“Сыр сұхбат", "Жан жылуы" бағдарламасы
“Сыр сұхбат». Бағдарлама мақсаты – танымал тұлғалар мен кейінгі буын арасын байланыстыра отырып, оларды көрерменге жақын таныстыру. «Сыр сұхбат» бағдарламасында заманында талай асуларды алып, шыңдарды табындырған алдыңғы буын ағалар мен аналар басты қонақ болады. Сіз оларды бейресми жағдайда, өзге қырынан, бұрын-соңды айтылмаған, көпшілік біле бермейтін тұсынан танитын боласыз. Ал қонақтың өмірдегі шынайы образын өздерінің көкейінде жүрген түрлі сауалдарымен бүгінгі мектеп жасындағы балалар ашады.
Шығармашылық Бірлестік жетекшісі: Шынар Ықсанғалиева, Продюсері: Айгүл Мыңжасар, Шеф-редакторы: Азат Рыстанбек, Режиссері: Айтолқын Ықсанова. Жүргізуші -редактор - Шахкерім Кәрмен. Ал, ұзақтығы: 30 минут, аптасына бір рет шығады. Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: жексенбі, 13:35 шығып, бейсенбі күні14:15те қайталанды. Негізінен жанры ток-шоу, әлеуметтік шығаршылық бірлестікке редакцияның бағдарламасына жатады.
Сұрақ қою тәсілі арқылы журналист өз қонағын толық зерттей алады. Бұл бағдарламада зерттеудің тікелей сұрақ-жауап әдіс қолданылған. Бұл тәсіл зерттеу тұрғысынан ұтымды. Себебі дерек көздері нақты. Қажетті сауалға жауапты субъектінің өзі жауап береді. Мұнда ешқандай әсірелеу,болжолдау,бұрмалау жоқ. Нақты сұрақ,тиісті жауап.
Арнадағы рэйтингі жоғары бағдарламалардың бірі – «Жан жылуы». Бұл бағдарламада журналист психологиясы көбіне морльдік бағытта өрбиді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – еліміздегі әлеуметтік жағдайы тым ауыр немесе аз қамтылған отбасылар, көп балалы жалғыз басты аналар, қолынан іс келетін мүмкіндігі шектеулі жандардың жан айғайын қалың көпшілікке жеткізе отырып, қиыншылықтан шығар жолды бірге іздестіру.
Олардың өз істерін жандандыруға, қажеттіліктеріне қол жеткізуге мүмкіндіктер туғызу. Сол арқылы көрермен қауымды, соның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған өскелең жас ұрпақты бауырмалдыққа, кеңпейілділікке, жомарттыққа баулу. Халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ел болып атсалысуға шақыру.
Шығармашылық бірлестіктің жетекшісі: Шынар Ықсанғалиева, Продюсері: Айгүл Мыңжасар, шеф-редакторы: Азат Рыстанбек, жүргізушісі: Ақбаян Сапарбаева, режиссері: Жансая Ерімова, редакторы: Ақбаян Сапарбаева. Бағдарламаның хронометражы 20 минут. Тұпнұсұқа аптасына бір рет сенбі 18.10да эирге шығып,сейсенбі 13.35 де қайталайды. Мемлекеттік тілде шығатын бағдаолама жанры- әлеуметтік тележурнал.
Егерде сіз осы бағдарламаны бір рет болса да эфирден көрсеңіз тақырыпқа арқау болған мәселеге бей-жай қарауыңыз мүмкін емес. Себебі журналист өз зертеуінде нағыз психологиялық әсер қалдыратын кейіпкер табады. Табу бір бөлек , зерттеудің шынайлығы-ол кейіпкердің шын мәнінде ішкі жан дүниесіне тереңнен үңіліп,көрерменге жеткізе білуі. Нақтырақ айтсақ мұнда ерекше тәсіл мықты режиссура мен монтажды айтуға болады. Белгілі кейіпкер бар делік. Бірақ, оның шын мәнінде зәру еткендігін қалай жеткіземіз. Мен зертеушімін деп журналист құр сөзбен көсіліп жазса сіз нанар ма едіңіз? Әрине жоқ. Демек осы сәтте мықты сценари сауатты, режисура керек. Яғни көрермен зерттеудің бас қасында жүргендей болуы шарт. Оқиғаны ретімен, эмоциясын шынайы жеткізсек болғаны. Сіз жасаған зерттеу біздің көңілден орын тауып, тиісті нәтиже береді.