Жаңалықтар

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы біздің балабақшада эқсперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді. «Өзін-өзі тану» пәні — баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді. Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үйлесіне тимек. Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде «Өзін-өзі тану» курсының ерекше. Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу — әдістемелік кешен «Өзін-өзі тану» курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтардың негізгі құрылымдары «Амандасу рәсімі», «Шаттық шеңбері», «Көңіл күйді көтеру» сабақтың негізгі мазмұны «Сергіту сәті», «Тыныштық сәті»,«Ойын», «Дәйексөз», «Шығармашылық тапсырма» ұжымдық жұмыс, дәптермен жұмыс, жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады. Сабақтың негізі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығулар қолданылды. Мұның маңызы баланың мораль ұғымын, оны бағалауын, жалпы адамгершілік қасиеттерге қатынасын дамытудан тұрады. Жұмыс дәптерінде берілген шығармашылық тапсырмалар педагог пен ата-аналардың арасындағы өзіндік бір тығыз қарым-қатынас орнатуға бағытталған жұмыстың бір қыры болып табылады. Мысалы: «Отбасы» аялдамасында тақырыбында ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған «Менің отбасым»газетінде баланың сәбилік шағынан, ересек жасына дейінгі және ата-анасы, туысқандарының фото суреттері жапсырылған. Бұл газеттер арқылы балабақша мен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық нығая түседі, балаға деген ата-ана жауапкершілігі артады, ата-аналар бала тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста болады. Бір сөзбен айтқанда отбасы мен балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады, толықтырады. 8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қатысты. Олар анаға байланысты мақал-мәтелдер жаттады. «Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» — демекші қыздарымыз түйме тігіп, өз шеберліктерін көрсетті.
09.09.2013 10:30 16210

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы біздің балабақшада эқсперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.

«Өзін-өзі тану» пәні — баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.

Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үйлесіне тимек.

Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде «Өзін-өзі тану» курсының ерекше.

Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу — әдістемелік кешен «Өзін-өзі тану» курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтардың негізгі құрылымдары «Амандасу рәсімі», «Шаттық шеңбері», «Көңіл күйді көтеру» сабақтың негізгі мазмұны «Сергіту сәті», «Тыныштық сәті»,«Ойын», «Дәйексөз», «Шығармашылық тапсырма» ұжымдық жұмыс, дәптермен жұмыс, жүректен-жүрекке шеңберінен тұрады.

Сабақтың негізі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығулар қолданылды. Мұның маңызы баланың мораль ұғымын, оны бағалауын, жалпы адамгершілік қасиеттерге қатынасын дамытудан тұрады.

Жұмыс дәптерінде берілген шығармашылық тапсырмалар педагог пен ата-аналардың арасындағы өзіндік бір тығыз қарым-қатынас орнатуға бағытталған жұмыстың бір қыры болып табылады.

Мысалы: «Отбасы» аялдамасында тақырыбында ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған «Менің отбасым»газетінде баланың сәбилік шағынан, ересек жасына дейінгі және ата-анасы, туысқандарының фото суреттері жапсырылған. Бұл газеттер арқылы балабақша мен отбасы арасындағы байланыс, ынтымақтастық нығая түседі, балаға деген ата-ана жауапкершілігі артады, ата-аналар бала тәрбиесіне педагогпен тығыз қарым-қатынаста болады. Бір сөзбен айтқанда отбасы мен балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады, толықтырады.

8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қатысты. Олар анаға байланысты мақал-мәтелдер жаттады.
«Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» — демекші қыздарымыз түйме тігіп, өз шеберліктерін көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға