Жаңалықтар

Соғыстан кейінгі Франция баспасөзі

Соғыстан кейін алғашқы кездері бостандыққа шыққаннан кейін Француз баспасөзі Италия газеттерінің кебін киді,яғни, бірінші кезеңде баспасөз бен радио кеңестік әскердің қолында болды. Оккупанттар мен коллабориционистермен байланыс орнатқан көп газеттер жабылып қалды. Олар босағаннан кейін ескі атаумен шыға береді, немесе бұрынғы нөмірін жаңа атаумен бастайды. Сонымен қатар соғыстан кейінгі жылдаы біраз жаңа басылымдар пайда болды. Оның бірқатары бұған дейін заңсыз шығып отырған, ал қалған бөлігі енді жарық көрген басылымдар еді.  Францияда дәл осы кезде «Жаңа баспасөз» пайда болды. Ол көп жағдайда бостандыққа шыққаннан кейін жаңа қозғалысты қамтыған эйфориямен байланысты шықты. Бұл кездері Францияда крммунистер мен социалистер партиясы біршама танымал болып, олардың қызығушылығы мен солшыл бағыттың әрекеті нәтижесінде жаңа басылымдар шыға бастады. Олар баспасөзді саяси партия мен қаржылық-өндірістік капиталдан тәуелсіз етуге талпынды, бірақ бұл кезең ұзаққа созылмады. 1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдың басында Франция саясатының өзгеруіне байланысты саясаттың проатлантикалық қозғалысқа енуі, соғысқа қатысып отыруы, «Жаңа баспасөздің» бірқатарының жабылуына ықпал етті. Мұндағы басты мәселе қаржы болды. Сауда саласында бұл баслымдар өз тәуелсіздігін сақтап қала алмады, немесе мүлдем жабылып қалса да кейіннен дәстүрлі баслымға айналып кеткендері аз. 1980-1990  жылдары Францияда бұқаралық ақпарат құралдары 1970 жылдарға тән болған тенденцияны сақтап қалды. Ең алдымен ол жекеменшік баслым иелерінің арасындағы және бір типтес БАҚ арасындағы бәсекелестікке байланысты болды. 1980-1990 жылдары «Ашетт», «Гавас», «Эрсан» атты топтардың экономикалық дамуы артып, басқа да ұйымдар жетіліп, тұрақтала бастайды. Францияға тән емес жағдайлар туындап, капиталдың интернационалдануы, ұйымның жекешелендірілуі, жарнама табысының нәтижесіндегі газет, журналдардың таралымы жақсарады. Радио мен телеарналар мемлекеттік, жекеменшікке болып бөлінуі оң қадамға бастайды. Бұл оқиғалардың барлығы мемлекет ішіндегі саяси өзгеріспен тұспа-тұс келді. 1981-1988  жылдары Призидент сайлауында Миттеран басқарған француз социалистерінің жеңіске жетеді. Францияда 1981 жылы солшыл күштердің сайлауында жеңіске жетуі жаңа саяси жағдайға алып келді. Алғашқы жылдары бірнеше реформа жүргізіліп, әлеуметтік-экономикалық салаға көп мән беріле бастайды. Ұлттық спектр артып, жұмыс аптасы қысқартылып, зейнетақы көбейіп, жалдамалы жұмысшылардың құқығы қорғалып, үлкен иеліктерге салық салу жүйесі енгізіледі. Социалистер Францияда шығыс социалистерінен біршама ерекшеліктерін тәжірибелер жүргізуге талпынады. Франция азат етілгеннен кейін қуатты, әрі танымал арналар мемлекет қарамағына көшіріледі. Мемлекет аудиоввизуалды таратылымда монополистік бағытты ұстанып, оның қызметін «Франц-Пресс» ақпарат агенттігі, «Гавас» жарнама агенттігі және «Софирад» радиостанциясының басқарушылары бақылап отырады. Социалистер өздерінің ең маңызды мақсатының бірі ретінде аудио-визуальды реформаны жасайды. БАҚ туралы жаңа заң 1983 жылы шілде айында қабылданып, онда монополия түсінігінің аты да аталмайды. Негізгі енгізген өзгерісі – аудто-визуальды компалиярдың үлкен мекемесін құру, мемлекеттік радио мен теларналарды орталықтандыру, жекеменшік таратылымға рұқсат ету жолға қойылады. 1984 жылы баспасөзге қаржы шектеліп, плюрализм туралы заң қабылданды. Бір тұлғадағы капитал концентрациясы 10 пайыздан аспауы шектеледі. Заң таралым, жылдық қаржылық есеп беру, негізі акционерлердің тізімі, акцияның 20 пайызын сату туралы ақпарат беру сияқты мәселелерді қамтиды. Париждегі ірі топтар мен баслымдардың 10 пайыз ұлттық және 10 пайыз аймақтық таралымнан арттыра алмады. Оңшыл партия бөлімі жеңіске жетіп, Жан Ширак басқарған оңшыл үкімет құрылады. Оңшылдар билікке келіп ұлтшылдық саясаты тоқтатылып, соның ішіндегі жарнама агенттігі «Гавас» 1945 жылдан бері ұлтшылдық саясатты ұстанған болатын және оған бірнеше қаржылық ұйымдар БАҚ-пен байланыс орнатқан «Париба» мен «Банк де Суэцпен» кірген еді. Алайда тым алысқа апарған жағдайлар 1986 жылы осы заңның нәтижесінде туындады. Ол Франция территориясында жекеменшік телераналарға рұқсатетіліп, «1арна» «ТФ-1-» жекеменшікке беріледі. БАҚ концентрациясын 10-20 пайызға көтерді. Коммерциялық радио мен телеарналардың пайда болуынан бәсекелестік артып, ақпарат саласында капитал тұрақтылығын нығайту үрдісі күшйе түсті. Франциядағы БАҚ концентрациясы мемлекетке тән емес өзгерістер әкелді. Отбасылық (кландық)ақпарат мекемелері жойыла бастады. Меншік иелерінің акционерлік пішіні бекітіліп, акционерлік пішін капиталды бұрынғысынан да жылдамдатады. Капитал тұрақтылығына ықпал етеді. «Ашетт», «Гавас», «ТФ-1», «Экспансьон», «Коммуникасьон» ақпарат агенттіктерінің басшыларының ұлты француздар болды. 1980 жылы Француз БАҚ-тары мультимедиялық ақпараттық мекемлердің өмірге келуімен көзге түсті. Бір жағынан тік және көлденең концентрация сақталды, екінші жағынан - газет-журналдардың дәстүрлі шығарушылары мемлекеттік монополия жойылысымен өз капиталын радио мен телеарналарға салды. Бұл мультимендияның пайда болуына әкелді. өндіріс орындары да баспасөзге, радио мен телеарналарға капитал салып отырды. Мысалы, «Матра» электронды құралдарды шығаратын фирма «Ашетт» тобының акциясын иеленді. Бұл кезеңдегі БАҚ-тағы негізгі құбылыс – қаржылық капиталдың пайда болуы. Үлкен банктер мен компаниялар БАҚ-тың  кейбір салаларын иеленіп отырды. БАҚ-та орта өндіріске қарғанда қаржылық өсу жылдамдығы жоғары болды. Сондықтан да аудиовизуалдықұралдарға капитал салу банктер үшін көп пайда әкеледі. 1986 жылы басталған жекешелендіруді Экономика министрі Э.Балладюр басқарды. 1993 жылы ол қалыптасудың екінші кезеңінде Француз үкіметін басқарды. Францияның өндіріс орындары, банктер, сақтандыру мекемелері «Мэрдок», «Берлускон», «Бердельсмен» сияқты ақпараттық ортамен бәсекеге түсті. Француздардың қоғамдық пікірі сияқты ақпараттық ортамен бәсекеге түсті. Француздардың қоғамдық пікірі жекешелендіруді алғашында қабылдамады, кейіннен қолдаурға ие болды. Ол ең алдымен «ТФ-1» арнасын жекешелендірумен байланысты еді. Радио мен телеарналарға мемлекеттік монополия бағдарламаларының сапасына септігін тигізген бәсекелестікті арттырды. Жекешелендіру техникалық өсім мен таралым сапасына ықпал етті. БАҚ капиталы интернационалдық, ұлттық үлгідегі жаңа БАҚ пайда болды. Қарсылықтың ішкі еуропалық үлгісінің болуына қарамастан қоғамдық тенденция экономикалық интеграциялық туғызды. Интеграция шеңберінде ақпарат агенттігінің капиталы өсті. «Ашетт», «Гвас», «Эрсан» сияқты ұйымдар антимонополиялық заңдар негізінде кедергіге тап болады. 1980 жылдың аяғында «Эко» атты экономикалық күнделікті газет «Пирсен Логман» ағылшын тобына өтті. Оны «Файненшинал таймз» шығарып отырған. 1990 жылдың басында инвесторлар француз баспагерлерін ығыстырып шығарды. Бұрынғы француз журналдары сатылып, жаңалары пайда бола бастады. Сол кездері француз «Каналы» өз қызыметін жандандыра түсті. Меңдігүл Шындалиева "Шетел журналистикасы"
10.09.2013 04:15 12047

Соғыстан кейін алғашқы кездері бостандыққа шыққаннан кейін Француз баспасөзі Италия газеттерінің кебін киді,яғни, бірінші кезеңде баспасөз бен радио кеңестік әскердің қолында болды. Оккупанттар мен коллабориционистермен байланыс орнатқан көп газеттер жабылып қалды. Олар босағаннан кейін ескі атаумен шыға береді, немесе бұрынғы нөмірін жаңа атаумен бастайды. Сонымен қатар соғыстан кейінгі жылдаы біраз жаңа басылымдар пайда болды. Оның бірқатары бұған дейін заңсыз шығып отырған, ал қалған бөлігі енді жарық көрген басылымдар еді.  Францияда дәл осы кезде «Жаңа баспасөз» пайда болды. Ол көп жағдайда бостандыққа шыққаннан кейін жаңа қозғалысты қамтыған эйфориямен байланысты шықты. Бұл кездері Францияда крммунистер мен социалистер партиясы біршама танымал болып, олардың қызығушылығы мен солшыл бағыттың әрекеті нәтижесінде жаңа басылымдар шыға бастады. Олар баспасөзді саяси партия мен қаржылық-өндірістік капиталдан тәуелсіз етуге талпынды, бірақ бұл кезең ұзаққа созылмады. 1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдың басында Франция саясатының өзгеруіне байланысты саясаттың проатлантикалық қозғалысқа енуі, соғысқа қатысып отыруы, «Жаңа баспасөздің» бірқатарының жабылуына ықпал етті. Мұндағы басты мәселе қаржы болды. Сауда саласында бұл баслымдар өз тәуелсіздігін сақтап қала алмады, немесе мүлдем жабылып қалса да кейіннен дәстүрлі баслымға айналып кеткендері аз.

1980-1990  жылдары Францияда бұқаралық ақпарат құралдары 1970 жылдарға тән болған тенденцияны сақтап қалды. Ең алдымен ол жекеменшік баслым иелерінің арасындағы және бір типтес БАҚ арасындағы бәсекелестікке байланысты болды. 1980-1990 жылдары «Ашетт», «Гавас», «Эрсан» атты топтардың экономикалық дамуы артып, басқа да ұйымдар жетіліп, тұрақтала бастайды. Францияға тән емес жағдайлар туындап, капиталдың интернационалдануы, ұйымның жекешелендірілуі, жарнама табысының нәтижесіндегі газет, журналдардың таралымы жақсарады. Радио мен телеарналар мемлекеттік, жекеменшікке болып бөлінуі оң қадамға бастайды. Бұл оқиғалардың барлығы мемлекет ішіндегі саяси өзгеріспен тұспа-тұс келді. 1981-1988  жылдары Призидент сайлауында Миттеран басқарған француз социалистерінің жеңіске жетеді.

Францияда 1981 жылы солшыл күштердің сайлауында жеңіске жетуі жаңа саяси жағдайға алып келді. Алғашқы жылдары бірнеше реформа жүргізіліп, әлеуметтік-экономикалық салаға көп мән беріле бастайды. Ұлттық спектр артып, жұмыс аптасы қысқартылып, зейнетақы көбейіп, жалдамалы жұмысшылардың құқығы қорғалып, үлкен иеліктерге салық салу жүйесі енгізіледі. Социалистер Францияда шығыс социалистерінен біршама ерекшеліктерін тәжірибелер жүргізуге талпынады. Франция азат етілгеннен кейін қуатты, әрі танымал арналар мемлекет қарамағына көшіріледі. Мемлекет аудиоввизуалды таратылымда монополистік бағытты ұстанып, оның қызметін «Франц-Пресс» ақпарат агенттігі, «Гавас» жарнама агенттігі және «Софирад» радиостанциясының басқарушылары бақылап отырады. Социалистер өздерінің ең маңызды мақсатының бірі ретінде аудио-визуальды реформаны жасайды. БАҚ туралы жаңа заң 1983 жылы шілде айында қабылданып, онда монополия түсінігінің аты да аталмайды. Негізгі енгізген өзгерісі – аудто-визуальды компалиярдың үлкен мекемесін құру, мемлекеттік радио мен теларналарды орталықтандыру, жекеменшік таратылымға рұқсат ету жолға қойылады.

1984 жылы баспасөзге қаржы шектеліп, плюрализм туралы заң қабылданды. Бір тұлғадағы капитал концентрациясы 10 пайыздан аспауы шектеледі. Заң таралым, жылдық қаржылық есеп беру, негізі акционерлердің тізімі, акцияның 20 пайызын сату туралы ақпарат беру сияқты мәселелерді қамтиды. Париждегі ірі топтар мен баслымдардың 10 пайыз ұлттық және 10 пайыз аймақтық таралымнан арттыра алмады. Оңшыл партия бөлімі жеңіске жетіп, Жан Ширак басқарған оңшыл үкімет құрылады. Оңшылдар билікке келіп ұлтшылдық саясаты тоқтатылып, соның ішіндегі жарнама агенттігі «Гавас» 1945 жылдан бері ұлтшылдық саясатты ұстанған болатын және оған бірнеше қаржылық ұйымдар БАҚ-пен байланыс орнатқан «Париба» мен «Банк де Суэцпен» кірген еді.

Алайда тым алысқа апарған жағдайлар 1986 жылы осы заңның нәтижесінде туындады. Ол Франция территориясында жекеменшік телераналарға рұқсатетіліп, «1арна» «ТФ-1-» жекеменшікке беріледі. БАҚ концентрациясын 10-20 пайызға көтерді. Коммерциялық радио мен телеарналардың пайда болуынан бәсекелестік артып, ақпарат саласында капитал тұрақтылығын нығайту үрдісі күшйе түсті. Франциядағы БАҚ концентрациясы мемлекетке тән емес өзгерістер әкелді. Отбасылық (кландық)ақпарат мекемелері жойыла бастады. Меншік иелерінің акционерлік пішіні бекітіліп, акционерлік пішін капиталды бұрынғысынан да жылдамдатады. Капитал тұрақтылығына ықпал етеді.

«Ашетт», «Гавас», «ТФ-1», «Экспансьон», «Коммуникасьон» ақпарат агенттіктерінің басшыларының ұлты француздар болды. 1980 жылы Француз БАҚ-тары мультимедиялық ақпараттық мекемлердің өмірге келуімен көзге түсті. Бір жағынан тік және көлденең концентрация сақталды, екінші жағынан - газет-журналдардың дәстүрлі шығарушылары мемлекеттік монополия жойылысымен өз капиталын радио мен телеарналарға салды. Бұл мультимендияның пайда болуына әкелді. өндіріс орындары да баспасөзге, радио мен телеарналарға капитал салып отырды. Мысалы, «Матра» электронды құралдарды шығаратын фирма «Ашетт» тобының акциясын иеленді.

Бұл кезеңдегі БАҚ-тағы негізгі құбылыс – қаржылық капиталдың пайда болуы. Үлкен банктер мен компаниялар БАҚ-тың  кейбір салаларын иеленіп отырды. БАҚ-та орта өндіріске қарғанда қаржылық өсу жылдамдығы жоғары болды. Сондықтан да аудиовизуалдықұралдарға капитал салу банктер үшін көп пайда әкеледі. 1986 жылы басталған жекешелендіруді Экономика министрі Э.Балладюр басқарды. 1993 жылы ол қалыптасудың екінші кезеңінде Француз үкіметін басқарды. Францияның өндіріс орындары, банктер, сақтандыру мекемелері «Мэрдок», «Берлускон», «Бердельсмен» сияқты ақпараттық ортамен бәсекеге түсті. Француздардың қоғамдық пікірі сияқты ақпараттық ортамен бәсекеге түсті. Француздардың қоғамдық пікірі жекешелендіруді алғашында қабылдамады, кейіннен қолдаурға ие болды. Ол ең алдымен «ТФ-1» арнасын жекешелендірумен байланысты еді.

Радио мен телеарналарға мемлекеттік монополия бағдарламаларының сапасына септігін тигізген бәсекелестікті арттырды. Жекешелендіру техникалық өсім мен таралым сапасына ықпал етті. БАҚ капиталы интернационалдық, ұлттық үлгідегі жаңа БАҚ пайда болды. Қарсылықтың ішкі еуропалық үлгісінің болуына қарамастан қоғамдық тенденция экономикалық интеграциялық туғызды. Интеграция шеңберінде ақпарат агенттігінің капиталы өсті. «Ашетт», «Гвас», «Эрсан» сияқты ұйымдар антимонополиялық заңдар негізінде кедергіге тап болады. 1980 жылдың аяғында «Эко» атты экономикалық күнделікті газет «Пирсен Логман» ағылшын тобына өтті. Оны «Файненшинал таймз» шығарып отырған. 1990 жылдың басында инвесторлар француз баспагерлерін ығыстырып шығарды. Бұрынғы француз журналдары сатылып, жаңалары пайда бола бастады. Сол кездері француз «Каналы» өз қызыметін жандандыра түсті.

Меңдігүл Шындалиева

"Шетел журналистикасы"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға