Жаңалықтар

"Замана" ЖШС

«Замана» ЖШС «Қызық газет», «Ерекше журнал», «Тылсым дүние», «Қысыр әңгіме» деп аталатын көп таралымды бірнеше қосымша басылымдар шығарады. өз оқырмандарына апта сайын жедел хикаяларды жеткізуге асығатын «Замамнаның» журналистері үнемі ізденіс үстінде жүреді. «Замана» серіктестігінде отыз адам тұрақты еңбек етеді, одан басқа елу шақты осы мекеме арқылы табыс табады. Газет жыл сайын әр алуан қайрымдылық шараларына қатысып, ұжым мүшелері обылыстық, қаланың саяси өміріне белсене атсалысады. «Замананың» еліміздің барлық өңірлерінде таратушылары бар. 2003 жылдың басында Алматы қаласында арнайы өкілдігі ашылды. Серіктестіктің бас кеңесшісі Шымкент қаласында орналасқан. «Замана» газетінің материалдары «Халық сөзі», «Жаңалықтар», «Айрықша ақпарат», «Билік басында», «Руханият», «Шартарап», «Шаңырақ», «Білгеннің зияны жоқ», «Тылсым дүние», «Төтенше жағдай», «Деректі әңгімелер», «Анау-мынау», «Маңызды мәселе», «Алдыңғы толқын» сынды тағы да басқа айдарлар бойынша жарияланды. Әрине, «Замана» газетінің «Билік басында» айдары республика аумағындағы үкімет, парламентке қаралған мәселелерден гөрі Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде болған өзгерістерге жиі тоқталады.     Шымкенттегі «Замана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1998 жылы құрылып, күні бүгінге дейін бірнеше мерзімді басылым жарық көрді. «Замана» апталық газеттерінің ең алғашқы нөмірі 1998 жылғы 28 мамырда жарық көрді. Қазір ол   жиырма мың таралыммен бүкіл Қазақстанға тарайтын, оқырманы көп газеттердің бірі. «Замана» серіктестігінің негізін танымал журналист, қаламгер Иса Омар қалаған. “Замананың” оннан аса қосымшасы жарық көреді.  Олардың негізгілері – денсаулық мәселелерін мәністейтін “Ауырмаңыз”, имандылықты арқау еткен “Кәлима”, халықтың құқықтық сауатын арттыруға арналған “Заңнама”, халықаралық жаңалықтарға қанықтыратын “Шартарап”. “Замана” газетінен бастап, басылымдарымыздың бәрі де республикалық каталогқа енген.   “Замана”, “Ауырмаңыз”, “Кәлима” газеттері Астананы, Алматыны, Қарағандыны, Тараз бен Қызылорданы айтпағанда, Ақтөбе мен Ақтауға, Атырау мен Оралға, Қостанай мен Павлодарға, Семей мен Өскеменге, Көкшетау мен Жезқазғанға тарап жатыр. Тек қана “Ауырмаңыз” атты газетімізден мысал келтірейік. Ақтөбе облысының Шұбарқұдығында – 10, Шалқарында – 16, Ырғызында – 17, Атыраудың Қорғалжынында – 56, Сағызында – 60, Ганюшкиносында 191 адам жазылыпты. Шығыс Қазақстанның Күршімінде – 142, Зайсанында – 82, Батыс Қазақстанның Жанқаласында – 21, Шыңғырлауында – 16, Қызылорданың Жаңа-қазалысында – 82, Маңғыстаудың Жаңаөзенінде 49 адам жаздырып алады. Ал газет сататын дүнгіршектерде бұл газеттің бағасы 50 теңгеден сатылады. Жиырма мың таралыммен шығатын аталған басылым өзін-өзі толық ақтай алады. Сонымен қатар,  “Замана” баспа үйі бұл басылымдарды шығарумен қатар “Замана” бейнестудиясын, “Замана” баспаханасын, “Замана” баспасөз клубын, “Замана” баспасын ашқан. Бейнестудия заманауи техника түрлерімен жабдықталған. Білікті мамандарға кенде емес. Деректі фильмдерге, мерейтойлық баяндарға, жарнамалық роликтерге, ән-клиптерге тапсырыс бере аласыз. Баспахана – газеттер мен басқа да баспа өнімдерін шығарады. Баспа – түрлі жанрларда кітап әзірлейтін редакциялық құрылым. Ал баспасөз клубында түрлі жиындар, басқосулар, баспасөз мәслихаттарын өткізуге болады. Елу адамға лайықталған мәжілісханасы бар. «Замана» баспа үйі дайындап шығаратын шағын кітаптар тәп-тәуір сұранысқа ие. Соңғы кездері “Айна­лайын тіліңнен!”, “Ғалам толы ғажайып”, “Әдептілік әліппесі”, “Жас келіндерге кеңес”, “Ертегі оқып беріңізші, көке”, “Кел, айтайық тақпақ”, “Бата бере білесіз бе?” сияқты кітапшалар шығарылды. «Таралымды көбейту бағытында Оңтүстік Қазақстанда алғашқылардың қатарында «Замана» газеті болды. Газет қаржысын еселеу үшін өз бақытын көпшілікке жат көрінетін тақырыпқа бағыштап кетті. «Замананың» әсерінен Оңтүстік Қазастанда хикаяға толы бірнеше газеттер көбейіп кетті. Айталық, «Қызық газет» (1998 жылдан бастап шығады); «Ләззат», «Дүбірлі дүние», «Сен+Мен», (2001 жылдың қаңтарынан бастап шығады), «Ой керуен», «Тазша», «Тылсым дүние» (2001 жылдан бастап шығады); «Шардара шарайна» ( 2002 жылдың  17 сәуірінен бастап шығады), «Жан сезім», «Аялда», «Қысыр әңгіме», «Дастан», «Ақ отау» (2002 жылдан бастап шығады); 1992 жылы «Замананың» «Замана-дайджест» деген қосымшасы шыға бастады. Бұл жаңа басылымның басты ерекшелігі –  мұнда шетел және кеңес баспасөзінде жарық көрген, жұртты елең еткізетін сенсациялық материялдар топтасырылған. Мәселен, «Гитлер тірі ме?», «Шайтан қандай болады», «Шыңғысханның моласы», «Көсемдер шарап ішкен бе?» т.с.с. қызықты мақалалар мен  хабарлар жарияланған. «Замана-дайджестің» көлемі 8 бет болып шығады. Осы қосымша төңірегінде «Замана» газеттерінің 1992 жылғы  6 ақпанда «Ағымыздан жарылсақ» атты мақалада: «газетіміздің алғашқы  қосымшасы – «Замана-дайджестің» бірінші нөмірі жарық көрді. Таяуда басқа да қосымшалар дүниеге келмек. Мұның барлығы айналып келгенде, «Замананың» шығу жиілігін арттыру, көлемін көбейту, сөйтіп қоғамдық пікірді қалыптастыруға өзіндік дәрежеде ықпал етуді көздейді», - деп мәлімдеме береді. Біздің тоқталып отырғанымыз – облысымыздағы қазақ тілінде шығатын сары басылымдар. Газеттер өздерін қаржыландыра алмай отырған сол уақытта «Заманадан» өзге баслымдар журналистерінің жалақысы төмен болатын. Соның салдарынан Оңтүстіктегі газеттердің көпшілігі кәсіби кемшіліктерге орын берді. Сол тұста өз сапасын сақтап қалған «Замана» газеті болды. «Замана» газеті сын жазуда өзге басылымдарға үлгң болды. Ол тіпті кейбір республика бюджетінен күн көретін газеттерден де асып кетті. Кезінде ол басылымның орыс тілді газеттерден үлгі алғанын, сол тәжірибені қазақ газеттеріне сіңіруге тырысқанын сезіну қиын емес.       
10.09.2013 04:31 14816

«Замана» ЖШС «Қызық газет», «Ерекше журнал», «Тылсым дүние», «Қысыр әңгіме» деп аталатын көп таралымды бірнеше қосымша басылымдар шығарады. өз оқырмандарына апта сайын жедел хикаяларды жеткізуге асығатын «Замамнаның» журналистері үнемі ізденіс үстінде жүреді. «Замана» серіктестігінде отыз адам тұрақты еңбек етеді, одан басқа елу шақты осы мекеме арқылы табыс табады. Газет жыл сайын әр алуан қайрымдылық шараларына қатысып, ұжым мүшелері обылыстық, қаланың саяси өміріне белсене атсалысады. «Замананың» еліміздің барлық өңірлерінде таратушылары бар. 2003 жылдың басында Алматы қаласында арнайы өкілдігі ашылды. Серіктестіктің бас кеңесшісі Шымкент қаласында орналасқан. «Замана» газетінің материалдары «Халық сөзі», «Жаңалықтар», «Айрықша ақпарат», «Билік басында», «Руханият», «Шартарап», «Шаңырақ», «Білгеннің зияны жоқ», «Тылсым дүние», «Төтенше жағдай», «Деректі әңгімелер», «Анау-мынау», «Маңызды мәселе», «Алдыңғы толқын» сынды тағы да басқа айдарлар бойынша жарияланды. Әрине, «Замана» газетінің «Билік басында» айдары республика аумағындағы үкімет, парламентке қаралған мәселелерден гөрі Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде болған өзгерістерге жиі тоқталады.    

Шымкенттегі «Замана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1998 жылы құрылып, күні бүгінге дейін бірнеше мерзімді басылым жарық көрді. «Замана» апталық газеттерінің ең алғашқы нөмірі 1998 жылғы 28 мамырда жарық көрді. Қазір ол   жиырма мың таралыммен бүкіл Қазақстанға тарайтын, оқырманы көп газеттердің бірі. «Замана» серіктестігінің негізін танымал журналист, қаламгер Иса Омар қалаған.

“Замананың” оннан аса қосымшасы жарық көреді.  Олардың негізгілері – денсаулық мәселелерін мәністейтін “Ауырмаңыз”, имандылықты арқау еткен “Кәлима”, халықтың құқықтық сауатын арттыруға арналған “Заңнама”, халықаралық жаңалықтарға қанықтыратын “Шартарап”. “Замана” газетінен бастап, басылымдарымыздың бәрі де республикалық каталогқа енген.   “Замана”, “Ауырмаңыз”, “Кәлима” газеттері Астананы, Алматыны, Қарағандыны, Тараз бен Қызылорданы айтпағанда, Ақтөбе мен Ақтауға, Атырау мен Оралға, Қостанай мен Павлодарға, Семей мен Өскеменге, Көкшетау мен Жезқазғанға тарап жатыр. Тек қана “Ауырмаңыз” атты газетімізден мысал келтірейік. Ақтөбе облысының Шұбарқұдығында – 10, Шалқарында – 16, Ырғызында – 17, Атыраудың Қорғалжынында – 56, Сағызында – 60, Ганюшкиносында 191 адам жазылыпты. Шығыс Қазақстанның Күршімінде – 142, Зайсанында – 82, Батыс Қазақстанның Жанқаласында – 21, Шыңғырлауында – 16, Қызылорданың Жаңа-қазалысында – 82, Маңғыстаудың Жаңаөзенінде 49 адам жаздырып алады. Ал газет сататын дүнгіршектерде бұл газеттің бағасы 50 теңгеден сатылады. Жиырма мың таралыммен шығатын аталған басылым өзін-өзі толық ақтай алады. Сонымен қатар,  “Замана” баспа үйі бұл басылымдарды шығарумен қатар “Замана” бейнестудиясын, “Замана” баспаханасын, “Замана” баспасөз клубын, “Замана” баспасын ашқан. Бейнестудия заманауи техника түрлерімен жабдықталған. Білікті мамандарға кенде емес. Деректі фильмдерге, мерейтойлық баяндарға, жарнамалық роликтерге, ән-клиптерге тапсырыс бере аласыз. Баспахана – газеттер мен басқа да баспа өнімдерін шығарады. Баспа – түрлі жанрларда кітап әзірлейтін редакциялық құрылым. Ал баспасөз клубында түрлі жиындар, басқосулар, баспасөз мәслихаттарын өткізуге болады. Елу адамға лайықталған мәжілісханасы бар. «Замана» баспа үйі дайындап шығаратын шағын кітаптар тәп-тәуір сұранысқа ие. Соңғы кездері “Айна­лайын тіліңнен!”, “Ғалам толы ғажайып”, “Әдептілік әліппесі”, “Жас келіндерге кеңес”, “Ертегі оқып беріңізші, көке”, “Кел, айтайық тақпақ”, “Бата бере білесіз бе?” сияқты кітапшалар шығарылды.

«Таралымды көбейту бағытында Оңтүстік Қазақстанда алғашқылардың қатарында «Замана» газеті болды. Газет қаржысын еселеу үшін өз бақытын көпшілікке жат көрінетін тақырыпқа бағыштап кетті. «Замананың» әсерінен Оңтүстік Қазастанда хикаяға толы бірнеше газеттер көбейіп кетті. Айталық, «Қызық газет» (1998 жылдан бастап шығады); «Ләззат», «Дүбірлі дүние», «Сен+Мен», (2001 жылдың қаңтарынан бастап шығады), «Ой керуен», «Тазша», «Тылсым дүние» (2001 жылдан бастап шығады); «Шардара шарайна» ( 2002 жылдың  17 сәуірінен бастап шығады), «Жан сезім», «Аялда», «Қысыр әңгіме», «Дастан», «Ақ отау» (2002 жылдан бастап шығады);

1992 жылы «Замананың» «Замана-дайджест» деген қосымшасы шыға бастады. Бұл жаңа басылымның басты ерекшелігі –  мұнда шетел және кеңес баспасөзінде жарық көрген, жұртты елең еткізетін сенсациялық материялдар топтасырылған. Мәселен, «Гитлер тірі ме?», «Шайтан қандай болады», «Шыңғысханның моласы», «Көсемдер шарап ішкен бе?» т.с.с. қызықты мақалалар мен  хабарлар жарияланған.

«Замана-дайджестің» көлемі 8 бет болып шығады. Осы қосымша төңірегінде «Замана» газеттерінің 1992 жылғы  6 ақпанда «Ағымыздан жарылсақ» атты мақалада: «газетіміздің алғашқы  қосымшасы – «Замана-дайджестің» бірінші нөмірі жарық көрді. Таяуда басқа да қосымшалар дүниеге келмек. Мұның барлығы айналып келгенде, «Замананың» шығу жиілігін арттыру, көлемін көбейту, сөйтіп қоғамдық пікірді қалыптастыруға өзіндік дәрежеде ықпал етуді көздейді», - деп мәлімдеме береді.

Біздің тоқталып отырғанымыз – облысымыздағы қазақ тілінде шығатын сары басылымдар. Газеттер өздерін қаржыландыра алмай отырған сол уақытта «Заманадан» өзге баслымдар журналистерінің жалақысы төмен болатын. Соның салдарынан Оңтүстіктегі газеттердің көпшілігі кәсіби кемшіліктерге орын берді. Сол тұста өз сапасын сақтап қалған «Замана» газеті болды. «Замана» газеті сын жазуда өзге басылымдарға үлгң болды. Ол тіпті кейбір республика бюджетінен күн көретін газеттерден де асып кетті. Кезінде ол басылымның орыс тілді газеттерден үлгі алғанын, сол тәжірибені қазақ газеттеріне сіңіруге тырысқанын сезіну қиын емес.       

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға