Жаңалықтар

Хабар-ошар. Ақпараттық хабар

Хабар-ошар - дегеніміз дерек хабарланатын қысқаша хабарлама, журналистиканың ақпараттық жары. Хабар-ошарды кейде «хроникалық хабар» деп атайды. Хроника – тарихи оқиғалардың хроникалық жүйеде жазылуы. Журналастикадағы хроника – дерек туралы қысқаша хабар, яғни, хабар-ошар мен хроника синонимдес сөздер болып келеді. Хабар-ошарда журналист дерек пен оқиғаға қатысты маңызды ақпаратты (оқиға орны, оған қатысушылар) толық баяндайды. Репортажда автор болған оқиғаға қатысушы ретінде деректер мен объективті, эмоционалды түрде аудиторияға жеткізеді. Хабар-ошар мен есеп көркемдеуші құралдарға сараң, қысқа да нұсқа болуы шарт. Ал сұхбат пен репортажда публицистикада көп қолданылатын барлық әдеби-көркемдеуші құралдарды пайдалануға болады. Ал жалпы ақпараттық жанрға тоқталатын болсақ, олар өзара айтылатын деректің жаңалығы мен өзектілігі арқылы, оны жедел, әрі нақты жеткізу сияқты қасиеттерімен байланысты. Хабар-ошар – газетте жедел хабарлама берудің ең қарапайым түрі. Оның негізінде қажетті, қоғамдық маңызы бар деректер жатады. Хабар-ошарға жаңалық пен қысқалық тән. Құбылыс деректерін көріп қана қоймай, оларды бағалап, түсіндіру маңызды. Хабар-ошардың ең қысқа түрі – хроника, немесе жаңалық. Телевидениеде бұл жанрға ауызша хабарлама мен бейне хабар-ошар жатады. Деректі кинематографта бейне хабар-ошарды кейде хроникалық репортаж деп атайды. Хроникалық репортаж дегеніміз – оқиғадағы негізгі мезеттерді табиғи бірізділікте көрсететін қысқаша материалдар. Хабар-ошар – ақпараттық жанрдың ішінде кең тараған  жаңалық бюллетенінің негізгі элементі. Хабар-ошар ауызша бейнеқатарсыз беріледі. Оқиға айтарлықтай маңызды болып, ал бейнематериалдар түсірілмесе немесе пайда болмаса, ауызша жеткізу өте қолайлы. Жаңалық бір ғана сөйлеммен кім, не, қайда және қашан болғанын жеткізеді. Оқиғаның себеп-салдарлық байланысы «кадрдан тыс» жерде қалады. Бұл журналистиканың жанры қалай және неге сұрақтарына жауап бермейді. Егер жаңалық оған лайық болса, ол тиісті бағасын алып,оған комментарий айтылып, сарапталады. Бірақ бұл үшін басқа бағдарламаларда қолданылатын басқа жанрлар бар. Эфирдегі ауызша хабардың дайындалып, таралуы үшін іріктеліп, редакцияланады. Іріктеудің критерийлері – қоғамдық танымдық мәні болуы шарт. Сонымен қатар, хабарланатын деректің қоғамдық маңызы болса аудиторияның едәуір бөлігін қызықтырады. Меңдігүл Шындалиева «Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.
10.09.2013 04:23 20531

Хабар-ошар - дегеніміз дерек хабарланатын қысқаша хабарлама, журналистиканың ақпараттық жары. Хабар-ошарды кейде «хроникалық хабар» деп атайды. Хроника – тарихи оқиғалардың хроникалық жүйеде жазылуы. Журналастикадағы хроника – дерек туралы қысқаша хабар, яғни, хабар-ошар мен хроника синонимдес сөздер болып келеді.

Хабар-ошарда журналист дерек пен оқиғаға қатысты маңызды ақпаратты (оқиға орны, оған қатысушылар) толық баяндайды. Репортажда автор болған оқиғаға қатысушы ретінде деректер мен объективті, эмоционалды түрде аудиторияға жеткізеді. Хабар-ошар мен есеп көркемдеуші құралдарға сараң, қысқа да нұсқа болуы шарт. Ал сұхбат пен репортажда публицистикада көп қолданылатын барлық әдеби-көркемдеуші құралдарды пайдалануға болады. Ал жалпы ақпараттық жанрға тоқталатын болсақ, олар өзара айтылатын деректің жаңалығы мен өзектілігі арқылы, оны жедел, әрі нақты жеткізу сияқты қасиеттерімен байланысты.

Хабар-ошар – газетте жедел хабарлама берудің ең қарапайым түрі. Оның негізінде қажетті, қоғамдық маңызы бар деректер жатады. Хабар-ошарға жаңалық пен қысқалық тән. Құбылыс деректерін көріп қана қоймай, оларды бағалап, түсіндіру маңызды. Хабар-ошардың ең қысқа түрі – хроника, немесе жаңалық.

Телевидениеде бұл жанрға ауызша хабарлама мен бейне хабар-ошар жатады. Деректі кинематографта бейне хабар-ошарды кейде хроникалық репортаж деп атайды. Хроникалық репортаж дегеніміз – оқиғадағы негізгі мезеттерді табиғи бірізділікте көрсететін қысқаша материалдар.

Хабар-ошар – ақпараттық жанрдың ішінде кең тараған  жаңалық бюллетенінің негізгі элементі. Хабар-ошар ауызша бейнеқатарсыз беріледі. Оқиға айтарлықтай маңызды болып, ал бейнематериалдар түсірілмесе немесе пайда болмаса, ауызша жеткізу өте қолайлы. Жаңалық бір ғана сөйлеммен кім, не, қайда және қашан болғанын жеткізеді. Оқиғаның себеп-салдарлық байланысы «кадрдан тыс» жерде қалады. Бұл журналистиканың жанры қалай және неге сұрақтарына жауап бермейді. Егер жаңалық оған лайық болса, ол тиісті бағасын алып,оған комментарий айтылып, сарапталады. Бірақ бұл үшін басқа бағдарламаларда қолданылатын басқа жанрлар бар.

Эфирдегі ауызша хабардың дайындалып, таралуы үшін іріктеліп, редакцияланады. Іріктеудің критерийлері – қоғамдық танымдық мәні болуы шарт. Сонымен қатар, хабарланатын деректің қоғамдық маңызы болса аудиторияның едәуір бөлігін қызықтырады.

Меңдігүл Шындалиева

«Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға