Жаңалықтар

Интернетте сыбыс таратқандар жазаланатын болды

Қытайда енді интернет арқылы расталмаған ақпарат таратқандар жазаланатын болды. Жаңа заң бойынша ел тыныштығын бұзған юзерлер тіпті түрмеге де қамалуы мүмкін. Аталған құжатқа сәйкес, егер ел азаматы жалған ақпарат жарияласа және ол қоғамда қызу пікірталас тудырса оны жала жапты деген айыппен соттайды. Интернет бетінде жарияланған осындай өтірік мәліметті кем дегенде 500 адам оқыды деген жағдайда автор үш жылға дейін бас бостандығынна айрылуы мүмкін. Мұндай заңды қолданысқа енгізуін биліктегілер елдің тыныштығы үшін деп отыр. Baq.kz
10.09.2013 03:04 3161

Қытайда енді интернет арқылы расталмаған ақпарат таратқандар жазаланатын болды. Жаңа заң бойынша ел тыныштығын бұзған юзерлер тіпті түрмеге де қамалуы мүмкін.

Аталған құжатқа сәйкес, егер ел азаматы жалған ақпарат жарияласа және ол қоғамда қызу пікірталас тудырса оны жала жапты деген айыппен соттайды.
Интернет бетінде жарияланған осындай өтірік мәліметті кем дегенде 500 адам оқыды деген жағдайда автор үш жылға дейін бас бостандығынна айрылуы мүмкін.
Мұндай заңды қолданысқа енгізуін биліктегілер елдің тыныштығы үшін деп отыр.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға