Жаңалықтар

Блог

Блог (ағыл. blog, web log сөзінен шыққан және интернет-күнделік, онлайн-күнделік, интернет-журнал жаңалықтары деген мағынаны білдіреді) – бұл веб-сайт, текст, бейне немесе мультимедиасы бар жиі енгізілетін жазба. Блогшы деп блог жетекшілерін атайды. Ғаламтордағы барлық блогтар жиынтығын блогосфера дейді. Авторлық құрамына байланысты блогтар топтық және дербес(корпоративтік, клубтық) және қоғамық(ашық) болып бөлінеді. Құрамы бойынша –  тематикалық және бірігей. Блог қолданушыларға бір тақырыпқа өз пікірлерін (коментарийлерді) қалдыру блогтарға тән қасиеті бар. Ол блогтарды желілік қарым-қатынас ортасын істейді және оның чат, веб-форум, жаңалықтар тобы және электрон поштасынан біршама артылықшылықтары болады.  ХХ ғасырдың соңында журналистикаға жаңа сипат  – интернет журналистика енсе, ХХІ ғасырда интернет журналистиканың жаңа қыры – блог жүйесі  дамуда. Яғни әлемде ақпарат таратудың жаңа үлгісі қолданылуда. Сондықтан заманауи ағымның ығына сай ақпарат алу, қолдану қазіргі таңдағы тұтынушының да талабы. Блог туралы ғаламторда жазылғандарды жинақтасақ: блогтағы хабарлар хронологиялық тәртіпте орналасады; блогты негізінен бір адам, бірінші жақтан жазады; блогта автор басқа сайттарға сілтемелер жасайды; блог жиі жаңарып тұрады; блогтағы хабарларға пікір қалдыруға болады; блог арқылы оның авторы туралы көзқарас қалыптастыруға болады; блогты негізінен әуесқойлар (олардың арасында кәсіби журналистер немесе ақын-жазушылар да бар) жүргізеді; блогтарда түрлі мәтіндер, фотосуреттер, аудио, видео болуы мүмкін. Қазіргі таңда қазақша блог жасаушылар blogger.com және wordpress.com сайттарына тіркелу арқылы жеке блогтарын ашады. Блог ашу тегін және блогты сіз өз қалауыңызша өңдеп, түрлі суреттер, мәтіндер, бейнежазбалалар орналастыра аласыз. Егер сізге аталған сайт блог ашуға тегін берген орын жетіңкіремесе, материалдарыңыз сыймаса, блогыңызды ақылы түрде кеңейте аласыз. Бірақ блог бастағыңыз келсе, ағылшын тілін білуіңіз керек. Өйткені блогты ашу туралы ақпараттардың барлығы дерлік ағылшын тілінде. Сондықтан бүгінгі таңда ең өзекті мәселенің бірі Қазақстанда интернетке қосылу мәселесін, қазақша сайттарды, блогтарды дамытуды, олар туралы ақпаратты таратуды дұрыс жолға қою маңызды болып отыр. Сонымен блог дегеніміздің өзі не? Біртұтас анықтама болмағанымен, олардың барлығына ортақ үш түрлі қасиет бар. Олар әдетте postings (жазбалар) деп аталатын қысқа мақалалардан тұрады. Кері хронологиялық ретпен жарияланады, яғни соңғы жарияланған жазбалар беттің жоғарғы жағында тұрады. Мәтіннің ішінде интернеттің өзге беттеріне сілтеме жасайтын гиперсілтемелер болады. Блогтар дегеніміз – әңгімелер. Көптеген үздік блогтұғырлар өз оқырмандарын пікір алмасуға шақырады. Блогшылар бір-бірінің жұмыстарына сілтеме жасап, пікір алмасқанды ұнатады. Қарапайым ауызекі тілмен жазылғандықтан, әңімешіл болып көрінеді. Сондықтан да адамның емес, әлдебір комитеттің белгіленген ережелері бойынша жазылған қалыпты газет мақаласына қарама-қарсы деуге болады. Блогтан адамның үнінің естілуі – осы формадағы коммуникация түрінің кең өріс алуының бірден-бір маңызды бөлігіне айналды. Блогтарды, сонымен қатар интернет қолданушылар онлайн режимде өздерінің жұмыстарын (аудио, бейне және тағы басқа түрдегі) жариялау үшін пайдаланатын құрал деп кең ауқымды мағынада қарастырады. Бұл мәліметті жинақтау мен оны тарату кезеңдерінде көрініс табатын ақпарат құралдарын демократияландырудың бір бөлшегі. Электронды үлгіде мазмұнды деректер дайындау үшін қолданатын құралдар күннен-күнге қуат артып, бағасы да арзандап келе жатыр. Өз жұмысымызды күллі әлемге танытатындай әлеуетке ие болдық. Бұдан алдын, адамзат тарихында осы бір жаңа құбылысқа балама болған емес.
10.09.2013 05:17 3249

Блог (ағыл. blog, web log сөзінен шыққан және интернет-күнделік, онлайн-күнделік, интернет-журнал жаңалықтары деген мағынаны білдіреді) – бұл веб-сайт, текст, бейне немесе мультимедиасы бар жиі енгізілетін жазба.

Блогшы деп блог жетекшілерін атайды. Ғаламтордағы барлық блогтар жиынтығын блогосфера дейді.

Авторлық құрамына байланысты блогтар топтық және дербес(корпоративтік, клубтық) және қоғамық(ашық) болып бөлінеді. Құрамы бойынша –  тематикалық және бірігей. Блог қолданушыларға бір тақырыпқа өз пікірлерін (коментарийлерді) қалдыру блогтарға тән қасиеті бар. Ол блогтарды желілік қарым-қатынас ортасын істейді және оның чат, веб-форум, жаңалықтар тобы және электрон поштасынан біршама артылықшылықтары болады.

 ХХ ғасырдың соңында журналистикаға жаңа сипат  – интернет журналистика енсе, ХХІ ғасырда интернет журналистиканың жаңа қыры – блог жүйесі  дамуда. Яғни әлемде ақпарат таратудың жаңа үлгісі қолданылуда. Сондықтан заманауи ағымның ығына сай ақпарат алу, қолдану қазіргі таңдағы тұтынушының да талабы.

Блог туралы ғаламторда жазылғандарды жинақтасақ: блогтағы хабарлар хронологиялық тәртіпте орналасады; блогты негізінен бір адам, бірінші жақтан жазады; блогта автор басқа сайттарға сілтемелер жасайды; блог жиі жаңарып тұрады; блогтағы хабарларға пікір қалдыруға болады; блог арқылы оның авторы туралы көзқарас қалыптастыруға болады; блогты негізінен әуесқойлар (олардың арасында кәсіби журналистер немесе ақын-жазушылар да бар) жүргізеді; блогтарда түрлі мәтіндер, фотосуреттер, аудио, видео болуы мүмкін. Қазіргі таңда қазақша блог жасаушылар blogger.com және wordpress.com сайттарына тіркелу арқылы жеке блогтарын ашады. Блог ашу тегін және блогты сіз өз қалауыңызша өңдеп, түрлі суреттер, мәтіндер, бейнежазбалалар орналастыра аласыз. Егер сізге аталған сайт блог ашуға тегін берген орын жетіңкіремесе, материалдарыңыз сыймаса, блогыңызды ақылы түрде кеңейте аласыз. Бірақ блог бастағыңыз келсе, ағылшын тілін білуіңіз керек. Өйткені блогты ашу туралы ақпараттардың барлығы дерлік ағылшын тілінде. Сондықтан бүгінгі таңда ең өзекті мәселенің бірі Қазақстанда интернетке қосылу мәселесін, қазақша сайттарды, блогтарды дамытуды, олар туралы ақпаратты таратуды дұрыс жолға қою маңызды болып отыр.

Сонымен блог дегеніміздің өзі не? Біртұтас анықтама болмағанымен, олардың барлығына ортақ үш түрлі қасиет бар. Олар әдетте postings (жазбалар) деп аталатын қысқа мақалалардан тұрады. Кері хронологиялық ретпен жарияланады, яғни соңғы жарияланған жазбалар беттің жоғарғы жағында тұрады. Мәтіннің ішінде интернеттің өзге беттеріне сілтеме жасайтын гиперсілтемелер болады.

Блогтар дегеніміз – әңгімелер. Көптеген үздік блогтұғырлар өз оқырмандарын пікір алмасуға шақырады. Блогшылар бір-бірінің жұмыстарына сілтеме жасап, пікір алмасқанды ұнатады. Қарапайым ауызекі тілмен жазылғандықтан, әңімешіл болып көрінеді. Сондықтан да адамның емес, әлдебір комитеттің белгіленген ережелері бойынша жазылған қалыпты газет мақаласына қарама-қарсы деуге болады. Блогтан адамның үнінің естілуі – осы формадағы коммуникация түрінің кең өріс алуының бірден-бір маңызды бөлігіне айналды. Блогтарды, сонымен қатар интернет қолданушылар онлайн режимде өздерінің жұмыстарын (аудио, бейне және тағы басқа түрдегі) жариялау үшін пайдаланатын құрал деп кең ауқымды мағынада қарастырады. Бұл мәліметті жинақтау мен оны тарату кезеңдерінде көрініс табатын ақпарат құралдарын демократияландырудың бір бөлшегі. Электронды үлгіде мазмұнды деректер дайындау үшін қолданатын құралдар күннен-күнге қуат артып, бағасы да арзандап келе жатыр. Өз жұмысымызды күллі әлемге танытатындай әлеуетке ие болдық. Бұдан алдын, адамзат тарихында осы бір жаңа құбылысқа балама болған емес.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға