Жаңалықтар

Астанада көкпардан І Ашық Азия чемпионаты өтеді

Астанада 10-15 қыркүйекте «Қазанат» атшабарында көкпар қазақ ұлттық ойыны бойынша І Ашық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды astana.kz.  Онда 8 мемлекеттен келген командалар Азия чемпионы титулын сарапқа салады. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қырғызстан, Монғолия, Түркия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері қатысады.  «Чемпионатты 2 жылда бір рет өткізу жоспарланған. Екі жылдан кейін көкпардан Азия чемпионатын ұйымдастыруға Түркия елі ниет білдіріп отыр. Әрине, бұл дауыс беру арқылы шешіледі. Бірақ Түркияның аталған чемпионатты өткізуге барлық мүмкіндігі бар. 2017 жылы «Экспо - 2017» халықаралық көрмесінің қарсаңында біз Азия чемпионатын қайтадан Астанада өткізбекпіз. Оған дейін көкпар ойыны Қазақстанда жақсы дамитын болады», - деді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан. Көкпар ойынының ережесіне сәйкес, команда он салт аттыдан құралады, алайда алаңда төрттен-төрт әдісі бойынша ойнайды. Ойын 20 минуттан құралған 2 таймнан тұрады, әрі ұзындығы 200, ені 80 метрге жалғасқан алаңда өткізіледі. Екі шетінде диаметрі 3,6 метр және биіктігі 1,5 метр болатын отау орнатылады. Ойыншылардың басты тапсырмасы - жердегі лақтың терісін алып, алаң бойымен жүгіріп өтіп, қарсыластардың отауына салу. Қазақстанда командалық ат спортының бұл түрі 1998 жылдан бері белсенді насихатталып, дамып келеді. BNews.kz
10.09.2013 03:08 2723

Астанада 10-15 қыркүйекте «Қазанат» атшабарында көкпар қазақ ұлттық ойыны бойынша І Ашық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды astana.kz. 

Онда 8 мемлекеттен келген командалар Азия чемпионы титулын сарапқа салады. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қырғызстан, Монғолия, Түркия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері қатысады. 

«Чемпионатты 2 жылда бір рет өткізу жоспарланған. Екі жылдан кейін көкпардан Азия чемпионатын ұйымдастыруға Түркия елі ниет білдіріп отыр. Әрине, бұл дауыс беру арқылы шешіледі. Бірақ Түркияның аталған чемпионатты өткізуге барлық мүмкіндігі бар. 2017 жылы «Экспо - 2017» халықаралық көрмесінің қарсаңында біз Азия чемпионатын қайтадан Астанада өткізбекпіз. Оған дейін көкпар ойыны Қазақстанда жақсы дамитын болады», - деді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан.

Көкпар ойынының ережесіне сәйкес, команда он салт аттыдан құралады, алайда алаңда төрттен-төрт әдісі бойынша ойнайды. Ойын 20 минуттан құралған 2 таймнан тұрады, әрі ұзындығы 200, ені 80 метрге жалғасқан алаңда өткізіледі. Екі шетінде диаметрі 3,6 метр және биіктігі 1,5 метр болатын отау орнатылады. Ойыншылардың басты тапсырмасы - жердегі лақтың терісін алып, алаң бойымен жүгіріп өтіп, қарсыластардың отауына салу. Қазақстанда командалық ат спортының бұл түрі 1998 жылдан бері белсенді насихатталып, дамып келеді.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға