Жаңалықтар

"Икар" телеарнасы

Икар телеарнасы еліміздегі ең алғашқы тәуелсіз коммерциялық телеарнаның бірі болып табылады. Телеарна алғаш 1991 жылы эфирге шығады. Алғашқы директоры – Л.Шпиляенская болды. Ең алғаш эфирге «Факт» ақпараттық бағдарламасы жарыққа шығады. Бағдарламаның авторы әрі жүргізушілері Б.Деревенский мен В.Хаев болды. Ұлттық құдылықтарымызды дәріптеп, жастарға оны құрметтеу тұрғысында Ж.Төреханов хабарлар дайындаса, Қ.Әміреұлы ислам дінінің ұлағаты мен шарттарын эфир арқылы халыққа жеткізіп отырды. Телеарнада әр жылдары «С.Бекбасқызы мен Р.Каировалар басшылық етсе, С.Утенова, В.Хаев, Б.Сердәлі, Р.Атабекқызы, А.Мыцык, С.Есентаев, Ғ.Бекмамбетов, А.Жақсылықова, Ә.Сейфолла және өзге де журналистер мен  операторлар қызмет еткен»[30]. Қазіргі кезде «Икар» телеарнасына У. Мамасаитова басшылық етуде. Бүгінде аталған телеарнада «Шарайна», «Заң және заман», «Панорама Кентау», «Көкейкксті», «Айгөлек», «Руханият», «Мамандар кеңесі» сынды тұрақты бағдарламалар күнделікті халыққа қызмет етуде. Икар Италия туындысы. Мүмкін дәл сол уақытта суретте көрсетілген. Кентаулық Азиялық кеңес одағы бірлестігі ұйымының бастығы  Николай Пантелеймонович Гонца италиялық «Интраве» фирма ұжымымен бірге Кентаудағы жекеменшік телевизиялық арна ашу мәселесіне қол қойып, бір шешімге келеді. 1991 жылы Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жекеменшік телеарна тарихы басталды. Италиядан жаңа заман талабына сай телевизиялық техникалар әкелінді. Олардың монтажын италяндық мамандар атқарды. Классикалық әуендер жинағын компакт дискілерге басылған видиофильмдер де Италиядан  әкелінді. Сол себепті көрермендер алғашқы кездері «Икара» көрсетілімдерін иналиян тілінде көрді. Ең алғаш атақты Андриана Челентаноның «Біздің үйге келді» атты киносы италиян тілінде көрсетілді. Ең қызығы италиян тілін білмесе де көрермендердің бұл телеарнаға қызығушылықтары зор еді. Солақай Александр Мыцык иалиянша үйренуге мәжбүр болды. Өйткені барлық құжаттар да италиян тілінде еді. Ұжым уақыт өте келе, біртіндеп жаңа жұмысқа үйренісе бастады. Тіпті кейде бір жұмыскерге бірнеше мамандықпен жұмыс атқаруға тура келді. Біздің ең алғашқы өз тіліміздегі бағдарлама Қазақстан Республиксының Сенат депутаттарының сайлауына арналды. Бұл идеяны Арнольд Александрович Столбоф ұсынған еді. Ол телеарна ұжымын өз тіліміздегі хабарларда басқа телеарналардан еш кем болмайтындығына сендірді. Солай болды да. «Икар» телеарнасы депутаттыққа кандидат болған елдің әр облысынан шыққан адамдарға арнап бағдарламалар дайындады. Ең алғашқы ақпараттық бағдарлама «Факт» 1992 жылы шықты. Оның авторлары шығыстанушы, журналистика саласында көп тәжірибе жинақтаған Борис Деревенски мен белгілі журанлист Владимер Хаев болды. Күнделікті бағдарламада олар қаланың тыныс-тіршілігінің мәселелері және оны  шешу жолдарын  қарастыруға тырысты.
10.09.2013 04:41 5956

Икар телеарнасы еліміздегі ең алғашқы тәуелсіз коммерциялық телеарнаның бірі болып табылады. Телеарна алғаш 1991 жылы эфирге шығады. Алғашқы директоры – Л.Шпиляенская болды. Ең алғаш эфирге «Факт» ақпараттық бағдарламасы жарыққа шығады. Бағдарламаның авторы әрі жүргізушілері Б.Деревенский мен В.Хаев болды. Ұлттық құдылықтарымызды дәріптеп, жастарға оны құрметтеу тұрғысында Ж.Төреханов хабарлар дайындаса, Қ.Әміреұлы ислам дінінің ұлағаты мен шарттарын эфир арқылы халыққа жеткізіп отырды. Телеарнада әр жылдары «С.Бекбасқызы мен Р.Каировалар басшылық етсе, С.Утенова, В.Хаев, Б.Сердәлі, Р.Атабекқызы, А.Мыцык, С.Есентаев, Ғ.Бекмамбетов, А.Жақсылықова, Ә.Сейфолла және өзге де журналистер мен  операторлар қызмет еткен»[30]. Қазіргі кезде «Икар» телеарнасына У. Мамасаитова басшылық етуде. Бүгінде аталған телеарнада «Шарайна», «Заң және заман», «Панорама Кентау», «Көкейкксті», «Айгөлек», «Руханият», «Мамандар кеңесі» сынды тұрақты бағдарламалар күнделікті халыққа қызмет етуде.

Икар Италия туындысы. Мүмкін дәл сол уақытта суретте көрсетілген. Кентаулық Азиялық кеңес одағы бірлестігі ұйымының бастығы  Николай Пантелеймонович Гонца италиялық «Интраве» фирма ұжымымен бірге Кентаудағы жекеменшік телевизиялық арна ашу мәселесіне қол қойып, бір шешімге келеді.

1991 жылы Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жекеменшік телеарна тарихы басталды. Италиядан жаңа заман талабына сай телевизиялық техникалар әкелінді. Олардың монтажын италяндық мамандар атқарды. Классикалық әуендер жинағын компакт дискілерге басылған видиофильмдер де Италиядан  әкелінді. Сол себепті көрермендер алғашқы кездері «Икара» көрсетілімдерін иналиян тілінде көрді. Ең алғаш атақты Андриана Челентаноның «Біздің үйге келді» атты киносы италиян тілінде көрсетілді. Ең қызығы италиян тілін білмесе де көрермендердің бұл телеарнаға қызығушылықтары зор еді. Солақай Александр Мыцык иалиянша үйренуге мәжбүр болды. Өйткені барлық құжаттар да италиян тілінде еді. Ұжым уақыт өте келе, біртіндеп жаңа жұмысқа үйренісе бастады. Тіпті кейде бір жұмыскерге бірнеше мамандықпен жұмыс атқаруға тура келді. Біздің ең алғашқы өз тіліміздегі бағдарлама Қазақстан Республиксының Сенат депутаттарының сайлауына арналды. Бұл идеяны Арнольд Александрович Столбоф ұсынған еді. Ол телеарна ұжымын өз тіліміздегі хабарларда басқа телеарналардан еш кем болмайтындығына сендірді. Солай болды да. «Икар» телеарнасы депутаттыққа кандидат болған елдің әр облысынан шыққан адамдарға арнап бағдарламалар дайындады. Ең алғашқы ақпараттық бағдарлама «Факт» 1992 жылы шықты. Оның авторлары шығыстанушы, журналистика саласында көп тәжірибе жинақтаған Борис Деревенски мен белгілі журанлист Владимер Хаев болды. Күнделікті бағдарламада олар қаланың тыныс-тіршілігінің мәселелері және оны  шешу жолдарын  қарастыруға тырысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға