«Роббер Эрсан» тобы
Бұл 1980-1990 жылдары Франциядағы күнделікті басылымдардың арасындағы ең беделді топ болып саналады. «Эрсан» империясы 30-астам атаулар мен жалпы тарлымы 2 000 000 күнделікті газет данасы, 3 000 000 басқа да баслымдар атауымен тікелей байланысты. Империяның ең алғашқы баслымы 1950 жылдың қаңтарында шыққан «Отто» журналы болды. Сол жылы журналдың таралымы 300 000 данаға дейін жетіп және жарнамадан көп пайдаға қол жеткізді. 1950 жылдары «Эрсан» Францияның орталығындағы бірнеше кішігірім газеттерді сатып алады.»Либр Пуату», «Эклер де Берри», «Газет де Перисо». Олар табыссыз газеттер қатарында болды, сондықтан «Эрсан» арзанға сатып алады. ал бұл газеттердің негізінде «Эрсан» кейіннен монополияға айналған басылымдар өндірісін іске қосады. Осындай басылымға Францияның орталығындағы «Санрт-пресс» газеті айналды. Баспахананы күшейту нәтижесінде жаңа технологияларды енгізіп, жұмысшы қолын қысқартып, шығынды азатуға қол жеткізді. 1956 жылы «Эрсан» Францияның батыс газеттерін жаулап алуға қадам жасайды. Ол азат ету кезеңінде дүниеге келген «Попюле» газетінде иелік ете бастайды және оны тез арада «Экле» деген атаумен алмастырады. 1960 жылы «Резистан де л Уэст» газетіне бақылау жүргізеді. Кейіннен «Пресс оссеанды» да қоласыта алады. кейіннен бұл газеттер бірігіп, бір баслымға айналды. Атауын қалдырып, ортақ редакция болып, ұқсас материалдарды жариялап отырады. 1960 жылдары «Эрсан» меторполиядан тыс шыңып, Францияның теңіздің ар жағындағы департаменттерінде таралатын «Франс-Ашетт» газетіне қожалық етеді. 1960 жылдың екінші жартысында «Эрсан» Францияның солтүстігіне бағыт алады. мұнда ол жергілікті екі ықпалды газетті қол астына алады. Олар: «Нор-Матен», «Нор-Эклер». «Эрсанның» провинциялық басылымдарды жаулап алуы 1970 жылдың ортасына қара аяқталады. Бұл үрдіс нәтижесінде территорияның үлкен бөлігі «Эрсанның» басылымдарына толы екендігіне көз жетті. «Эрсан» империясының «провинциалды кезеңі» елдің солтүстік-батысындағы ең ірі газеті – «Пари нормандиді» жаулап алғаннан кейін 1975 жылдың соңына қарай бітеді. Басылымдағы «Гавре Авр-либр» мен «Авр-пресс Пари нормандиді» алудағы «Эрсан» үшін трамплин болып саналды. Осындай ықпалды газетке «Эрсанның» иелік етуі – оның француз басылымдарынан шоқтығы биңк орталық фмгураға айналуына себепші болды. 1975 жылы «Эрсан» Париж басылымдарына қолқа салады, нәтижесінде көп жылдан бері шығатын француз газеттерінің бірі – «Фигароға» иелік ете бастайды. Журналистер бұл қадамға қарсы болып, қоғам жа шет қалмай өз наразылығын білдіреді. «Эрсанның» келуімен редакциядан 120 адам жұмыстан кетеді. «Фигаро» газетінде «Эрсан» қаржыны қатал үнемдеу бағытын ұстанады. 1976 жылы «Эрсан» првинцияларға жаңа үлгідегі баспаханалар мен спутникетді енгізеді. Олар арқылы «Фигародағы» материалдардың факсимильді көшірмесін жіберіп, кейін бұл факсимилерден провинцияларға арналған таралымдарға дайын мақалаларды басып отырған. Осындай ақпарант жинау жолы жергілікті басылымдардың жедел хабар-ошар таратуына мүмкіндік береді. 1980 жылы «Эрсан» екінші жобаны жүзеге асырып, журналдарға қосымшалар: суреттермен безендірілген апталық «Фигаро-магазин», «Фигаро-ТВ» апталық телебағдарламасының, әйелдер үшін айлық «Мадам Фигароны» шығара бастады. Бұл орайда қосымшасы бар газеттер бағасы қосымшасыз газеттен қымбатқа түседі, бірақ «Фигаро-ТВ» тегін қосымша болып таратылады. Мұндай әрекетке әйелдер журналы мен отбасылық журналдар, ТВ апталықтар баспагерлерімен қатар басылымдарды таратушылар тарапынан да наразылық туғызды. Күнделікті қосымшаның шығуы «Фигароның» 1970-1980 жылдар аралығында тұрақты таралымын қамтамасыз етті. Кейіннен осындай қосымшаға деген сұраныс бүкіл күнделікті газеттерді шарпып өтті. 1981 жылы әр сенбі сайын «Матен-Магазин», «Экип Магазин» «Либерасьон Сэндвич», «Монд Диманш» шығып тұрған. 1976 жылы «Эрсан» күнделікті кешкі Париж газеті «Франс-суардың» иелерінің бірі болады. 1976 жылға дейін бұл газеттің таралымы бірінші орынды иеленген еді, алайда кейіннен бірінші орынды «Уэст Франс» газетіне берді. 1981 жылдан бері күнделікті көркем безендірілген «Франс-суар» қосымшасы шыға бастаса, ал 1979 жылдан бастап бұл газет таңертеңгі басылымдармен қатар шығады.
1978 жылы «Эрсан» қоластына тағы да бір Париж газетін алады, атауы «Орор», кейін «Фигаромен» бірігіп таралымның бір бөлігі «Фигаро-Орор» деген атаумен шығады. 1977 жылы кәсіподақтар «Эрсанға» қарсы қылмыстық іс қозғатады. Оны 1944 жылғы ережелерді бұзып, бір газеттен көп басылымға бір адамның иелік етуіне тиым салу бойынша қылмыстық іс қозғалды. 1981 жылы билік басына социалистер келіп, қоғамның қысымымен баспасөз туралы жаңа зан шығару туралы шешім қабылданады. Бұл заң бойынша моноплизациялауға тыйым салынуы тиіс еді.
Меңдігүл Шындалиева
"Шетел журналистикасы"