«Гавас» тобы
1980 жылдың соңында жарнам агенттігін жекешелендіру нәтижесінде пайда болды. «Гавас» тобы өз тарихын аударма бюросынан бастайды. Шарль-Лун Гавастың бастауымен 1826-1835 жылдары аудармамен айналысатын бюро «Гавас агенттігі» деа аталады. 1841 жылы үкмет агенттігі Ішкі істер департаментінің құзырына тапсырады, префектер палаталарының отырыстары туралы ақпарат пен шетелде болып жатқан жаңалықтар туралы ақпарат беруді жүктейді. Басқарып отырған биліктің қойған шартына бағынып, үкмет 1941 жылдан бастап «Гавастың» капиталына қатысады. Агенттіктің сол кезге дейін негізгі кәсібі тек жарнамамен щектеледі. Бұл «Гавасты» жекешелендірудің ең соңғы кезеңі болады. Оның басы 1961 жылы басталады, сол кезде үкімет «Гавас» капиталының қатысуы 79%-дан 57%-ға дейін қысқартты. Үкімет қосымша қаржыландыруға қатыспай, біртіндеп оның үлесі 50%-ға дейін төмендетеді. Жаңа акционер болып «Каналь+», «Банк Верн», «Париба» алға шығады. Жұмысынң соңғы жылдарында агенттік диверсификацияланып, бұрынғы дәстүрмен 1987 жылға дейін «Гавас» тобы агенттік деп аталады.
«Гавастың» негізгі мақсаты – халықаралық нарықты жаулап алып, елдің әшәндегі баспа ісін кеңейту мақсатында тегін баслымдар, жылдық, аумақтыө басылымдар шығаруды мақсат етеді. «Гавас» баспасөзге, радиоға, телевидинеге ақшасын аямады, бірақ негізгі кәсібі – жарнама бизнесі болып қала береді. Топ француз нарығының 20% бақылау жүргізді. «Гавас» жарнамадағы жеке қызметтерге баса назар аударады, оларға жарнама берушілер мен жарнама дайындаушылар және жарнама таратушылар жатады. «Гавас» «Эрсан» сияқты гүденіп келе жатқан 30-40% басылым капиталын жаулап алуға тырыспайды. 1988 жылы «Гавас» француз тегін басылмдарының таратылымы жөніндегі көшбасшы болып табылатын «Комерегтің» акциясының 52%-ын иемденеді. Ол күнделікті 116 атауы бар басылымдар 10 000 000 жуық дана газет таратады. «Гавас» «Авенир» филиалы британдық «Милсс энд Аленмен» терезесі тең «Европостар» компаниясын құрады. Бұл компания испан, португал, италиян тілдерінде сыртқы жарнама жасау құқығына ие болған. 1990 жылы «Гавас» иелігіне мынандай баслымдар кіреді: «Режи коммуникасьон», «Гавас режи», «Офис д Анонс» (телефон жылдықтары), «Журно Гратюи» (тегін газеттер), «Интердеко» (Журнал), «Гавас Анонс Классе» (Аумақтық және департамент газеттері). Сонымен қатар, «Гавастың» қол астында «Канал+», «РТЛ», «ФРЗ», «Пюблиссите» сияқты телеарналар бар. «Гавастың» радиолары: «Энформасьон э Публисите», «Режи де РТЛ», «Режи де Сюд-Радио». «Гавастың» кино өндіруші «Медьявизьон» мекемелері бар. Афиша дайындайтын кәсіпорын «Авенир», «Метробюс» деп аталады. «Гавастың» жарнама беру, тарату, дайындау қызметтерінің бір жолға жұмылдырылуы оның осы салада монополист болуына мүмкіндік береді. 1970 жылдан бастап «Гаваста» төртінші маңызды қызмет пайда болды, бұл – орын сатып алушылар орны. 1989 жылы британдық «Иджис» корпорациясының француздың «Карат-Эспас» тобының капиаталын сатып алу келісімшартына қол жеткізеді. Осы топтың негізін салушылар-ағайынды Гросс Иджис тобының акционерлері болып, өз үлестерін «Гавас» және «Гавас-евроком» деп бөлді. Осылацша ортақ еуропалық нарыққа дайындалған компанияның қайта құруы басталады. 1990 жылдың басында «Гавас» өз тауар айналымы 35 млрд. франк болатын қаржы көлеміне дейін жеткізді.
Меңдігүл Шындалиева
"Шетел журналистикасы"