Жаңалықтар

Отырар телеарнасы

Оңтүстікте тәуелсіз телеарналардың көшбасында «Отырар» телеарнасы тұр. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін-ақ сөз бостандығы мен жариялылықты ту етіп көтеріп, қоғамның шынайы бет-бейнесін көрсетуді басты мақсат еткен редакция ұжымы бүгінде мерейлі 20 жылдық белесті бағындырып отыр. Қазіргі таңда «Отырар» телеарнасы деп танитын электронды БАҚ алғаш рет 1992 жылы “5-ші канал” деп аталды. Көпшілік осылай қабылдаған телеарнаның басшылығында, құрылтайшылығында жергілікті кәсіпкерлер Аваз Юнусметов, Давлетбаев, Алиев есімді азаматтар тұрды. Телеарнаны ашу, қаржылай қолдау көрсету, басқа да оның шығармашылық деңгейін көтеру, көрерменнің көзайымы ету оңай шаруа емес екені анық. Осыған қарамастан жеке кәсіпкерлер телеарна ашуда батылдық танытты. Алғашқы  уақытта телеарнада тек «Құттықтаймыз» және «Саз әлемі» сияқты көңіл көтеретін сазды-ақпаратты бағдарламалар, кинофильмдер ғана көрсетілген. Содан кейін барлығы да қазіргі  басшыс Валентина Куприяновна Куликова келген соң жандана бастады деуге болады.  «Собкор» ЖШС-нің директоры ретінде В.Куликова телеарна тізгінін  1992 жылдың аяғында қолға алады.  содан бері көрерменге жылдар өткен сайын тың тақырыптарды, жаңа бағдарламаларды ұсынып келеді. «5-канал» болып тұрғанда телеарна  қазақ тілінде көрсетілмейтін. Валентина Куприянқызы телеарнаның тізгінін ала салысымен-ақ ақпараттарды, хабарларды екі тілде тарату мәселесіне жіті көңіл бөлді. Тіпті, бір кездері  үш тілді телеарнаға айналды. «Ақпараттар ағыны» арнамызда қазақ, орыс, өзбек тілінде де жарық көрді. Дегенмен, телеарна жекеменшік болғандықтан, өз күндерін өздері көріп, мемлекеттен қаржы бөлініп жатпағандықтан, қаржылық, демеушілік қолдау көрсету ісіне байланысты өзбек тілді хабарлар мен ақпараттар бағдарламасы тоқтап қалды. Журналистіның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, творчестволық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады. Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын айыру оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақсы дайындық, жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасыңды білдірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық тұрғыдан ізденіп еңбек ете білгені дүрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. Өзіңді журналистік мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету лазым. урналист еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принциптердің бірі. Өйткеніурналист қателессе, ол бір адамның қателесуі емес — мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Телеарнада көрермендерінің көңілінен шығып жүрген бағдарламалар жетерлік. Мәселен, солардың бірі - «Қала» бағдарламасы. Ол  апта сайын эфирге шығып, шымкенттіктердің көкейіндегі түйткілдерді билікке жеткізіп, жауабын алып, елдегі жаңалықтарды хабарлап, халықты ақпараттандырып отыратын басты бағдарламаға айналды.  Оның биыл  жарық көргеніне  14 жыл болды. Бағдарламаның  алғашқы авторы, жүргізушісі Әлия Буриева болатын. Бүгінде аталған бағдарламаны Нұрлан Жаңабай дайындап,  көрерменмен жүздестіріп жүр. Сонымен қатар, «Әйел өмірінен» бағдарламасы «Отырар» телеарнасының бірегей хабары болды.  Бағдарлама алғаш рет 2000 жылы 8 наурызда эфирге шықты. Осы аралықта бағдарлама әйел-анаға қатысты облыстық, қалалық, республикалық түрлі байқаулардың жеңімпазы, ақшалай гранттардың иегері болды. Бағдарламаны тек өңіріміздің ғана емес, еліміздің өзге облыстарының көрермендері үшін де ұсынған болатын. Дегенмен, әрбір істің өз мақсатына жеткен шегі болады емес пе? Оның үстіне телеарнада жазылмаған заңдылық бар. Айтар ойын айтқан, өз міндетін орындаған бағдарламаның орнын жаңасы басады. Сол себепті «Әйел өмірінен» бағдарламасы 2011 жылы 22 наурызда соңғы рет эфирге шықты. 11 жыл үздіксіз шығу бір бағдарлама үшін өте үлкен мерзім. Бағдарлама қоғамға қажет екені даусыз. Алайда, ары қарай бір сарында оны жалғастыру мүмкін емес еді. Сондықтан, қазір ол тек «Аруларға арналған ақпарат» деген айдармен жаңалықтар топтамасы ретінде ғана шығып жүр. Сондай-ақ «Отырар» телеарнасы әр мереке, атаулы күндерде жаңа жобаларды ұсынуды дәстүрге айналған. «Отырар» телеарнасындағы көрермендердің көзайымына айналған бағдарламаның бірі – «Ата — анасыз бір сағат» бағдарламасы. Аты айтып тұрғандай, хабар балғындардың уақытын қызықты әрі тиімді өткізуге бағытталған. Алғашында қазақ және орыс тілінде таратылатын бағдарламаның эфирлік уақыты бір сағат болатын. Бес жасар балабақша бүлдіршіндері мен мектептегі он екі жасқа дейінгі оқушылардан құралған жүргізушілер кішкентай көрермендердің көңілінен шығып, өңіріміздің мақтаныштарына айналған. «Отырар» телеарнасын «Журналистер шеберханасы» деп атаса, балалар бағдарламасы араларынан шыққан көптеген тілшілердің алғашқы баспалдағы болды. Оған дәлел, бүгінде білікті де тәжірибелі журналистердің дені осы редакцияда алғашқы тәлімін алып, шеберлігін шыңдап, жүргізушілік қабілетін дамытқан. Солардың бірі, 90-жылдары алғашқылардың бірі болып, хабарды балдырғандарға жеткізген Марина Низовкина мен Әмина Шоқпарова, одан кейін Дина Төлепбергенова мен Степан Балашов, Ақбота мен Азамат, Катерина Попкова мен Алиса Дуваева, болды.  Айта кету керек, «Ата-анасыз бір сағат» балалар хабары 2000 жылы республикалық дәрежеде өткен байқауда «Ең үздік балалар бағдарламасы» деп танылған болатын. Жүргізушілер толқыны ауысып, орнына жаңарған құрам жыл сайын ауысып отырды. Соған орай хабардың аудиториясы да кеңейіп, өзіндік формасын қалыптастыра түсті. Жоспарлай жұмыс жасау барысында бағдарламаға тек талапты, талантты, әртістік қабілеті бар балалар жиналды. Олардың уақыттарын тиімді өткізуге бағытталған түрлі орындарға саяхат, ой-өрісін дамытуға арналған тренингтер мен танымдық сабақтар, өзін-өзі тану сабақтары мен спорттық ойындар өткізіліп тұрады. Балалар хабарға түсу кезінде жақсы мен жаманды, әдептілік пен әдепсіздікті, үлкенге орын беріп, көшеден дұрыс өтуді, үстел үстінде дұрыс отырып, гүл отырғызуды үйренеді. Бастысы достар тауып, журналистік шеберлігін қалыптастыра бастайды. Аталған жоба телеарнаның аудиториясын толықтыра алды.Бағдарлама әр жексенбіде, сағат 10:30-да және сәрсенбі күні сағат 11:45-те болады. Аталған телеарна бүгінде көрермендеріне ақпараттар мен түрлі адамға ой салатын бағдарламаларымен ерекшеленеді. Ақпаратты дер кезінде жеткізу тееарна ұжымының дәстүрге айналған ісі іспетті. Облыс тұрғындарының бұл телеранаға айтар алғыстары мен жеткізер тілектері көп.
10.09.2013 04:35 6739

Оңтүстікте тәуелсіз телеарналардың көшбасында «Отырар» телеарнасы тұр. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін-ақ сөз бостандығы мен жариялылықты ту етіп көтеріп, қоғамның шынайы бет-бейнесін көрсетуді басты мақсат еткен редакция ұжымы бүгінде мерейлі 20 жылдық белесті бағындырып отыр.

Қазіргі таңда «Отырар» телеарнасы деп танитын электронды БАҚ алғаш рет 1992 жылы “5-ші канал” деп аталды. Көпшілік осылай қабылдаған телеарнаның басшылығында, құрылтайшылығында жергілікті кәсіпкерлер Аваз Юнусметов, Давлетбаев, Алиев есімді азаматтар тұрды. Телеарнаны ашу, қаржылай қолдау көрсету, басқа да оның шығармашылық деңгейін көтеру, көрерменнің көзайымы ету оңай шаруа емес екені анық. Осыған қарамастан жеке кәсіпкерлер телеарна ашуда батылдық танытты.

Алғашқы  уақытта телеарнада тек «Құттықтаймыз» және «Саз әлемі» сияқты көңіл көтеретін сазды-ақпаратты бағдарламалар, кинофильмдер ғана көрсетілген. Содан кейін барлығы да қазіргі  басшыс Валентина Куприяновна Куликова келген соң жандана бастады деуге болады.  «Собкор» ЖШС-нің директоры ретінде В.Куликова телеарна тізгінін  1992 жылдың аяғында қолға алады.  содан бері көрерменге жылдар өткен сайын тың тақырыптарды, жаңа бағдарламаларды ұсынып келеді.

«5-канал» болып тұрғанда телеарна  қазақ тілінде көрсетілмейтін. Валентина Куприянқызы телеарнаның тізгінін ала салысымен-ақ ақпараттарды, хабарларды екі тілде тарату мәселесіне жіті көңіл бөлді. Тіпті, бір кездері  үш тілді телеарнаға айналды. «Ақпараттар ағыны» арнамызда қазақ, орыс, өзбек тілінде де жарық көрді. Дегенмен, телеарна жекеменшік болғандықтан, өз күндерін өздері көріп, мемлекеттен қаржы бөлініп жатпағандықтан, қаржылық, демеушілік қолдау көрсету ісіне байланысты өзбек тілді хабарлар мен ақпараттар бағдарламасы тоқтап қалды.

Журналистіның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, творчестволық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады. Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын айыру оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақсы дайындық, жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасыңды білдірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық тұрғыдан ізденіп еңбек ете білгені дүрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. Өзіңді журналистік мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету лазым. урналист еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принциптердің бірі. Өйткеніурналист қателессе, ол бір адамның қателесуі емес — мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін.

Телеарнада көрермендерінің көңілінен шығып жүрген бағдарламалар жетерлік. Мәселен, солардың бірі - «Қала» бағдарламасы. Ол  апта сайын эфирге шығып, шымкенттіктердің көкейіндегі түйткілдерді билікке жеткізіп, жауабын алып, елдегі жаңалықтарды хабарлап, халықты ақпараттандырып отыратын басты бағдарламаға айналды.  Оның биыл  жарық көргеніне  14 жыл болды. Бағдарламаның  алғашқы авторы, жүргізушісі Әлия Буриева болатын. Бүгінде аталған бағдарламаны Нұрлан Жаңабай дайындап,  көрерменмен жүздестіріп жүр. Сонымен қатар, «Әйел өмірінен» бағдарламасы «Отырар» телеарнасының бірегей хабары болды.  Бағдарлама алғаш рет 2000 жылы 8 наурызда эфирге шықты. Осы аралықта бағдарлама әйел-анаға қатысты облыстық, қалалық, республикалық түрлі байқаулардың жеңімпазы, ақшалай гранттардың иегері болды. Бағдарламаны тек өңіріміздің ғана емес, еліміздің өзге облыстарының көрермендері үшін де ұсынған болатын. Дегенмен, әрбір істің өз мақсатына жеткен шегі болады емес пе? Оның үстіне телеарнада жазылмаған заңдылық бар. Айтар ойын айтқан, өз міндетін орындаған бағдарламаның орнын жаңасы басады. Сол себепті «Әйел өмірінен» бағдарламасы 2011 жылы 22 наурызда соңғы рет эфирге шықты. 11 жыл үздіксіз шығу бір бағдарлама үшін өте үлкен мерзім. Бағдарлама қоғамға қажет екені даусыз. Алайда, ары қарай бір сарында оны жалғастыру мүмкін емес еді. Сондықтан, қазір ол тек «Аруларға арналған ақпарат» деген айдармен жаңалықтар топтамасы ретінде ғана шығып жүр. Сондай-ақ «Отырар» телеарнасы әр мереке, атаулы күндерде жаңа жобаларды ұсынуды дәстүрге айналған.

«Отырар» телеарнасындағы көрермендердің көзайымына айналған бағдарламаның бірі – «Ата — анасыз бір сағат» бағдарламасы. Аты айтып тұрғандай, хабар балғындардың уақытын қызықты әрі тиімді өткізуге бағытталған. Алғашында қазақ және орыс тілінде таратылатын бағдарламаның эфирлік уақыты бір сағат болатын. Бес жасар балабақша бүлдіршіндері мен мектептегі он екі жасқа дейінгі оқушылардан құралған жүргізушілер кішкентай көрермендердің көңілінен шығып, өңіріміздің мақтаныштарына айналған. «Отырар» телеарнасын «Журналистер шеберханасы» деп атаса, балалар бағдарламасы араларынан шыққан көптеген тілшілердің алғашқы баспалдағы болды. Оған дәлел, бүгінде білікті де тәжірибелі журналистердің дені осы редакцияда алғашқы тәлімін алып, шеберлігін шыңдап, жүргізушілік қабілетін дамытқан. Солардың бірі, 90-жылдары алғашқылардың бірі болып, хабарды балдырғандарға жеткізген Марина Низовкина мен Әмина Шоқпарова, одан кейін Дина Төлепбергенова мен Степан Балашов, Ақбота мен Азамат, Катерина Попкова мен Алиса Дуваева, болды.  Айта кету керек, «Ата-анасыз бір сағат» балалар хабары 2000 жылы республикалық дәрежеде өткен байқауда «Ең үздік балалар бағдарламасы» деп танылған болатын. Жүргізушілер толқыны ауысып, орнына жаңарған құрам жыл сайын ауысып отырды. Соған орай хабардың аудиториясы да кеңейіп, өзіндік формасын қалыптастыра түсті. Жоспарлай жұмыс жасау барысында бағдарламаға тек талапты, талантты, әртістік қабілеті бар балалар жиналды. Олардың уақыттарын тиімді өткізуге бағытталған түрлі орындарға саяхат, ой-өрісін дамытуға арналған тренингтер мен танымдық сабақтар, өзін-өзі тану сабақтары мен спорттық ойындар өткізіліп тұрады. Балалар хабарға түсу кезінде жақсы мен жаманды, әдептілік пен әдепсіздікті, үлкенге орын беріп, көшеден дұрыс өтуді, үстел үстінде дұрыс отырып, гүл отырғызуды үйренеді. Бастысы достар тауып, журналистік шеберлігін қалыптастыра бастайды. Аталған жоба телеарнаның аудиториясын толықтыра алды.Бағдарлама әр жексенбіде, сағат 10:30-да және сәрсенбі күні сағат 11:45-те болады.

Аталған телеарна бүгінде көрермендеріне ақпараттар мен түрлі адамға ой салатын бағдарламаларымен ерекшеленеді. Ақпаратты дер кезінде жеткізу тееарна ұжымының дәстүрге айналған ісі іспетті. Облыс тұрғындарының бұл телеранаға айтар алғыстары мен жеткізер тілектері көп.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға