Жаңалықтар

"Қаратау тәжі" газеті

«Қаратау тәжі» газетінің негізі 2004 жылы 15 қаңтарда «Ваша безопасность» деген атпен қаланып, орыс тілінде шыға бастады. Газеттің бас директоры әрі редкаторы Е.Балтай болды. Үш айдан соң басылым үщ тілде – қазақ, өзбек, орыс тілдеріднде жарық көре бастады. Республикалық апталық газеттің бас редакторы болып Рысты Атабекқызы тағайындалды. Мұнда әр жылдары Б.Оспанов, Е.Өзенбаев, С.Жанықұлова, Ә.Әнет, Д.Мыңбаева секілді көптеген журналисттер жұмыс істеді. Қоғамдық көзқарасты дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтқан басылым өзінің түрлі айдарлары арқылы осы өңірдің тыныс-тіршіліктерін толық қамтып отырды. Қазіргі таңда республикалық «Қаратау тәжі» және «Ваша безопасность» газеттерінің - Ә.Мәметова» «Қаратау тәжі» республикалық басылымның қазіргі таңдағы таралымы 3000 дана екен, ал басылымға тапсырыс берген оқырмандар саны 3390-ды құрайтын көрінеді. Басылым «Жолдауға қолдау», «Әралуан», «Байқау», «Жұлдызнама» сынды беттерден құралған. Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының құлағын ұстап отырғандар, қазақтілді журналистика майталмандары «БАҚ саласы бойынша халыққа тарайтын жарнаманың міндетті түрде мемлекеттік тілде жасалуын, қазақ баспасөзі мен мен ақпарат құралдары арқылы халыққа жетуән қаматамасыз ететін заңдық кепілдік қажет» деген пікір білдіреді. Осы пікір айтушылардың әшәнде «журналистика менеджменті дұрыс қалыптаса алмай отыр» деген пікір айтылады. Себебі: Біріншіден, қазақтілді жураналистика саласында бәсеке таяз. Нарық заманының басты талабы – бәсекеге лайық тауар өндіру болса, біздің өндіріп отырған тауарымыз бәсекеге қауқарсыз. Рас, бүгінгі таңда әрбір қазақтілді басылымның қоғамда алып отырған өз орны бар. Белгілі бір деңгейде қоғам өкілдерінің сұранысын өтеп отыр деп ауыз толтырып та айта аламыз. Дейтұрғанмен, бізде самарқаулық басым. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Екіншіден, шығарып отырған газет-журналымызды тарату мәселесінде кемшіліктер жетіп артылады. Жасыратыны жоқ, қазақтілді басылымдар көпшіліктің баспасөзге жазылуы арқылы таралады. Қазір қымбатшылық қос өкпеден қысып тұр. Шалғай ауылдардағы табысы төмен ел-жұрт 3-4 мың (бір жылға жазылу) тұратын газет-журналдарға жазыла бермейді. өйткені, қалта көтермейді. Халықтың әл-ауқатының нашарлығынан бізде баспасөзге жазылу соңғы жылдары бәсеңсіді. Сондықтан аудан орталықтарына, алыстағы елдімекендерге апталық газеттерді 30-60 теңге аралығында баға қойып, жеткізіп сатса өтетіні белгілі. Үшіншіден, біздің арамызда орыстілді баспасөз бен қазақтілді баспасөзді салыстыра қараушылар өте көп. Себебі, орыстілді басылымдар көбіне ақпараттандыру миссиясын орындаса, қазақтілді басылымдар ұлттық сана, ұлттық пайым, ұлт болашағы, ұрпақ келешегі сияқты ірі өзекті мәселелерді көтереді. Төртіншіден, орыстілді аудитория кең. Орысша орташа сауаты баралардың өзі орыстілді газеттерді тұтынуға қауқарлы. Бірақ бұған қарап бізге қолқусырып, қарап отыруға болмайды. Орыстілді басылымдармен ашық бәсекеге түсетін деңгейге жетуіміз керек. Алдымызда осындай міндет қойсақ, оған жетуге журналистердің қарымы да, күш-қуаты мен білімі де жетеді. Әңгіме ауаны нагізінен қазақтілді баспасөзге байланысты өрбіп отырғандықтан, қазақтілді ақпарат нарығы туралы сөз қозғауға тура келіп отыр. Соңғы жылдары «Жұлдыздар отбасы», одан кейін «Әлия», «Япыр-ай» басылымдары шықты. Осыларда аздап жарнама бар. Сатылу бағалары да шамалас. Дәл осындай газет-журналдар Оңтүстік Қазақстан облысында да жетерлік. Шығып жатқан басылымыдардың барлығы дерлік жарнаманың арқасында өмір сүруде. Олай болмаған жағдайда басылымдар мен телераналардың күйі жақсармасы анық.   
10.09.2013 04:45 6733

«Қаратау тәжі» газетінің негізі 2004 жылы 15 қаңтарда «Ваша безопасность» деген атпен қаланып, орыс тілінде шыға бастады. Газеттің бас директоры әрі редкаторы Е.Балтай болды. Үш айдан соң басылым үщ тілде – қазақ, өзбек, орыс тілдеріднде жарық көре бастады. Республикалық апталық газеттің бас редакторы болып Рысты Атабекқызы тағайындалды. Мұнда әр жылдары Б.Оспанов, Е.Өзенбаев, С.Жанықұлова, Ә.Әнет, Д.Мыңбаева секілді көптеген журналисттер жұмыс істеді. Қоғамдық көзқарасты дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтқан басылым өзінің түрлі айдарлары арқылы осы өңірдің тыныс-тіршіліктерін толық қамтып отырды. Қазіргі таңда республикалық «Қаратау тәжі» және «Ваша безопасность» газеттерінің - Ә.Мәметова»

«Қаратау тәжі» республикалық басылымның қазіргі таңдағы таралымы 3000 дана екен, ал басылымға тапсырыс берген оқырмандар саны 3390-ды құрайтын көрінеді. Басылым «Жолдауға қолдау», «Әралуан», «Байқау», «Жұлдызнама» сынды беттерден құралған.

Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының құлағын ұстап отырғандар, қазақтілді журналистика майталмандары «БАҚ саласы бойынша халыққа тарайтын жарнаманың міндетті түрде мемлекеттік тілде жасалуын, қазақ баспасөзі мен мен ақпарат құралдары арқылы халыққа жетуән қаматамасыз ететін заңдық кепілдік қажет» деген пікір білдіреді. Осы пікір айтушылардың әшәнде «журналистика менеджменті дұрыс қалыптаса алмай отыр» деген пікір айтылады. Себебі:

Біріншіден, қазақтілді жураналистика саласында бәсеке таяз. Нарық заманының басты талабы – бәсекеге лайық тауар өндіру болса, біздің өндіріп отырған тауарымыз бәсекеге қауқарсыз. Рас, бүгінгі таңда әрбір қазақтілді басылымның қоғамда алып отырған өз орны бар. Белгілі бір деңгейде қоғам өкілдерінің сұранысын өтеп отыр деп ауыз толтырып та айта аламыз. Дейтұрғанмен, бізде самарқаулық басым. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды.

Екіншіден, шығарып отырған газет-журналымызды тарату мәселесінде кемшіліктер жетіп артылады. Жасыратыны жоқ, қазақтілді басылымдар көпшіліктің баспасөзге жазылуы арқылы таралады. Қазір қымбатшылық қос өкпеден қысып тұр. Шалғай ауылдардағы табысы төмен ел-жұрт 3-4 мың (бір жылға жазылу) тұратын газет-журналдарға жазыла бермейді. өйткені, қалта көтермейді. Халықтың әл-ауқатының нашарлығынан бізде баспасөзге жазылу соңғы жылдары бәсеңсіді. Сондықтан аудан орталықтарына, алыстағы елдімекендерге апталық газеттерді 30-60 теңге аралығында баға қойып, жеткізіп сатса өтетіні белгілі.

Үшіншіден, біздің арамызда орыстілді баспасөз бен қазақтілді баспасөзді салыстыра қараушылар өте көп. Себебі, орыстілді басылымдар көбіне ақпараттандыру миссиясын орындаса, қазақтілді басылымдар ұлттық сана, ұлттық пайым, ұлт болашағы, ұрпақ келешегі сияқты ірі өзекті мәселелерді көтереді.

Төртіншіден, орыстілді аудитория кең. Орысша орташа сауаты баралардың өзі орыстілді газеттерді тұтынуға қауқарлы. Бірақ бұған қарап бізге қолқусырып, қарап отыруға болмайды. Орыстілді басылымдармен ашық бәсекеге түсетін деңгейге жетуіміз керек. Алдымызда осындай міндет қойсақ, оған жетуге журналистердің қарымы да, күш-қуаты мен білімі де жетеді.

Әңгіме ауаны нагізінен қазақтілді баспасөзге байланысты өрбіп отырғандықтан, қазақтілді ақпарат нарығы туралы сөз қозғауға тура келіп отыр. Соңғы жылдары «Жұлдыздар отбасы», одан кейін «Әлия», «Япыр-ай» басылымдары шықты. Осыларда аздап жарнама бар. Сатылу бағалары да шамалас. Дәл осындай газет-журналдар Оңтүстік Қазақстан облысында да жетерлік. Шығып жатқан басылымыдардың барлығы дерлік жарнаманың арқасында өмір сүруде. Олай болмаған жағдайда басылымдар мен телераналардың күйі жақсармасы анық.   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға