Жаңалықтар

Блог тарихы, порталдан айырмашылығы

«Washington Profile» газеті бірінші блог бетті ашқан Тим Бернерс-Ли деп санайды. Ол 1992 жылдан бастап жаңалықтар жариялаған. 1996 жылы Блогтың кең ауқымды таралуы басталды. 1999 жылы тамызда «Pyra Labs» компьютерлік компания Сан-Францискода «Blogger» деген сайт ашты. Бұл бірінші тегін блогты қызмет еді. 2003 жылдың ақпанында Google компаниясы «Blogger» сайтын сатып алады. 2004 жылы Apple компаниясы блогерлерді сотқа береді. Олар компанияның әлі ресми түрде жарияламаған жаңа тауары туралы жазған екен. Компания ақпараттың тарап кету көзін анықтасын деген екен, бірақ 2 жыл өткен соң ұтылады. 2006 жылы сот журналистер сияқты блогерлерге де ақпарат көздерін таратпау туралы заң қолданылады. Блогтың ақпараттық порталдардан айырмашылығы: Блогта адам өз ойын эмоционалды түрде жазуы мүмкін, осының нәтижесінде адамдармен диалог жүргізіледі. Ал ақпараттық порталда қатаң түрде, іскери қатынас түрінде жүргізіледі. Блогта ақпараттық порталға қарағанда жаңару бірнеше есе көп жүреді. Себебі, блог жүргізуші адам әр түрлі мазмұндағы идеясын оқырмандарға ой бөліседі, яғни қуанышымен, қайғысымен, проблемаларымен ой бөліседі. Ақпараттық порталда әр түрлі ақпаратты жариялайды. Және ол ақпаратты талқылауға мүмкіндік бермейді. Ал блог оқырмандардың ақпаратты талқылауға бағытталған. Блог Америка Құрама Штаттарынан бастау алады. Өйткені онлайн жұмыс істеуге арналған құралдарды амирекалық мамандар жасап шығарды. Бірақ блоггинг ғаламдық құбылысқа айналды. Мәселен, Қытайда шамамен 5 миллион блогшы бар. Қытайдағы халық санына шаққанда бұл азғантай көрсеткіш. Қытай үкіметінің технология көмегімен сөз бостандығына ерік бермегеніне қарамастан, күн өткен сайын Қытайдың көптеген азаматтары блог бастап жатыр. Өзге құрлықтармен салыстырғанда Африкада болгшылар саны аздау. Гарвард Университеті жанындағы «интернет және қоғам» Беркман орталығы жүзеге асырып жатқан «Глобал войсес онлайн» жобасын құрушылардың бірі – Этан Цукерман зерттеулері бойынша, Сахараның оңтүстігінен әрі жатқан Африкада әрі кеткенде 10 000 блог бар. Оның ойынша Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада бұл көрсеткіш жоғары. 50 000-нан аса жас интернет-күнделік жүргізумен айналысады. Америка Құрама Штаттарынан бөлек блоггингке аса үлкен қызығушылық танытатын елдердің ішінде Франция ерекшеленеді. Бағдарламалақ қамсыздандыру компаниясының басқарушысы Луи Ле Мераның мәліметтеріне қарағанда, 2 миллионнан аса блогшы бар екен. Олардың ықпалы қатты сезіледі. Үкіметтің үш министрі өздерінен сұхбат алу үшін блогшыларды шақырғанын айтады және олардың біріне өзі қатысқан. «Елімізде блогтар жеке пікірін танытудың ең маңызды құралына айналып келеді және дәстүрлі журналистикада қызмет ететіндер арасында таластар тудырып жатыр» дейді ол.
10.09.2013 05:28 3834

«Washington Profile» газеті бірінші блог бетті ашқан Тим Бернерс-Ли деп санайды. Ол 1992 жылдан бастап жаңалықтар жариялаған. 1996 жылы Блогтың кең ауқымды таралуы басталды.

1999 жылы тамызда «Pyra Labs» компьютерлік компания Сан-Францискода «Blogger» деген сайт ашты. Бұл бірінші тегін блогты қызмет еді. 2003 жылдың ақпанында Google компаниясы «Blogger» сайтын сатып алады.

2004 жылы Apple компаниясы блогерлерді сотқа береді. Олар компанияның әлі ресми түрде жарияламаған жаңа тауары туралы жазған екен. Компания ақпараттың тарап кету көзін анықтасын деген екен, бірақ 2 жыл өткен соң ұтылады. 2006 жылы сот журналистер сияқты блогерлерге де ақпарат көздерін таратпау туралы заң қолданылады.

Блогтың ақпараттық порталдардан айырмашылығы:

Блогта адам өз ойын эмоционалды түрде жазуы мүмкін, осының нәтижесінде адамдармен диалог жүргізіледі. Ал ақпараттық порталда қатаң түрде, іскери қатынас түрінде жүргізіледі.

Блогта ақпараттық порталға қарағанда жаңару бірнеше есе көп жүреді. Себебі, блог жүргізуші адам әр түрлі мазмұндағы идеясын оқырмандарға ой бөліседі, яғни қуанышымен, қайғысымен, проблемаларымен ой бөліседі.

Ақпараттық порталда әр түрлі ақпаратты жариялайды. Және ол ақпаратты талқылауға мүмкіндік бермейді. Ал блог оқырмандардың ақпаратты талқылауға бағытталған.

Блог Америка Құрама Штаттарынан бастау алады. Өйткені онлайн жұмыс істеуге арналған құралдарды амирекалық мамандар жасап шығарды. Бірақ блоггинг ғаламдық құбылысқа айналды. Мәселен, Қытайда шамамен 5 миллион блогшы бар. Қытайдағы халық санына шаққанда бұл азғантай көрсеткіш. Қытай үкіметінің технология көмегімен сөз бостандығына ерік бермегеніне қарамастан, күн өткен сайын Қытайдың көптеген азаматтары блог бастап жатыр. Өзге құрлықтармен салыстырғанда Африкада болгшылар саны аздау. Гарвард Университеті жанындағы «интернет және қоғам» Беркман орталығы жүзеге асырып жатқан «Глобал войсес онлайн» жобасын құрушылардың бірі – Этан Цукерман зерттеулері бойынша, Сахараның оңтүстігінен әрі жатқан Африкада әрі кеткенде 10 000 блог бар. Оның ойынша Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада бұл көрсеткіш жоғары. 50 000-нан аса жас интернет-күнделік жүргізумен айналысады.

Америка Құрама Штаттарынан бөлек блоггингке аса үлкен қызығушылық танытатын елдердің ішінде Франция ерекшеленеді. Бағдарламалақ қамсыздандыру компаниясының басқарушысы Луи Ле Мераның мәліметтеріне қарағанда, 2 миллионнан аса блогшы бар екен. Олардың ықпалы қатты сезіледі. Үкіметтің үш министрі өздерінен сұхбат алу үшін блогшыларды шақырғанын айтады және олардың біріне өзі қатысқан. «Елімізде блогтар жеке пікірін танытудың ең маңызды құралына айналып келеді және дәстүрлі журналистикада қызмет ететіндер арасында таластар тудырып жатыр» дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға