Сарыбаев Шора
Сарыбаев Шора Шамғалиұлы 1925 жылы Ташкент қаласында туылған. Тіл білімі маманы, филология ғылыми докторы (1974), проф. (1979), ҚР ҰҒА-ның акад. (1983), Қазақстанның еңб. сің. ғылым қайраткері (1985). ҚазМУ-ды (1950), оның аспирантурасын (1953) бітірген. 1954 — 95 ж. А.Байтұрсынұлы атынд. Тіл білімі ин-ты қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы бөлімінің меңгерушісі (1954 — 60, 1967 — 95), ин-т директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 1995 жылдан осы ин-ттың бас ғыл. қызметкері. Ғыл.-зерттеу еңбектері диалектология, морфология, лексикология, лексикография, библиография, тіл тарихы, аударма, есімнама, алтаистика мәселелеріне арналған. 250-ден астам ғыл. мақалалар мен оқулықтары, монографиялары жарық көрген. Сарыбаев проф. С.Аманжоловтың тілдегі диалектілерді топтау теориясын әрі қарай дамытты, диалектология саласындағы терминдердің қалыптасуына атсалысты. “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін” (1966), “Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін” (1969), “Жаңа атаулар сөздігін” (1992) құрастырушылардың бірі. “Қазақтың аймақтық лексикографиясы” (1976) монографиясы — түркітану ғылымында аймақтық лексикография теориясына арналған алғашқы еңбек. Сарыбаев “Қазақ тіл білімінің библиографиялық көрсеткіші” атты 6 томдық (1-т. 1965; 2-т. 1971; 3-т. 1977; 4-т. 1982; 5-т. 1987; 6-т. 1994) еңбегі арқылы қазақ тіл білімінің тарихын зерттеу ісіне зор үлес қосты. Ол “Түркітану әдебиетінің библиографиясын” (1989) бастырып шығарды. Қазақ тіл білімі саласында қорғалған 1000 канд., докт. дисс-ның библиогр. көрсеткішін құрастырды (2000). Ол 1965 ж. АҚШ-тағы Гарвард корпорациясының мүшелігіне сайланған, ГФР-да (1975), Түркияда (1994) өткен халықар. конгресс, конференцияларда баяндамалар жасаған. Сарыбаев “Құрмет” орденімен марапатталған.
Шығармалары
- Междометие в казахском языке, А., 1959;
- Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер, А., 1960;
- Современный казахский язык, А., 1962 (телавт.);
- Қазақ тілінің грамматикасы, А., 1966 (телавт.);
- Қазақ диалектологиясы, А., 1967 (телавт.);
- Қазақ, моңғол тілдерінің туыстығы жайлы, А., 1967;
- Монгольско-казахские лексические параллели, А., 1971;
- Қазақ тілінің тарихи грамматикасы, А., 1975 (телавт.);
- Казахская региональная лексикография, А., 1976;
- Қазақ тіліндегі аймақтық лексика, А., 1989 (телавт.);
- Қазақ тіл білімі мәселелері, А., 2000;
- Қазақ тілінің аймақтық сөздігі, А., 2005 (телавт.).