- блог-қызмет күшімен жүргізілетін блог. Моблог- Құрамында ұйялы және портативтік құралдары орналасқан контенті бар ұялы веб-блог.
10.09.2013 05:33 6114

1.Авторлары бойынша

Дербес(авторлық, жеке) блог- жеке бір адамдармен жүргізіледі(ереже бойынша оның иесімен).

«Елес»( «Призрачный») блог- аты анықталмаған адамның бөтен адамның атынан блогты жүргізу.

Корпоративтік блог- бір серіктестіктің қызметкерлердің блогы жүргізілуі.

2.Тематикалық бағыты бойынша

Көп жағдайда дербес блогтар жеке сипатқа ие болады. Бірақ коллективтік және корпоративтік орталардағыдай дербес блог орталарының мамандандырылған, яғни бегілі бір өмір сфераларына арналған блогтар болады.

Саясат-саясатқа арналған блогтар. Әдетте саясат блогтарды көшбасшылар саяси партиялар, саяси бірлестіктер мен саясаткерлер жүргізеді.

Тұрмыс- әдетте бұл адамдар арасындағы қарым қатынас проблемеларын, психологияны, үй шаруашылығын жүргізу- яғни «тұрмыс», «жеке өмір» түсініктерімен байланысты проблемаларды қарастыратын блогтар.

Саяхат-белгілі бір елде өз-өзін қалай ұстау туралы кеңес беретін және басқа ұлттардың салт-дәстүрлері туралы айтатын авторлардың өзінің сапарланынан алған әсерлерімен бөлісетін блогтар.

Білім-білім тақырыбына арналған блогтар. Әдетте ол белгілі бір оқу орындарының блогтары. Бұл блогқа қатысушылар, білім беру процесін, білім проблемаларын қарастырады.

Сән- сән әлеміндегі жаңалықтар, трендтер, сәнді көрсетілімдерді талқылайтын блогтар. Бұл блогтарда мамандардың пікірлерін, стилистердің кеңестерін және сәнге құмар адамдардың пікірлерін оқуға болады.

Музыка- авторлар өзінің музыкалық сүйіспеншілігін, музыкалық әлемдегі жаңалықтарды талқылайтын блогтар. Музыкалық блогтар- белгілі бір музыкалық бағытқа арналуы мүмкін және әртүрлі музыкалық жанрлар мен стильдерді жарыққа шығарады.

3.Мультимедияның түрі бойынша

Мәтіндік блог- негізгі мазмұны мәтін болып табылатын блог.

Фотоблог- негізгі мазмұнын фотографиялар құрастыратын блог.

Мұзыкалық блог- негізгі құрамын музыка құрастыратын блогтар.

Подкаст және блогкастинг- негізгі мазмұны МР3-файл түрінде қаланатын блогтар.

Видеоблог- негізгі мазмұны видеофайл түрінде көрсетілген блогтар.

4.Мазмұндық ерекшеліктері бойынша

Контенттік блог- бастапқы авторлық контентті баспаға шығаратын блог.

Мониторингтік (сілтемелік) блог – негізгі контенті басқа сайттарға коментариден өткен сілтемелер болып табылады.

Дәйексөз блогы- негізгі контенті, басқа блогтардан алынған дәйексөдер болып табылады.

5.Техникалық негізі бойынша

Stand alone блогы- жеке хостингтегі немесе қозғалтқыштағы блог.

Блог –платформадағы блог- блог-қызмет күшімен жүргізілетін блог.

Моблог- Құрамында ұйялы және портативтік құралдары орналасқан контенті бар ұялы веб-блог.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға