Жаңалықтар

"Тұран-Түркістан" телеарнасы

Бүгінде Түркістан қаласының қоғамдық телеарнасына айналған «Тұран- Түркістан» телеарнасы  өз көрермендеріне қала тіршілігінің  жаңалықтарымен таныстырып отыр.  «Тұран-Түркістан» телеарнасы – жекеменшік арна. Онда халық тарапынан түскен хабарландыру мен жарнамаларды қабылдайды. Сондай-ақ көңіл айтулар мен асқа шықыруларды да ақылы түрде қабылдайды. Осылайша телеарна өз қаражатын табуда. Қуанышты хабарларды бөлісетін «Сазды сәлем» бағдарламасымен жұмыс жасау телеарнаның дәстүрлі жұмысы іспетті. Аталған бағдарламада құттықтау берер болсаңыз екі әнге 1500 теңге төлейсіз. Бұл бұрыннан келе жатқан көрсеткіш. Бағдарламаға құттықтау жолдайтын көрермендер саны күннен күнге артуда. Телеарнаның жарнамасы жайында аз-кем ақпарат берер болсақ, ол бөлімде екі қызметкер жұмыс істейді. Олардың қызметі келіп түскен сұраныстарды қанағаттандыру болып табылады. Қаражаттың көлемін түсіндіріп, бағасына көңіл аудару. Мәселен, жүгіртпе жолға шығатын хабарламаның әр сөзі 100 теңге. Ал күніне елуден аса азамат осы жарнама түріне жүгінеді. «Еске алу» некрологтық жарнама бағдарламасы арқылы  қайтыс болған кісіні ағайын-туыстары еске алады. мұның өзі 1500 теңгені құрайды. Сонымен қатар, асқа шықыру, арнайы сюжет дайындау, жүгіртпе жолмен жарнама беру саласы да бұл телеарнада қарқынды дамыған. Мұнымен бірге, «Тұран- Түркістан» телеарнасы жанынан шығатын «Тұран-ақпарат» газеті де жарнамалық қалыпта шығады. Мұнда жарияланатын мақалалардың А4 форматтағы 14 шрифте жазылған мақалалар 1000 теңге көлемінде жарияланады. Сондай-ақ «Хабарландыру» бұрышындағы: «Үй және пәтер», «Жалға алу және беру», «Көлік», «Қызмет», «Жерлер», «Әртүрлі», «Қажет», «Сатылады-сатып аламын», «Іздестіру», «Айырбастау» сынды айдарлармен жарияланады. Аталған жарнама түрлерінің барлығының қызмет көрсету сапасы бірдей. Бағасы  - бір нөмірге 50  теңге. Газет аптасына бір рет жарық көреді. Сонымен қатар, «Тұран Түркістан» телеранасы сырттан келген тұтынушылар үшін ақылы хабарлар дайындайды. Мәселен, бір мекемеде іс-шара өтетін болас, тапсырыс беруші үшін минутына 3 мың теңге көлемінде қызмет ете алады. егерде 3минутқа төлейтін болса, оған 2минут қосымша жеңілдік ретінде беріледі. Тапысрыс беруші үшін тағы бір жеңілдік – дайындалған хабар эфирден үш рет көрсетуге мүмкіндік бар. Қазіргі таңда аталған телеарнаның негізгі міндеті – көрермендерге шынайы ақпарат беріп, жарнамалар арқылы сауда орындарын таныту. Тек сауда нысандарын ғана емес, халыққа қалтықсыз қызмет ететін мекемелерді халыққа жариялап, олардың қызметімен таныстыру. Бүгінде телеарна қаламыздағы түрлі дәріхана, шаштараз бен дүкен, асханалар сынды тағы да өзге орындарды таныстырып келеді. Осы тұста жекеменшік кәсіп иелерімен байланысты орната отырып, жарнаманың жұмысын ілгерлетуді көздейді. Және  бірқатар жұмыстарды іске асырып келеді. 
10.09.2013 04:37 17855

Бүгінде Түркістан қаласының қоғамдық телеарнасына айналған «Тұран- Түркістан» телеарнасы  өз көрермендеріне қала тіршілігінің  жаңалықтарымен таныстырып отыр. 

«Тұран-Түркістан» телеарнасы – жекеменшік арна. Онда халық тарапынан түскен хабарландыру мен жарнамаларды қабылдайды. Сондай-ақ көңіл айтулар мен асқа шықыруларды да ақылы түрде қабылдайды. Осылайша телеарна өз қаражатын табуда. Қуанышты хабарларды бөлісетін «Сазды сәлем» бағдарламасымен жұмыс жасау телеарнаның дәстүрлі жұмысы іспетті. Аталған бағдарламада құттықтау берер болсаңыз екі әнге 1500 теңге төлейсіз. Бұл бұрыннан келе жатқан көрсеткіш. Бағдарламаға құттықтау жолдайтын көрермендер саны күннен күнге артуда.

Телеарнаның жарнамасы жайында аз-кем ақпарат берер болсақ, ол бөлімде екі қызметкер жұмыс істейді. Олардың қызметі келіп түскен сұраныстарды қанағаттандыру болып табылады. Қаражаттың көлемін түсіндіріп, бағасына көңіл аудару. Мәселен, жүгіртпе жолға шығатын хабарламаның әр сөзі 100 теңге. Ал күніне елуден аса азамат осы жарнама түріне жүгінеді.

«Еске алу» некрологтық жарнама бағдарламасы арқылы  қайтыс болған кісіні ағайын-туыстары еске алады. мұның өзі 1500 теңгені құрайды. Сонымен қатар, асқа шықыру, арнайы сюжет дайындау, жүгіртпе жолмен жарнама беру саласы да бұл телеарнада қарқынды дамыған.

Мұнымен бірге, «Тұран- Түркістан» телеарнасы жанынан шығатын «Тұран-ақпарат» газеті де жарнамалық қалыпта шығады. Мұнда жарияланатын мақалалардың А4 форматтағы 14 шрифте жазылған мақалалар 1000 теңге көлемінде жарияланады. Сондай-ақ «Хабарландыру» бұрышындағы: «Үй және пәтер», «Жалға алу және беру», «Көлік», «Қызмет», «Жерлер», «Әртүрлі», «Қажет», «Сатылады-сатып аламын», «Іздестіру», «Айырбастау» сынды айдарлармен жарияланады. Аталған жарнама түрлерінің барлығының қызмет көрсету сапасы бірдей. Бағасы  - бір нөмірге 50  теңге. Газет аптасына бір рет жарық көреді.

Сонымен қатар, «Тұран Түркістан» телеранасы сырттан келген тұтынушылар үшін ақылы хабарлар дайындайды. Мәселен, бір мекемеде іс-шара өтетін болас, тапсырыс беруші үшін минутына 3 мың теңге көлемінде қызмет ете алады. егерде 3минутқа төлейтін болса, оған 2минут қосымша жеңілдік ретінде беріледі. Тапысрыс беруші үшін тағы бір жеңілдік – дайындалған хабар эфирден үш рет көрсетуге мүмкіндік бар.

Қазіргі таңда аталған телеарнаның негізгі міндеті – көрермендерге шынайы ақпарат беріп, жарнамалар арқылы сауда орындарын таныту. Тек сауда нысандарын ғана емес, халыққа қалтықсыз қызмет ететін мекемелерді халыққа жариялап, олардың қызметімен таныстыру. Бүгінде телеарна қаламыздағы түрлі дәріхана, шаштараз бен дүкен, асханалар сынды тағы да өзге орындарды таныстырып келеді. Осы тұста жекеменшік кәсіп иелерімен байланысты орната отырып, жарнаманың жұмысын ілгерлетуді көздейді. Және  бірқатар жұмыстарды іске асырып келеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға