З.Шәукенова: Бұрыннан белгілі тарихи деректерді қайта түсіндіру қажет
Оның сөзіне қарағанда, біз өзге елдерден үлгі алып, тарих ғылымында терең зерделеу әдісін пайдалануға тиіспіз.
«Қытай кинематографистері түсірген 30 бөлімнен тұратын Шыңғыс хан туралы фильмді мысалға алуға болады. Оның ізінше ресейлк нұсқасын Сергей Бодров жарыққа шығарды. Яғни, Шыңғыс хан тұлғасы әлі күнге дейін толық ашылмаған күйі қалып отыр. Бірақ қытай кинематографы Шыңғыс ханның өмір жолына терең үңілген. Өйткені бұл актерлердің ғана қажырлы еңбегі емес. Фильмде бізге қайта құрылымдалған тарихи уақытты ұсынады», - деп атап өтті З.Шәукенова.
Сондай-ақ З.Шәукенова қазақстандықтар да бұл бағытта жұмыс істеп жатқанын атап өтті. «2005 жылы экранға шыққан «Көшпенділер» фильмі соған дәлел» деді ол.